Без рубрики
АСТАНАДА НӘРЕСТЕНІҢ ДЕНЕСІ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕН ТАБЫЛДЫ: 29 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ
Астана қаласында қонақүйдің кәріз жүйесінен нәрестенің денесі табылуына байланысты 29 жастағы әйел ұсталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы әйелді қолға түсірген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталатын болады.
Құқық қорғау органдары өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді.
Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және тергеу аяқталғанға дейін расталмаған ақпараттарды таратпауға шақырды.



