ӨНЕРКӘСІПТІК АПАТТАР
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға адамның өндірістік немесе шаруашылық қызметіне байланысты апаттар немесе қираулар жатады. Олар нысандық, жергілікті, аймақтық жаһандық болып бөлінеді.
Aпат – машинаның, станоктың, жабдықтың, ғимараттың, қандайда бір қурылыстың зақымдануына, бұзылуына әкеп соқтыратын жойқын кұбылыс. Мысалы, күнделікті өмірде автокөліктер, ұшақтар мен пойыздардың апаттары жиі кездеседі. Сондай-ак апатқа электр энергиясын, су, жылу мен газды беру кезіндегі ереже бұзушылықтарды да жатқызуға болады. Қирау – адам құрбандарының саны көп іpi апат.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қандай да біроқиғаны жатқызуға мүмкіндік беретін мынадай үш белгі сипатталады:
1) апат немесе өзге де қирау нәтижесінде қалыптасқан жағдай (апат көбіне төтенше жағдай болып табылмайды, тек оның көзі болуы мүмкін);
2) ауыр зардаптардың болуы немесе туындау мүмкіндігі (адамдардың қаза табуы, денсаулыққа және қоршаған ортаға зардабы, материалдық шығын және тіршілік әрекетінің бұзылуы);
3) оқиғаның техногендік сипаты, яғни оның адам қызметінің техникалық, өндірістік саласымен байланысы.
Шығу тегіне және нысандық белгісіне байланысты тетенше жағ айлар төмендегідей бөлінеді:
1) көлік апаттары: тауар, жолаушылар, метрополитен пойыздарының апаттары; теңіз, өзен жүк және жолаушылар кемелерінің апаттары; әуе апаттары; автожолдардағы апаттар: көпірлердегі, теміржол өтпелеріндегі және тоннельдердегі көлік апаттары: магистральдық құбыр жолдарындағы алаттар;
2) өрт, жарылыс, жарылыс қаупі: ғимараттардағы, коммуникациялардағы және өнеркәсіптік нысандардың технологиялық жабдықтарындағы өрт, тез тұтанатын, жанғыш және жарылғыш заттарды өндіру қайта
өңдеу және сақтау нысандарындағы, көліктегі, шахталардағы, жерасты және тау кен қазбаларындағы, метрополитендегі өрт; тұрғын үй, әлеуметтік тұрмыстық, мәдени мақсаттағы ғимараттардағы өрт;
химиялық қауіпті және радиациялық қауіпті нысандардағы өрт; жарылмаған оқ-дәрілердің табылуы;
3) химиялық қауіпті заттардың (ХҚЗ) шығарындыларынан болатын апаттар: химиялық қауіпті заттардың шығарындыларын өндіру, қайта өңдеу немесе сақтау (көму) кезіндегі апаттар; ХҚЗ шығарындылары бар көліктегі апаттар, апат нәтижесінде басталған химиялық реакциялар процесіндегі ХҚЗ-дың пайда болуы және таралуы;
химиялық оқ-дәрлерге қатысты апаттар;
4) радиоактивті зат шығарындыларына байланысты апаттар: атом электрстансаларындағы радиоактивті заттардың (Р3) шығарылуымен өндірістік және зерттеу мақсатындағы атом энергетика қондырғыларындағы апаттар; ядролық-отын циклы кәсіпорындарында P3 шығарылуына байланысты апаттар; көлік құралдарының және ядролық қондырғылардың немесе бортында PЗ бар ғарыш аппараттарының апаттары; РЗ шығарылуымен болатын өнеркәсіптік және ядролық сынақ жарылыстары кезіндегі апаттар; ядролық оқ-дәрілер сақталатын, пайдалануға берілетін немесе қондырғы орындарындағы апаттар;
5) биологиялық қауіпті заттардың шығарындыларынан туындайтын апаттар: кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде (зертханаларда) биологиялық қауіпті заттардың (БҚЗ) шығарындыларынан болатын апаттар; БҚЗ шығарындыларын тасымалдау кезіндегі көліктегі апаттар;
6) ғимараттардың, құрылыстардың кенеттен опырылуы: көлік коммуникациялары элементтерінің, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың тұрғын, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың отырылуы;
7) электр энергетикалық жүйелердегі апаттар: барлық тұтынушыны электрмен жабдықтаудың ұзақмерзімді үзілістегі автономды электрстансыларындағы негізгі тұтынушыларды немесе кең аумақтарды электрмен жабдықтаудың ұзақмерзімді үзілістегі электр энергетикалық жүйелеріндегі апаттар; көліктік электр түйіспелі желілерінің істен шығуы;
8) тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдык жүйелердегі апаттар: ластаушы заттар жаппай шығарылатын кәріз жүйелеріндегі апаттар; жылдың суық мезгілінде жылу желілеріндегі (ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі) апаттар, халықты ауызсумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар; коммуналдық газ құбырларындағы апаттар;
9) тазарту құрылыстарындағы апаттар: ластаушы заттарды жаппай шығаратын өнеркәсіптік кесіпорындардың сарқынды суларының тазарту құрылыстарындағы апаттар; ластаушы заттарды
жаппай шығаратын өнеркәсіптік газдардың тазарту құрылыстарындағы апаттар;
10) гидродинамикалық апаттар: серпіліс толқындарының түзілуінен және апатты су басулардан; серпінді су тасқыны пайда болудан; құнарлы топырақтың шайылуынан пайда болған бөгеттердің (дамбалардың, шлюздердің және т.б.) бұзылуы. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандар – белгілі бір жағдайда жануға немесе жарылысқа қабілетті болатын, жарылыс қаупі бар өнімдер немесе өнімдер өндірілетін, сақталатын, тасымалданатын кәсіпорындар. Жарылыстық өрт қаупі бар нысандарға химия, газ, мұнай өңдеу, целлюлоза-қағаз, тамақ, лак-бояу өнеркәсібі кәсіпорындары, шикізат немесе энергия тасымалдаушы ретінде газ және мұнай өнімдерін пайдаланатын кәсіпорындар, жарылыс және өрт қаупі бар заттарды тасымалдайтын көліктің барлық түрі, жанармай құю стансылары, газ және өнім желілер жатады. Зауыттық концентрацияланған өндіріс жағдайында қауіпті және жанбайтын болып есептелетін заттар болады. Мысалы, ағаш, көмір, шымтезек, алюминий, ұн және кант шаңдары жарылады және жанады. Жарылыс – қысқа уақыт ішінде шектеулі көлемде энергияның көп мөлшері босатылатын кенеттен болған оқиға.
Жану – жанғыш заттың ауадағы оттегімен қосылуының химиялық реакциясы .
Жану процесі үшін мынадай шарттар қажет: жанғыш материалдардың болуы (қағаз, ағаш және т.б.); тотықтырғыштың болуы (ауа, оттегі); тұтану көзінің болуы (от, ұшқын). Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүддесіне материалдық зиян келтіретін бақылаусыз
жану. Жану аймағынан аталған шарттардың бірін алып тастаған жағдайда өртті тоқтатуға болады.
Жарылыстардың негізгі зақымдаушы факторлары:
• ядролық жарылыстар, детонациялайтын және инициялайтын заттардың жарылыстары кезінде, отын-ауа қоспаларының жарылуының өзгеруі, қыздырылған сұйықтығы бар және қысымдағы резервуардың жарылыстары кезінде туындайтын ауа соққысы толқыны;
• әртүрлі нысандардың ұшу сынықтарымен жасалатынжарықшақты өpicrep.
Жарылыс — өрт кезіндегі қауіпсіздік ережесі. Өртті сөндірудің бастапқы құралдарына:
• түрлі қол өрт сөндіргіштері;
• құм (жалынның механикалық түйісуі және жанып жатқан немесе бықсыған материалды ауаның кіруінен оқшаулау үшін қолданылады. Төілген майдың жануын сөндіруде ең тиімдісі өрт ошағына құмды күрекпен, қалақпен немесе шелекпен тастай отырып жүргізіледі);
- ішкі өрт кранынан алынған су ғимараттар мен құрылыстардағы ең көп таралған және арзан өрт сөндіру құралы болып табылады.Алайда оны сумен оңай тұтанатын сұйықтықтарды (бензин, ацетон, керосин) сөндіру кезінде қолдануға болмайды (бұл тек өрттың одан әрі жануын арттырады);
• басқа өртке қарсы заттар (өрт сөндіру кезінде қолданылатын ілгекті құралдар, күректер, асбест маталары және т.б.). Осы бастапқы құралдармен қолданыстағы нормаларға сәйкес барлық өнеркәсіптік, әкімшілік қызметтік және басқа да ғимараттар мен құрылыстар қамтамасыз етілуі тиіс.
Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
• өрт туралы өрт күзетіне «101», «112» телефондары бойынша хабарлау;
• өрт туралы ересектер мен балаларды хабардар ету;
• жанып жатқан ғимараттан шығу (эвакуациялау).
Жарылыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі:
• бірге тұрған адамдардың қайсысына көмек керек екенін анықтау;
• электр қуаты мен газды өшіру, суды жабу;
• ғимаратты тек өрт басталғанда, ғимарат конструкцияларының құлау қаупі болған жағдайда тастап кету; шығу мүмкін болмағанжағдайда сенімді, қауіпсіз жерде тұру, сигнал беру (металл заттарды тарсылдату арқылы) және кұтқарушыларды күту. Жарылыстан кейін баспалдақ пен жеделсатыны пайдалану – қауіпті.
Түтінді ғимараттан шығу ережесі:
• көзді және тыныс алу органдарын қорғау;
• тығыз дымқыл матаны жамылып шығу (бүгіліп немесе еңбектеп). Дымкыл қолорамал арқылы дем алу;
• қалың түтінді жерге кірмеу;
• қалың түтінмен жоғары температураға байланысты далаға шыға алмаған жағдайда есікті қатты жауып, кері қайту;
• көпқабатты ғимараттарда қабырғадан ұстап, сатыға қарай жүру;
• шығу жолын өткізіп алмау.
Ғимараттан қауіпсіз жерге көшу мүмкін болмаған жағдайда:
• үй-жайдағы есікті нығыздап жабу, барлық саңылауды және желдеткіш тесіктерді шүберекпен тығындау;
• құтқарушыларға дабыл беру;
• қатты түтiндеген кезде балконға шығып, есікті нығыз жауып (балкон болмаса, терезеге, шығыңқы жерге, терезе алдына, карнизге түру), құтқарушыларды күту.
Гидродинамикалык апат – гидротехникалық құрылыстың (бөгет, дамба шлюз және т.б.) немесе оның бөліктерінің істен шығуына байланысты төтенше жағдай.
Гидрохинамикалық апатқа үлкен су ауқымының басқарылмайтын орын ауыстыруы, кең аумақтардың қирауы мен су басуы тән. Гидротехникалық құрылыстардың бұзылуы (жарылуы) табиғат күштерінің әрекет немесe адамның әсері нәтижесінде болады.