#Мереке

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені белгілі.

Мұғалім мамандығы даналық пен жан жастығын, шығармашылық пен зор энергияны, мейірімділік пен қаталдықты біріктіреді! Сіздердің еңбектеріңізді бағалау өте қиын, себебі ол бағасы жоқ теңдесіз дүние!

Білім ордасы – мектеп жас ұрпақты тәрбиелейтін киелі де қасиетті мекен. Ал, сол мектептің негізгі тірегі – білімді де, білікті ұстаз. Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі деп білемін. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп
жүрсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін.

Досбол Есілбек, Шымкент қаласы  Еңбекші ауданының әкімі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close