Без рубрики

ҚҰРЫЛЫС, ҒИМАРАТТАР МЕН ҮЙ-ЖАЙЛАРДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ-2

Мастикалармен, битуммен, полимер, басқа да жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстеу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

Жарылыс- өрт қауiптi бу бөлетiн жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс iстейтiн үй-жайлар мен жұмыс ай- мақтары ағынды-сорғы желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi. Жұмысты қауiпсiз жүргiзу үшiн ауа алмасу еселiгi есепке сәйкес жұмыс iстеу жобасымен анықталады. Жанғыш заттарды пайдалану кезiнде оның мөлшерiнiң ауысым қажеттiлiгiнен асуына жол берiлмейдi. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, қоймаға тапсырылады. Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлiнген орында сақталады. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлiнген орынға шығарылады.

Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзi бар кезде осы жұмыстарды жүргiзуге жауапты адамның бақылауымен 100 м2 аспайтын жердi қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуiр қашық орындарда, ал дәлiздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейiн басталады.

Эпоксид шайырларды, желiмдердi, мастикаларды, оның iшiнде синтетикалық шайырлар негiзiндегi лак, бояуларды жағуды және плита және ру- лонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкiлiктi сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс iстеу үшiн ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс iстеу кезiнде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткiшi бар үй-жайда жуылады. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауiптi заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтан өткен адамдар жүргiзедi. Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстейтiн үй-жайлар 100 м2 үй-жайға екi өрт сөндiргiш және киiз есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

Жанғыш сұйықтар желдеткiшпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады. Өрт қауiптi заттармен және полимерлi материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйiн қамтамасыз ететін адамның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiледi. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйым- дылығының төрттен үш бөлiгiнен аспайтындай етiп толтырылады.

Битум қайнату қондырғысын тiкелей жабында орналастыруға болмайды. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезiнде олардың үстiне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнатылады. Қайнату қазан- дығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндiргiштер, күректер мен құрғақ құм) көзделеді. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биiктiгi 0,3 м аспайтын бiлiкпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесiгi жанбайтын материалдан жасалған қайырма- лы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға болмайды. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемiнде 9 м болғанда олар топпен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орын арнайы бөлiнген алаңдардан бөлінедi және мынадай қашықтықта орна- ластырылады:

  • отқа төзiмдiлiгi V, IV, IVа дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 30 м;
  • отқа төзiмдiлiгi III, IIIа, IIIб дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 20 м;
  • отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 10 м.

Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс iстеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегi газ баллондары жұмыс iстеп тұрған қазан- дықтардан кемiнде 20 м қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдар- дан жасалған желдетiлетiн шкафтарда орнатылады. Көрсетiлген шкафтар үнемi құлыппен жабылып ұсталады. Үй-жайлардың iшiнде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшiн ашық отты пайдалануға болмайды.

Битум мастикасымен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарына (қабаттарға) ыстық битум мастикасын жеткізу:

  • қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсiлмен жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуiн болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етiледi. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;
  • құрылыс құрылымдарына тiгiнен орнатылған учаскелерге бекiтiлген сорғымен ағып кетуiне жол бермей болат құбыр арқылы. Көлденең учаскелер мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.

Шлангiнi болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 см сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигiзiледi. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейiн мастика құбырдан ағызылады. Араластыру кезiнде қыздырылған битум ерiткiшке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады. Битумды ерiткiштермен араластыру орнынан 50 м радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.

Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты жүргізілетін басқа да жұмыстар осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес орындалады.

Дәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыс орындарын:

  • осы мақсатта арнайы жабдықталған цехтарда, шеберханаларда немесе ашық алаңдарда ұйымдастырылатын тұрақты орындармен;
  • салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа да құрылыстарда, кәсiпорын аумақтарында жабдықты жөндеу немесе құрылыс монтаждау мақсатында жүргізілетін уақытша орындармен қарастыру қажет.

От жұмыстарын тұрақты жүргiзу орындары 10 бекеттен (дәнекерлеу және кесу шеберханалары) артық ұйымдастырылған кезде орталықтандырылған электрмен және газбен жабдықтау көзделеді. Дәнекерлеу шеберханасында 10-нан аспайтын дәнекерлеу бекеттері болған жағдайда әрбiр бекет үшiн оттегi және жанғыш газы бар бiр қосалқы баллоннан болуға жол беріледі. Қосалқы баллондар жанбайтын материал- дардан жасалған қалқандармен қоршалады немесе шеберханаларға арнайы жапсарлас құрылыстарда сақталады.

Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу ұйымдастырылған үй-жайлардағы едендер жанбайтын материалдардан жасалады. Бөлшектердi алдын ала қыздырмастан дәнекерлеу жүргiзiлетiн үй-жайларда жанбайтын негiзде ағаш бөренелi едендер орнатуға болады. Дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын белгiленген тәртiппен өрт-техникалық минимумнан өткен және өрт қауiпсiздiгi ережесiнiң талапта- ры бiліктілігіне сынақ тапсырған адамдар жүргiзедi.

Ашық алаңдар мен арнайы шеберханаларда от жұмыстарын тұрақты жүргiзу орындары кәсiпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен анықталады. 1472. Уақытша электрдәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұ- мыстарды жүргiзу орындары, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес объект басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана айқындалады.

Құрылыс алаңдарында және өрт қаупі бар орындарда ұйым басшысының жазбаша рұқсатын алмай от жұмыстарын белгіленген тәртіппен өрт-техникалық минимумынан өткен және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын білуі бойынша сынақ тапсырған тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандар ғана жүзеге асырады. Жазбаша рұқсатсыз от жұмыстарын дербес жүргiзуге жiберiлген мамандардың тiзiмiн объектiнiң басшысы бекiтедi. Уақытша (бiр жолғы) от жұмыстар жүргiзуге рұқсат тек жұмыс ауысымына ғана берiледi. Егер бiрдей жұмысты жүргiзу кезiнде олар бiрнеше ауысым немесе күн бойы жүргiзiлетiн болса, объектiнiң әкiмшiлiгiнен қайта рұқсат алу қажет емес.

Мұндай жағдайларда әрбiр келесi жұмыс ауысымына көрсетiлген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейiн әкiмшiлiк бұрын берiлген рұқсатты растайды, ол жөнiнде тиiстi жазба жазады. От жұмыстарының жүргiзiлуi- не уақтылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкiмшiлiгiнен объектiнiң мемлекеттік емес өртке қарсы қызметi, ал жоқ жерлерде оларды жүргiзер күннiң қарсаңында ерiктi өртке қарсы құра- лымдарға келiп түсуi тиiс. От жұмыстары жүргiзілетін орындар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш, құм салынған жәшiк және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етiледi. Объектiде iшкi өртке қарсы су құбыры болған жағдай- да от жұмыстары жүргiзілетін орынға өрт крандарынан оқпандары бар өрт сөндіру түтікқұбырлары төселедi. От жұмыстарымен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндiру құралдарын орынды пайдаланады.От жұмыстарын қауіпсіз жүргiзуді қамтамасыз ететін адам жұмыс орнында өрт сөндiру құралдарының болуын тексередi. От жұмыстары тұрақты жүргiзуге арналған орындарды өрт қауіпті және өрт-жарылыс қауiптi үй-жайларда орналастыруға болмайды.

От жұмыстарын жүргiзуге қарастырылатын технологиялық жабдық өрт-жарылыс қауiпсiз жай-күйiне:

  • өрт-жарылыс қауiптi заттардан босату;
  • қолданыстағы коммуникациялардан (от жұмыстарын жүргiзуге дайындық үшiн қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;
  • алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы келтiрiледi.

Технологиялық жабдықтың iшiн буландыру үшiн берiлетiн су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздiгiнен тұтану температурасының 80 %-ға тең етiп қабылданады. Технологиялық жабдықты жуу ондағы будың (газдың) шоғырлануы олардың тұтану шегiнен тыс немесе электр статикалық қауiпсiз режимде болғанда жүргiзiледi. От жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайларды, жабдықтар мен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауiптi бу және тозаң-ауа қоспаларының түзiлуiн және тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмайтындай тәсiлдермен жүргiзiледi.

Металдың қызған бөлiктерiнiң шектес үй-жайларға, көршiлес қабаттарға түсуiн болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткiш, монтаждау және от жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың жабындары, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесiктер) жанбайтын материалдармен жабылады. От жұмыстарын жүргiзу орны осы Қағидаларға 13-қосымшада көр- сетiлген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылады. Көрсетiлген радиустар шегiндегi құрылыс констукциялары, еден төсемдерi, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған жабдықтың бөлшектерi оларға ұшқынның түсуiнен металл экрандармен немесе жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады. От жұмыстары орындалатын үй-жайларда көрсетiлген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есiктер, оның iшiнде тамбур шлюздердiң есiктерi тығыз жабылады. Терезе жыл мезгiлiне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемi мен қауiптiлiк дәрежесiне байланысты ашық болады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкiн үй-жайлар отпен жұмысты жүргiзбес бұрын желдетiледi.

Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргiзуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биiктiгi кемiнде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,5 метрден артық емес етiп орындалады. Қыздырылған бөлшектердiң ұшуын болдырмау үшiн көрсетiлген саңылаудағы ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден ас- пайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады. От жұмыстарын бастамас бұрын және оларды жүргiзу барысында көрсетiлген жұмыстар жүргiзiлетiн технологиялық жабдықтағы және қауiптi аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйiн бақылау жүзеге асырылады. Егер қауiптi аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатордың шоғырлануы будың (газдың) шектi рұқсат етiлген жарылыс қауiпсiз шоғырлану мәнiне дейiн төмендеген жағдайда от жұмыстары дереу тоқтатылады. От жұмыстары жүргiзiлiп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебiнен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуi мүмкiн технологи- ялық жабдықтың люктерi мен қақпақтарын ашуға, өнiмдердi түсiруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргiзуге болмайды. Жұмыстағы үзiлiс кезiнде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желiсiнен ажыратылады, шлангiлер жанғыш сұйықтықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлiнген үй-жайға (орынға) жиналады.

От жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға жол берілмейді:

  • аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кiрiсуге;
  • жанғыш бояулармен (лактармен) жаңадан сырланған констукциялар мен бұйымдарда от жұмыстарын жүргiзуге;
  • майлардың, бензиннiң, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың iздерi бар киiм мен қолғапты пайдалануға;
  • дәнекерлеу кабиналарында киiмдi, тез тұтанатын және жанғыш сұй- ықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;
  • электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерiтiлген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;
  • жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуi бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс iстеуге;
  • жабынға гидрооқшаулағыш пен буоқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен, еден- дердiң төсемдерiн жапсырумен және жанғыш лактарды, желiмдердi, масти- калар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар от жұмыстарын жүргiзуге;
  • электрдәнекерлеушi және газдәнекерлеушi (газ кескiшпен) бiр мезгiлде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың iшiнде жұмыс iстеуге.

Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңiл металл кон- струкцияларынан жасалған ғимараттардың элементтерiнде от жұмыстарын жүргiзуге болмайды. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрдәнекерлеу жұмыстары жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергiштерi) және өртке қарсы белдiктерi бар камералар мен бөлiктерде ғана жүргiзiледi.Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделi жөндеу және қайта құру кезiнде от жұмыстары жанатын конструкциялардың жануына қарсы және ұшқындардың  ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейiн орындалады.

Өндiрiстi тоқтатпай күрделi жөндеу және қайта құру кезiнде және от жұмыстарын жүргiзу кезiнде кәсiпорын әкiмшiлiгi осы кезеңге ерікті нысанда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жоспарын әзiрлейдi. Өрт шығу қаупi неғұрлым жоғары орындарда, от жұмыстары көлемi көп болғанда, сондай-ақ биiкте жұмыс iстеу кезiнде өрт сөндiру бекеттері (қызмет көрсетушi персонал, өртке қарсы ерiктi құралым санынан) қойылады.

Биiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптары көзделеді. От жұмыстарын 6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биiктікте iстеуге болмайды. Объект басшысы немесе өрт қауiпсiздiгiне жауапты өзге лауазымды тұлға уақытша от жұмыстары аяқталғаннан кейiн 3-5 сағат iшiнде олар жүргiзілген орындарды тексерудi қамтамасыз етедi.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close