#Руханият

БІР ҚАЛА — БІР КІТАП

Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық әдеби сыйлықтардың иегері, жазушы, драматург Захардин Қыстаубаевтың шығармашылығы бойынша «Бір қала-бір кітап» акция аясында «Қайырымды қала — қаламгері» атты кездесу кеші өтті.

Модератор болған жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы кеш кейіпкерінің «Жүректің сөзі» кітабы жайлы айта келе, «Көркемсөз» және «Көсемсөз» деген екі бөлімнен тұратынын, сонымен қатар, драматургтың жазу шеберлігі оқырманды баурап алатын ерекше қасиеттері бар екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жазушы шығармаларынан әдеби композиция койылып, әсем әндер шырқалды.

Әдеби жиында зиялы қауым өкілдері, жас қаламгерлер, журналистер және кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close