#Руханият

«30 ЖЫЛДЫҚҚА – 30 КІТАП»

Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының мақсаты қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби мұраны зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу болса, осы мақсат үдесінен шығу үшін Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбиешілері Асилбекова Г, Қабланова М. 8-ші сынып оқушыларымен Әл-Фараби кітапханасына келді.

Драматургия жанры бойынша таңдалған еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы драматург Рахымжан Отарбаевтың пьесалары топтастырылған «Айна-ғұмыр» кітабынан автордың баға жетпес еңбектерінің бірі «Бас» атты туындысын бірге оқып, әдеби талдау жасап, өз пікірлерін ортаға салды. «Бас» романы шым-шытырық оқиғалар желісімен шынайы тарихи деректерді сипаттайды.

Қазақтың өр рухты ақыны, ел бастаған батыр Махамбет Өтемісұлы ХІХ ғасырдың соңында ұлан-ғайыр далада өзара тартыс пен саяси қақтығыстың құрбаны болды. Сатқындардың озбыр тірлігінің кесірінен азаттықты көксеген күрескердің қапияда басы кесіліп, денесінен кейін жер қойнауына тапсырылды.

Романның аты айтып тұрғандай, мұндағы оқиғалар желісі жанама түрде Махамбет батырдың бас сүйегі арқылы өрбиді.
Жас оқырман көзімен туындының құндылығы мен мазмұны кеңінен талқыланып, пікір алмасып, ойталқыдан үлкен ой түйіп, кітапханамызға келесі сапар «Айна-ғұмыр» кітабынан «Бейбарыс сұлтан» шығармасын оқып, талқылау үшін келетінін айтып тарасты.

Сонымен қатар «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып таныстырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close