«ҚАЗАҚ АРУЫ– 2025»: 12-НӨМІРЛІ АРУ ДӘРИЯ ҚУАТЖАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Қазақстандағы ең танымал ұлттық сұлулық пен рухани мәдениетті насихаттайтын «Қазақ Аруы» байқауының биылғы қорытындысы шықты. 2025 жылдың жеңімпазы атанған — №12 нөмірмен сынға түскен Дәрия Қуатжан.

Жобаның мақсаты мен мәні
«Қазақ Аруы» — қазақ қызының табиғи сұлулығын ғана емес, білімін, парасатын, мәдениетін және ұлттық болмысын дәріптейтін жоба.
Байқаудың авторы әрі ұйымдастырушысы — танымал продюсер Баян Алагузова.
Бұл жоба жас қыздарға өз мүмкіндігін көрсетуге, ұлттық дәстүр мен заманауи стильді үйлестіруге жол ашады.
15 жылдық тарих
«Қазақ Аруы» алғаш рет 2011 жылы ұйымдастырылған.
Содан бері жоба жыл сайын үздіксіз өткізіліп келеді.
2025 жылғы маусым — байқаудың 15 жылдық мерейтойлық кезеңі.
«Қазақ Аруы – 2025» финалы
Биылғы финалдық кезең 13 қараша күні Алматы қаласында өтті.
Байқауға елдің түкпір-түкпірінен іріктелген 20 финалист қатысып, өз дарыны мен өнерін ортаға салды.
Қатысушылар тек сұлу келбетімен ғана емес,білім деңгейімен,сахнадағы өзін-өзі ұстауымен, ұлттық дәстүрді білуімен бағаланды.
Жеңімпаз — Дәрия Қуатжан
№12 нөмірмен сахнаға шыққан Дәрия Қуатжан биылғы байқаудың басты тәжін иеленді.
Өзінің “Darideya” атты сән үйі бар, 40 адамды жұмыспен қамтып отырған дизайнер. Ол ұлттық өнер мен қазіргі стильді үйлестіре білетін жас талант.
Дәрияның жеңісі – қазақ қызының заманауи бейнесі мен ұлттық болмысының үйлесімін паш етті.
Байқаудың рухани маңызы
«Қазақ Аруы» жобасы — сұлулық сайысы ғана емес,
рухани тәрбиенің, ұлттық намыстың және әйел тұлғасының мәдени бейнесінің айғағы.
Жыл сайын бұл байқау арқылы жүздеген қыз өзіне сенімділік алып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
2025 жылғы «Қазақ Аруы» байқауы ұлттық сұлулық пен рухани құндылықты ұштастырған мерекеге айналды.
Жеңімпаз Дәрия Қуатжанның жетістігі —
қазақ қыздарының ақыл мен әсемдікті, нәзіктік пен батылдықты қатар алып жүре алатынын дәлелдеді.



