Қоғам

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Экономика саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Ішкі тұрақтылықтың, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының, ауылды қайта өркендету, шағын бизнесті дамыту және кедейшілікті азайту мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуына орай Қазақстанда жұмыссыздықты азайту және ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін үлкен мүмкіндіктер жасалуда.

Нақтылы жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылды. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 10 жыл ішінде 4 есе дерлік өсті және 2004 жылы 2700 долларды құрады. 2008 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есеге өсіру болжанып отыр. Халықтың банктердегі салымдары шамамен республикалық бюджеттің 40 %-ына жуық жетті. Дүниежүзілік банктің сыныптамасы бойынша Қазақстан бүгінде табыс деңгейі орташа елдер тобына кіреді.

Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасында 3,7 млн. әйел жұмыс істейді, бұл жұмыс істейтіндердің жалпы санының 49 %-ын құрайды.

Қазақстан Республикасындағы кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың бас кезімен салыстырғанда, төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесін 17,4 %-ға, кедейшілік шегінен төмен өмір сүретіндердің үлесін 48,8 %-ға, жұмыссыздық деңгейін 9,3 %-дан 8,1 %-ға дейін кемітуге мүмкіндік береді.

«Микрокредиттік ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол осы ұйымдардың құқықтық жағдайын реттейді және құрылу тәртібін оңайлатады. Өткен 7 жыл ішінде ең аз қамтамасыз етілген азаматтарға микрокредит беру бағдарламасы бойынша 12 млрд. теңгеден астам сомаға 125 мыңға жуық микрокредит берілді. 2004 жылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы өтінішпен 282 мың жұмыссыз жүгінген, оның 142,8 мыңы – әйелдер (51 %), оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын әйелдер – 43,5 мың адам (30 %). Жұмысқа орналастырылғаны – 74,5 мың әйел (52 %), оның ішінде ауылдық жерлерде тұратыны– 21,6 мың (50 %). 79,9 мың жұмыссыз әйел (жалпы санының 59,5 %-ы) қоғамдық жұмыстарға қатысты. Қазіргі кезде әйелдер тіркелмейтін секторда тезірек жұмыс таба алады. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық» деп аталатындардың қатарында негізінен әйелдер басым, олар үшін сауда ─ бұл табыс табудың және бүкіл отбасы үшін күн көрудің бірден-бір көзі. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдердің үлесі әсіресе аграрлық секторда жоғары, онда бұл 60 %-ға жетеді.

Ерлер мен әйелдер арасында салалық және кәсіптік жағынан саралану еңбеккақы төлеу деңгейіндегі айырмашылыққа айтарлықтай ықпал етеді. Саладағы еңбекақының жоғары деңгейі онда ерлердің жұмыспен қамтылуының артуына және тиісінше әйелдердің еңбекақысы төмен қызмет салаларына ығыстырылуына әкеледі. Әйелдердің орташа айлық жалақысы 2004 жылы 21 мың теңгені (160 АҚШ долл.) құрады. Әйелдер мен ерлердің орташа еңбекақысының арақатысының төмендегені байқалады. Егер 1999 жылы әйелдердің орташа жалақысы ерлер жалақысының 67,6 %-ын құраса, ал 2004 жылы – 61,7 %-ын құрады. Бұл үрдіс тіпті экономиканың дәстүрлі «әйелдер» салаларында да (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызметтер көрсету саласы, мәдениет) сақталып отыр. 2004 жылы зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 1340,4 мың адамды құрады, соның ішінде әйелдер – 528,6 мың адам (39,4 %). Шағын кәсіпорындарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлердің ішінде әйелдердің үлес салмағы 34 %-ды, әйелдер басқаратын шаруа қожалықтарының үлесі 10 %-ды құрайды. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың саны 19,8 %-ды құрайды.

Маңызы жағынан елдің экономикалық дамуына құйылатын инвестициялардан кем түспейтін «адами капиталға» инвестицияларды мақсатты түрде ұлғайту келешектегі экономикалық жаңартудың аса маңызды алғышарты әрі гендерлік теңдік қағидаты негізінде жүзеге асырылатын ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлаудың қажетті шарты болып табылады. Әйелдерге қатысты кемсітудің кез келген нысандарын болдырмау қажеттілігін Ел басшылығының түсінуі. Негізінен әйелдер жұмыс істейтін салаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдау көрсете бастауы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіпкер әйелдерге арналған кредиттік желіні қолдауы. Әйелдердің экономикадағы белсенділігінің артуы. Әйелдерді экономикалық жағынан жоғарылатумен айналысатын әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарын құру мен дамыту.

Ерлер мен әйелдердің арасындағы ресурстарды бөлудегі біркелкіліктің болмауы. Әйелдер бірқатар әлеуметтік, мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге байланысты ерлерге қарағанда қиынырақ жағдайға тап болды. Әйелдердің кредит алуы қиын, себебі олардың көпшілігінің кепілге салатын мүлкі жоқ. Ерлермен салыстырғанда әйелдердің арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі әлдеқайда жоғары болуы және жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату кезіндегі жасырын түрдегі кемсітушілік. Ерлермен салыстырғанда әйелдердің арасындағы кедейліктің деңгейі әлдеқайда жоғары болуы. Әйелдерге ақысы төленбейтін үй жұмысының негізгі бөлігі жүктелген, сондықтан мансапқа, біліктілігін жоғарылатуға, өздігінен білім алуға олардың уақыты аз қалады. Біздің қоғам әйелдердің ақысы төленбейтін үй еңбегінің, соның ішінде бала күтімінің экономикалық құндылығын осы уақытқа дейін мойындамай келеді. Бюджетті жасау кезінде гендерлік әдістің болмауы. Экономикада гендерлік саясаттың жүзеге асырылуының нәтижелерін тіркеп отыратын гендерлік талдау мен гендерлік көрсеткіштердің болмауы.

Әйелдерді экономикалық жағынан ілгерілету жөніндегі ел басшылығы қабылдайтын шаралар және осы мәселе бойынша мемлекеттік саясаттың әзірленуі. Халықаралық ұйымдардың ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізу үрдістерін қолдауы. Үкіметтік емес ұйымдардың әйелдерді экономикалық жағынан ілгерілету мәселелері жөніндегі қызметін жандандыру. Түрлі келісімдер шеңберінде мамандарды шетелде және ТМД елдерінде даярлау мүмкіндігі. Әйелдерді экономикалық жағынан ілгерілету мәселелерімен айналысатын ұлттық, өңірлік және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату. Әйелдердің кредит алудағы мүмкіндіктерін кеңейту. Жоғары ақы төленетін өндірістік салаларға қажет болатын жаңа мамандықтар мен дағдыларға әйелдерді оқытып-үйрету.

Ерлердің кедей болу қатері жұмыссыздардың, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектердің арасында жоғары. Әйелдердің кедей болуына қатысты қатер тобын жалғызбасты аналар, мүгедек әйелдер, асырауында мүгедек балалары бар аналар және жұмыссыз әйелдер құрайды. Әйелдердің әлсіз бәсекелестік позициялары бірінші кезекте олардың ақы аз төленетін салаларда шоғырлануынан көрінеді. Жұмыс істейтін әйелдердің кедейшілігін ерлер мен әйелдердің экономика салалары мен мамандықтар, сондай-ақ позициялар мен лауазымдық саты бойынша біркелкі бөлінбеуі тереңдете түседі. Білім деңгейінің жоғары болуы жұмыс істейтін маман әйелдерге мансаптық өсу келешегіне кепілдік бермейді. Республика азаматтары қалың жігінің құқықтық санасының төмендігі сияқты қарапайым фактіге байланысты ерлер мен әйелдердің экономикалық құқықтарының іске асырылу тетіктері жоқ. Дәл осы фактор экономикалық құқықтардың бұзылуы жөніндегі талаптардың пайда болуы мен оларды қарау мүмкіндіктерін шектейді. Жұмыспен қамту саласында әйелдерге қатысты кемсітуге қарсы күрес проблемалары жөнінде зерттеулердің және ақпараттық науқандардың болмауы. Жұмыссыздық жағдайында әйелдер нәпсілік қудалану және кемсіту қатеріне көбірек тап болады, соның ішінде жұмыс орнында да ұшырайды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close