ТҮРКИЯ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ «ТҮРКІСТАН» ДЕП АТАЙ БАСТАДЫ
Түркия жаңа мектеп оқулықтарында Орталық Азия өңірінің атауын «Түркістан» деп өзгертті. Ел билігінің мәліметінше, бұл өзгерістер оқулықтарды ұлттық тарихи жадқа сәйкестендіру мақсатында енгізілген.

Сондай-ақ Түркияда сырттан енген немесе таңылған терминдерді қайта қарау туралы шешім қабылданған.
Жаңа бағдарламаға сәйкес, түрік оқулықтарында бірқатар тарихи және географиялық атаулар жаңаша берілетін болады. Атап айтқанда, Эгей теңізі енді «Аралдар теңізі» деп аталады.
Бұдан бөлек, «крест жорықтары» термині «крестоностардың шабуылдары» ретінде өзгертілсе, «географиялық ашылулар» ұғымы «отарлау саясаты» деп беріледі. Ал «армян мәселесі» тіркесі «Арменияның негізсіз талаптары» деген атаумен қолданылмақ.
Юсуф Текин қазіргі түрік оқулықтары түркітілдес халықтардың тарихи байланысын күшейтіп, ортақ бірегейлікті нығайтуға бағытталғанын айтты.
Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер Түркияның білім беру саясаты мен тарихи көзқарасындағы жаңа бағытты аңғартады.



