Без рубрики

ҚҰРЫЛТАЙ КОМИТЕТТЕРІН КІМДЕР БАСҚАРАДЫ

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайында сегіз тұрақты комитет жұмыс істейді. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, комитеттердің басым бөлігін бұған дейін Парламент Мәжілісі мен Сенатында қызмет атқарған тәжірибелі депутаттар басқарады.

Атап айтқанда, Аграрлық мәселелер және экология комитетінің төрағасы болып Серік Егізбаев сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетін Асхат Аймағамбетов басқарады.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне Үнзила Шапақ жетекшілік етсе, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметіне Ольга Перепечина сайланды.

Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетін Әмірбек Оспанбеков, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін Марат Қожаев басқарады.

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетіне Дархан Ахмедиев жетекшілік етсе, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы болып Наталья Годунова сайланды.

Құрылтайдағы тұрақты комитеттер заң шығару жұмысының негізгі бағыттары бойынша мәселелерді қарастырып, тиісті ұсыныстар мен заңнамалық бастамаларды әзірлеуге қатысады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close