Без рубрики

ДӘРІГЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қазақстанда медицина кадрларын даярлау жүйесіне өзгеріс енгізу жоспарлануда. Енді дәрігерлердің саны әр өңірдің нақты қажеттілігіне қарай есептелетін болады.

Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, жаңа тәсіл алдағы жылдары елге қанша дәрігер мен өзге де медицина қызметкері қажет екенін дәлірек болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әр аймақтың демографиялық және әлеуметтік ерекшеліктері ескерілмек.

Жаңа жүйе аясында медицина мамандары тапшы өңірлерге басымдық беріледі. Бұл кадр тапшылығын азайтып, халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Министрлік аталған өзгерістер медицина мамандарын даярлау көлемін қысқартуды көздемейтінін атап өтті. Керісінше, кадрларды даярлау өңірлердің нақты сұранысына сай тиімді жоспарланатын болады.

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 3 тамызға дейін жалғасады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close