Без рубрики

БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДАҒЫ ӨРТ: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҒДАЙДЫ ӘУЕДЕН БАҚЫЛАДЫ

Абай облысының Бородулиха ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Өртке қарсы іс-шаралардың барысын бақылау үшін оқиға орнына облыс әкімі Берік Уәли арнайы барып, жағдаймен танысты.

Аймақ басшысы тікұшақпен әуеге көтеріліп, өрт ошағы мен оны сөндіру жұмыстарының барысын бақылап, жауапты қызметтердің жұмысын үйлестіру жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Қазіргі уақытта тілсіз жаумен күреске 600 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ өртті ауыздықтауға 148 бірлік арнайы техника мен 7 тікұшақ тартылған.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, орман шаруашылығы мекемелері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да құрылымдардың күштері қатысып жатыр. Барлық бөлімшелер белгіленген міндеттерді орындап, өрттің таралуына жол бермеу бағытында жұмыс жүргізуде.

Жауапты қызметтердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде Қамышенка ауылына төнген қауіптің беті қайтарылды. Қазіргі таңда елді мекенге тікелей қауіп жоқ.

Мамандар өртті толық оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сонымен қатар өрттің таралу аумағы тұрақты бақылауда ұсталып, жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close