Білім

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШАРА

Биылғы 2021-2022 оқу жылы сағынышқа, шаттыққа толы ерекше жыл. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты мерекесі болып өтті.

Мереке қарсаңында биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі қазақ қоғамына жаңаша оқыту жүйесін енгізген А.Байтұрсыновтың әліппесі алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге арнайы табысталды. Сонымен қатар ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсаринның 180 жылдығы аталып өтті. Келген қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер А.Асқарұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close