Мәдениет/Тарих

ЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Осынау ұланғайыр жерді ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалғанын білеміз. Туған даласын жауға таптатпай қорғаштау әрбір азаматтың басты міндеті болмақ. Өткен ғасырдағы Ұлы Отан соғысында аталарымыз бабалар жолымен ерліктің үлгісін көрсете білді. Бүгінде Отаны үшін жанын пида еткен азаматтарды ұрпақтары еш ұмытпақ емес.

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Абай атындағы жалпы орта мектептің ұжымы «9-мамыр — Жеңіс күніне» орай, «Ерлікке тағзым» тақырыбында ісшара өткізді.

Ескерткішке мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманәлиев Асхат пен алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Ахметов Мажлис майдангерлердің ерлігіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Ардагерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау — басты борышымыз! Бұл мереке біз үшін ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Оларды келер ұрпақ мақтан тұтып, сабақ алуы тиіс. Көгімізде бейбітшілік көгершіні қалықтай берсін!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close