Саясат

ШЫМКЕНТТІК ДЕПУТАТ АСАРЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласы Мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев Асар-2 тұрғындарының мәселесін тыңдады.

Өткен апта да ғана бірқатар халық қалаулылары асарлықтармен кездесіп олардың көгілдір отын мен электр жарғына баланысты мәселелерін тыңдап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен қатар жауапты сала жетекшілеріне мәселені уақытылы шешуді тапсырған болатын.

Бүгін аталған елдімекенге «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Талғат Балтабаев қайта бас сұқты. Онда шағын ауданның өзгеде мәселелерін белсенді тұрғындардан естіді.

Өткен кездесуде шағын ауданның өзекті мәселелері ортаға салынды. Атап айтсақ, жол, жарық, қоғамдық көлік, оқушылардың қауіпсіздігі, сынды мәселелер көтерілді.

Алдағы уақытта халық қалаулысы көтерілген мәселе бойынша тиісті сала басшыларына хат жолдап, мәселенің шешілуі бағытында жұмыс істейтіндігін жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close