Без рубрики
EGOV ПЕН БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК СЕРВИСТЕР УАҚЫТША ҚОЛЖЕТІМСІЗ БОЛАДЫ
18 шілде мен 19 шілде аралығында eGov порталы және бірқатар мемлекеттік цифрлық сервистерде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты онлайн қызметтердің жұмысы уақытша шектелуі мүмкін.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, техникалық жұмыстар 18 шілде сағат 21:00-де басталып, 19 шілде сағат 08:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық қызметтерге қол жеткізу уақытша мүмкін болмауы ықтимал.
Компания өкілдері бұл жұмыстар цифрлық сервистердің тұрақтылығын арттыру, жүйелердің қауіпсіздігін күшейту және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жоспарлы түрде жүргізілетінін атап өтті.
Осыған байланысты азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алдын ала пайдаланып, маңызды операцияларды техникалық жұмыстар басталғанға дейін аяқтау ұсынылады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық сервистер қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.



