Без рубрики

АСТАНАДА ТАНДЫРХАНАДА ГАЗ БАЛЛОНЫ ЖАРЫЛДЫ

Астана қаласында тандырханада газ баллонының жарылуына байланысты төтенше жағдай орын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі қабатты ғимаратта көлемі 50 литрлік газ баллонының герметикалығы бұзылып, соның салдарынан жарылыс болған.

Оқиға салдарынан ғимараттың төбесі мен есік жақтауының бір бөлігі опырылып, жақын маңдағы нысандардың әйнектері сынған.

Төтенше жағдай болған орынға арнайы қызмет өкілдері дереу жетіп, қауіпсіздік шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Мамандар газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жабдықтың жарамдылығын тексеру, газдың шығуын бақылау және баллондарды дұрыс сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызды шарттарының бірі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close