Без рубрики
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА БЕТ-БЕЙНЕНІ ЖАСЫРАТЫН КИІМ КИЮГЕ ҚАТЫСТЫ ТАЛАП ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ.
ІІМ мәліметінше, осы талапты бұзғаны үшін елімізде 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Заң бойынша алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде талап қайта бұзылса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Тыйым ауа райы жағдайларына, медициналық себептерге, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.
Министрлік бұл шаралардың негізгі мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.



