Қоғам

ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫ МЕН СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕГІ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК-2

АЯҚ-ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫ. КӨЛІКТІК ИММОБИЛИЗАЦИЯ

Төтенше жағдайлар кезінде аяқ-қол сынығы әрқашан көп кездеседі. Әрі олар бас, кеуде, жамбас сияқты басқа да мүшелердің зақымданумен қатар келіп, ұзақ уақыт қысылу синдромынан зардап шегушілер арасында тіркеледі.

Аяқ-қол сүйегінің сынуы. Сүйек сынған жерде терінің тұтастығына зақым келмейтін жабық және терінің тұтастығы бүлінетін, сынық пен сыртқы ортаның арасы анық көрінетін ашық түрі бар. Ашық сынық жараға патогендік микробтардың түсуі салдарынан асқынудың орын алуы мүмкіндігінен қауіпті болып есептеледі.

Сынық сызығының орналасауына қарай жіліктің ортаңғы бөлігінің сынуы (диафизарлық сынықтар) және оның шетінің (эпифизарлық сынықтар) сынуы болып екіге бөлінеді. Балалық және жеткіншек жаста сынық сызығы буынға қарай жақын тұстағы шеміршектің бойынан өтетін сынықтар болуы мүмкін.

Жарақаттық күш, бағыты мен орналасуына байланысты сынық сызығы сүйек осіне көлденең (көлденең сынықтар), қиғаш (қиғаш сынықтар) немесе спираль тәрізді (спираль немесе білік тәрізді) деп бөлінеді. Сүйектің иілуіне қарай жарықшақтанған сынық болуы да мүмкін.

Сынықтың сипаты опырылған сүйек бөлігінің орнынан қозғалып кетуіне қарай да анықталады:

  • бойлық, бұл жағдайда перифериялық бөлігі орталық бағытқа қарай қозғалып, оның үстіне шығып, қабатталып тұрады;
  • көлденең немесе бүйірлік, бұл жағдайда сынған бөлік көлденең жазықтықтың бойымен қозғалады;
  • бұрыштық, онда перифериялық бөлік бұрыш жасап сүйектің осьтік сызығынан алшақтап, орталық бөлікпен қосылу арқылы сы- ртқа қарай ашылған бұрыш түзейді;
  • перифериялық немесе осьтік, мұнда перифериялық бөлік «бұрау» механизмімен сүйек осьінің бойымен қозғалады.

Сүйектің сынған бөлігінің қозғалып кетуі бір жағынан жарақаттық күштің тікелей әсер етуінен болады және оның бағытымен анықталады. Екінші жағынан сүйек бөлігі орталық және перифериялық бөліктерге бекітілген бұлшық ет күшінің салдарынан да орынын ауыстырады. Сондықтан сынықтың орнынан қозғалып кету дәрежесі мен сипаты көп жағдайда сүйек сынығының деңгейі мен бұлшық еттік тартылу күшіне байланысты.

Аяқ-қол сүйегінің сынуы сүйек тінінің бұзылуына ғана әкеп соқпайды. Бұл кезде сүйек қабығы жарылып, ажырайды да, содан барып сүйекке қажетті қоректік заттар бармайды және ашық сынықтар кезінде бөгде заттардың жарақаттың бетіне түсуінен жұқпалы аурулардың өршуіне жол ашады.

Сүйектің сынығы әдетте ұштары өткір келіп, орнынан жылжыған сайын маңайындағы бұлшық еттерді мыжып тастайды. Зақым келген бұлшық еттік қан тамырларынан қан сорғалап, ол сынықтың немесе бұлшық еттік кеңістіктің бойымен ағады (бұлшық еттік гематома). Жарақатқа реакция түрінде мертіккен тұс пен оның маңайы іседі және ол бұлшық ет аралық гематомамен қосылып, сынған мүшенің көлемін едәуір ұлғайтады. Ұсақ сынықтардың көп болуы мен олардың орнынан тым қозғалып кетуі жұмсақ тіндерді одан сайын зақымдап, оған байланысты асқынуларды да арттыра түседі.

Көліктік иммобилизация жоқ немесе жеткіліксіз болғанда сынық тоқтаусыз қозғалып, маңындағы тіндердің жүйке ұштарында тітіркену туғызады. Бұл жарақаттанған адамда ауру сезімін туғызып, жарақаттық шоктың басталуына әкеп соғады.

Сүйек сынығының өткір ұштары маңындағы ірі қан тамырларын тесіп, жыртып жіберуінен қан кетуі күшейіп, зақымданған мүшеде қан айналымы процессін бұзып, тіпті оны жансыздандыруы мүмкін. Сынықтың  ұштары жүйкені жартылай  немесе толықтай зақымдап, кейін соның салдарынан сезімталдығы мен қозғалыс қызметі бұзылады. Сонымен қатар сынықтың бөлігі теріні ойып жібе- руінен жабық сынық ашық сыныққа ұласатын жағдайдар кездеседі. Ашық сынықтар көбінесе сүйек пен оның бойындағы сүйек кемігін- де іріңді қабыну басталуынан жара асқынып, остеомиелитке душар болады.

Аяқ-қол сүйегі сынығының ауыр асқынуы майлы эмболия болып табылады. Бұл дегеніміз сүйек кемігіндегі май тамшылары қан ай- налымы жүйесіндегі тамырларды бітеп тастауын білдіреді.

Аяқ-қол сынығының нышандары тек сыныққа ғана тән нақты белгілер және басқа да жарақаттарды білдіретін салыстырмалы бел- гілер деп екіге бөлінеді.

Нақты белгілерге мыналар жатады:

  • ашық сынық сүйегі сыртқа шығып тұрған немесе түпкі жағынан анық көрінетін сынықтар;
  • сүйектік бөліктердің бойлық сыну сызығымен айтарлықтай қозғалып кетуі салдарынан аяқ-қолдың қысқаруы;
  • сүйек бөліктерінің бұрыштық қозғалуының салдарынан аяқ- қолдың деформациялануы; бұл әсіресе жіліншік және тоқпан жіліктің сынуына тән;
  • жарақаттанған жерде сынған сүйек бөліктерінің патологиялық қозғалмалылығы; бұл белгінің көрінісі төмендегідей: сынықты анықтаушы адам бір қолымен жарақаттанған мүшенің орта тұсын ұстап, екінші қолымен сәл жоғарыға көтереді немесе оның перифериялық бөлігін екі жаққа қарай ашады; буыннан тыс жердегі қозғалыс сүйектің сынғанының дәлелі;
  • сынған сүйек бөліктерінің сықырлауы (сүйектің сықыры); бұл да алдыңғы тәсілмен анықталады; сынған бөліктер қозғалысқа түскенде қарды басқандай немесе қайнап жатқан судың бүлкіліне ұқсас дыбыс шығады.

Сүйек сынуының салыстырмалы белгілеріне келесілер жатады: бұлшық ет аралық және тері астындағы гематомадан жарақат алған жердің ісіп тұруы; пальпация жасағанда сынуы мүмкін тұста ауырудың күшеюі; зақымданған жердің қозғалысы шектелуі немесе мүлдем қозғала алмаудан қалыпты қызметінің бұзылуы.

Осылайша, зардап шегушіні алғаш рет тексерген кезде жоғарыда аталған нақты белгілердің тым болмағанда біреуі байқалса, сүйектің сынуы диагнозы еш күдік туғызбауы керек. Нақты белгілері байқалмаса, я болмаса олардың шынайылығына күманданған жағдайда нақты диагноз қою үшін жарақаттың барлық жанама белгілері кешенді түрде қарастырылады: қатты ауыру, жарақат алған жердің домбығып, ісіп кетуі, жарақаттанған мүшені қозғаудың ауыру сезімін туғызуы.

Бастапқы медициналық тексеру мен алғашқы көмек жарақат алған жерде көрсетіледі.

Ашық сынық немесе жарақаттан қан сорғалап жатса қан тамырын саусақпен басып тұрып, стандартты немесе қолдан жасалған жгутты ширату әдісімен салады. Сосын оның үстін таңып, көліктік иммобилизация жасалуы керек немесе зардап шеккен адам шұғыл түрде емдеу мекемесіне жіберіледі.

Қан сорғалап жатпайтын ашық сынықта жарақаттың беті асептикалық таңғышпен жабылады. Әрі жарақаттанған мүшеден киімді толықтай шешпей-ақ, жараға тиіп тұрған тұсын ғана қиып тастаса жеткілікті.

Бұдан әрі тексеру жарақаттың симптомдары мен белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Қолы жарақаттанған адамды тексеру егер жағдайы қалыпты бол- са отырған күйде жүргізіледі. Ал аяғы сынған адамды жатқызып барып тексеруге болады. Барлық жағдайда да зардап шегушіні екі адам бірлесіп тексергені қолайлы: бірі зақымданған мүшені жоғары көтеріп және ұстап тұрса, екіншісі тексереді.

Зақымдану белгілерін анықтауға бағытталған барлық манипуля- ция абайлап және байыппен жасалады. Қосымша жарақат туғызбау мақсатында зардап шеккен жердегі киім мен аяқ қиімді шешпейді. Майысқан сүйекті толықтай түзеуге тырысудың қажеті жоқ, тек баяу қозғау арқылы шамалы жөнге келтірсе болғаны. Ашық жарақат кезінде сүйектің сыртқа шығып тұрған тұсын жараға қарай итеруге болмайды. Сынықтың барлық белгілерін анықтауға тырыспай-ақ, бір ғана нақты белгісі болғаны жеткілікті.

Тексеріп жатқан адам аяқ-қолдың перифериялық бөлігіндегі терінің түсі мен температурасына міндетіт түрде көңіл аударуы тиіс. Терінің бозаруы, сол жердің температурасы мен сезімталдығының төмендеуі орнынан қозғалып кеткен сынған сүйек бөлігінің магистралдық қан тамырын қысып тұруынан немесе тінаралық гематоманың қысымынан болған қан айналымының бұзылуының айғағы болып табылады. Мұндай жағдайда зардап шегуші көліктік иммобилизациядан соң шұғыл түрде емдеу мекемесіне жеткізілуі тиіс.

Көліктік иммобилизация. Аяқ-қол сүйегінің сынуы кезінде көр- сетілетін алғашқы медициналық көмектің негізгі элементі — көліктік иммобилизация, мұны зардап шеккен адамды оқиға орнынан емдеу мекемесіне жеткізгенге дейін сынған тұстың қозғалмауын қамтамасыз етуге бағытталған шара деп түсіну керек.

Аяқ-қол сүйектерінің сынуымен қатар буынның, жұмсақ тіндердің ауқымды бөлігінің зақымдануы, магистралдық қан тамырлары мен жүйкеге зиян келуі, күйік аумағының үлкендігі мен ұзақ уақыт қысылу синдромы кезінде де көліктік иммобилизация жаса- лады.

Көліктік иммобилизацияға арналған құралдар стандартты немесе көліктік, шиналар, сондай-ақ күнделікті болып бөлінеді. Соңғысына көліктік иммобилизация үшін қолда бар құралдарды пайдалану арқылы жасалған материалдар жатады. Қалың ағаш тақтайшалар мен білте тақтайшалар, қалың картон мен тағы да басқа заттарды бұл мақсатқа қолданған ыңғайлы.

Күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттар мен еңбек құралдарын (таяқ, шаңғы, күрек және тағы басқалары) пайдаланудың қажеті жоқ. Көліктік иммобилизацияға қару-жарақ, металл бұйымдары немесе металл төсемелері жарамсыз.

Дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейін қолданылатын стандартты шиналардың ішінде ұзындығы 80 және 120 см болып келетін баспалдақты шиналар кеңінен таралған. Мұндай шиналарды тиісті қа- лыпқа келтіру оңай, өзі иілгіш және жеңіл дезинфекцияланады.

Төтенше жағдайлар кезінде толыққанды көліктік иммобилизация жасау мүмкіндігі айтарлықтай шектеледі. Сондықтан бастапқы медициналық көмек көрсету кезінде-ақ жоғарыда аталған қолда бар бұйымдарды қолдану арқылы өзіне және бір-біріне көмек көрсету жайын ескерген жөн.

Егер көліктік иммобилизацияға жарайтын материалдар табылмай жатса, қолды киімнің орауға келетін ыңғайлы бөліктерімен (белбеумен, бөкебаймен және т.б.) немесе бинтпен денеге бекітуге болады, ал аяқ жарақаттанса оны сүйегі сынбаған аяққа байлап бинтпен орайды.

Көліктік иммобилизацияның барлық түрінде келесі ережелер қатаң сақталуы тиіс:

  • зақымданған дене мүшесі жарақат алысымен бірден иммоби- лизациялануы керек; ол неғұрлым жылдам орындалса, зақымданған жердің тіндері соғұрлым аз зиян келеді және тиісінше ағзаның реакци- ясы да ауыр болмайды; дегенмен мынаны естен шығармау керек: бар- лық манипуляциялар алдын ала ойластырылған, тиянақты, байыппен, жұлқыламай орындалады; иммобилизация құралдарын орнату кезіндегі кез-келген тұрпайы қимыл зардап шеккен адамның жағдайын қиынта- тады;
  • иммобилизация алдында манипуляциялардан адам қиналмауы үшін ауруды басатын дәрі-дәрмек беру қажет;
  • ашық сынық жағдайында асептикалық таңғыш салынып, содан кейін ғана көліктік шина бинттеледі;
  • қан тоқтататын жгут салу қажеттігі туындаса, иммобилизация тұтастығын бұзбау үшін ол соңғы болып салынады;
  • егер зардап шегушіні суық мезгілде емдеу мекемесіне апару қажет болса, көліктік шина орнатылған жарақаттанған мүшенің үсіп қалмауының алдын алып, жылы бұйымдармен орап қояды.
  • бөлім
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close