Без рубрики

ТОҚАЕВ AIR ASTANA БАСШЫСЫМЕН АВИАЦИЯ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының басшысы Ибрагим Жанлыелмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әуе компаниясының алдағы даму жоспары мен азаматтық авиация саласындағы негізгі бағыттар талқыланды. Компания әуе паркін жаңа Boeing 787 Dreamliner ұшақтарымен толықтыруды және халықаралық бағыттар санын арттыруды жоспарлап отыр.

Президент халықаралық әуе қатынасын кеңейтудің маңызын атап өтіп, әсіресе АҚШ пен Жапонияға тікелей рейстер ашу мәселесіне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар тарапынан жиі айтылатын мәселелерге назар аударып, рейстердің кешігуі, ұшақ ауыстыру және қызмет көрсету сапасына қатысты түйткілдерді шешуді тапсырды.

Кездесу қорытындысында авиация саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелері басты назарда болатыны айтылды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close