Без рубрики
АТЫРАУ – АҚТӨБЕ ПОЙЫЗЫНДА ЖОЛАУШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ
Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында ер адам көз жұмды. Оқиға 13 шілде күні Қандыағаш – Ақтөбе теміржол учаскесінде болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жолаушы пойызда жол жүру билетінсіз отырғаны анықталған. Оқиға бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Бастапқы болжам бойынша, жолаушының өліміне екі жақты пневмония себеп болуы мүмкін. Алайда өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.



