Без рубрикиҚоғам

Зияткерлік камералар полицияға халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесті

Зияткерлік камералар полицияға халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесті

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алты жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті есірткіні заңсыз сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін 2019 жылдан бері іздеуде болған. Ол адамның бетін тану функциясы бар «FaceID» смарт камерасының көмегімен ұсталды.

Қазіргі уақытта полиция жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері іздеуде жүрген 22 қылмыскерді, оның ішінде халықаралық іздеуде жүрген 10 адамды анықтап ұстады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close