Без рубрики
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КИПР ПРЕЗИДЕНТІН РЕСМИ ҚАРСЫ АЛДЫ
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидисті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Президенті бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.



