Без рубрики

ДЕМЕУШІ ЕСЕБІНЕН ҮЙЛЕРГЕ ГАЗОСИГНАЛИЗАТОРЛАР ҚОЙЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесе аудан аумағында улы газдан уланудың алдын алу акциясын өткізді.

Акция барысында пеш және газ құбырларының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан туындайтын улануды болдырмау үшін аудандағы аз қамтылған отбасыларға газосигнализаторлар орнатылды. Құрылғы иісті газ шыққан жағдайды бірден дабыл қағады.

—Әл-Фараби ауданы демеушілерінің көмегімен 100 үйге газосигнализаторлар орнатып жатырмыз. Мұндай шаралар қайғылы жағдайлардың алдын алуға тікелей септігін тигізеді деп ойлаймыз. Былтыр қалада газдан улану бойынша 5 оқиға тіркеліп, 4 адам зардап шекті. Биыл келеңсіз оқиғаларды болдырмауға барынша тырысып жатырмыз,  — деді Рашид Мамытұлы.

Барша тұрғындарды қауіпсіздікке көңіл бөліп, мұржалар мен газ келетін құбырларды қыс айларына қазірден бастап дайындауға шақырамыз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close