Қоғам

ӘЙЕЛ БОЛУ ЖӘНЕ МҮГЕДЕК БОЛУ ДЕГЕН НЕ?

Мүгедектігі бар әйелдердің өзін қалай сезінетінін, олар үшін әйел болудың және мүгедек болудың не білдіретінін анықтау үшін респонденттерге келесі сұрақтар қойылды:

1. Сіз үшін әйел болу және мүгедек болу не білдіреді?

Алынған жауаптар мүгедектігі нәтижесінде әйел өмірінің айтарлықтай қиындауын сипаттайды: «лажсыздық», «жалғыздық», «реніш пен өмірге ашулану», «дәрменсіздік». Сондай-ақ, олар әлеуметтендіру, қарым-қатынастық дағдыларды игеру бойынша жұмыстың/қолдаудың жоқтығын атап өтті.

Мүгедек әйелдер оқшау тұрады. Мұның себептері – өзін-өзі төмендете бағалау және мүгедектігі бар әйелдер көбінесе балалары бола алмайды, олар жыныстық тартымды емес, оларға ешкім үйленбейді және олар тек аяуға тұрарлық деген сияқты таптаурындар.

Бұл таптаурындар көп жағдайда, ең алдымен, мүгедек әйелдердің бала сүюге деген ынтызарлығын қолдамайтын туыстары мен жиі медициналық қызметкерлердің тарапынан мүгедек әйелдердің ұрпақты болу құқықтары бұзылатын жағдайларды анықтайды.

1.Сіздің ойыңызша, айналаңыздағы адамдар Сізден әйел ретінде не күтеді?

Респонденттерден алынған жауаптардың негізінде мүгедек әйелдер үшін олардың айналасындағы адамдар – олардың отбасы мен туыстары деп айтуға болады. Олардың көпшілігі өздерін қоғамның құрамы ретінде санамайды. «Үндемеу және қарсы сөз айтпау»,

«отбасын сақтау», «енем менің барлық үй шаруасын істегенімді қалайды» деген сияқты жауаптар отбасындағы қарым-қатынастың тең емес екендігін көрсетеді. Респонденттердің аз ғана саны отбасы мен қоғамда белсенді өмір сүреді, өзінің қажет екендігін, махаббат пен құрметті сезінеді.

2.Сіз айналаңыздағы адамдардың үміттерін қалай қабылдайсыз және оларға қалай жауап бересіз?

Мүгедек әйелдер отбасы ошағын сақтаушылар ретінде отбасы мүшелерінің және туыстарының үміттерін оң қабылдайды. Көбі айналасындағылардың күткендеріне өз жағдайын ескере отырып және басқалардың көмегіне тәуелділікті мойындай отырып, мүмкіндігінше әрекет етуге тырысады.

3.Айналаңыздағы адамдар Сізден мүгедек ретінде не күтеді деп ойлайсыз?

«Мүгедектен не күтуге болады?», «ештеңе күтпейді», «менімен онша санаспайды», «менің үндемей жүріп, өлгенімді күтеді» деген сияқты жауаптар респонденттердің отбасы мүшелері тарапынан немқұрайлылық және наразылық қарым-қатынасқа тап болатынын көрсетеді, бұл психологиялық зорлық-зомбылыққа жатады. Мүгедек адамдар мүгедектіктің салдарынан өзінің қажетсіздігін сезінеді. Олардың арасында еңбек етіп, қоғамдық жұмыспен айналысатын, олардан біреулер араласуды, іс-шараларға және қоғамдық өмірге қатысуды, көмек беруді күтетінін білетін адамдардың саны елеусіз ғана.

  1. Сіз олардың үміттерін қалай қабылдайсыз және оларға қалай жауап бересіз? Оң үміт-күтулердің барлық түрлерін мүгедектігі бар адамдар құрметпен қабылдап, оларға сәйкес жауап беруге дайын. Оң үміт-күтулер мүгедек адамдарды өз өмірлерін жақсартуға ынталандырады, олардың кейбіреулері жарыстар мен байқауларға қатысып, өздерінің қоғамдық өмірге қатыстылығын сезінеді.

«Әйел болу және мүгедек болу деген не?» деген блоктағы осы сұрақтарға респонденттердің 46%-і «білмеймін» деп жауап берген. Бұл, негізінен, өзге себептердің арасында түсіну үшін күрделірек болатын сұрақтардың мағынасын жеткізу жағынан ишарат тілінің «кедейлеу» болып келетіндігі себепті сұрақтардың мәнін түсіну тұрғысынан осалырақ болып табылатын есту қабілеті бұзылған мүгедек адамдар.

Респонденттердің 19%-і олардың мүгедектігін мүмкіндіктерінің шектелгендігі тұрғысынан қабылдауы себепті айналасындағылардың олардан ештеңе күтпейтініне сенімді. Жауаптардағы деректерге сәйкес, респонденттердің 65%-і отбасы мүшелері мен қоғаммен қалыпты түрде өзара әрекеттеспейді.

Мүгедек әйелдер үшін қандай да бір зорлық-зомбылықтың нысаны болу қаупі қаншалықты жоғары?

Мүгедек әйелдердің қандай да бір зорлық-зомбылықтың нысаны болу қаупі қаншалықты жоғары екенін анықтау үшін респонденттерге келесі сұрақтар қойылды:

1. Мүгедек әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық туралы не ойлайсыз, мүгедек әйелдер үшін қандай да бір зорлық-зомбылықтың нысаны болу қаупі қаншалықты жоғары?

Респонденттердің жауаптары мүгедек әйелдер мен қыздарға қатысты орын алатын зорлық-зомбылықтың теріс қабылданатынын көрсетті. Олар мүгедек әйелдер мен қыздар отбасында да, қоғамда да зорлық-зомбылыққа көбірек ұшырайтынын атап өтті және солайша мүгедек адамдардың зорлық-зомбылыққа көбірек шалдығатыны туралы болжамымызды растады.

Респонденттер өздеріне қатысты зорлық-зомбылықтың салдарын бағалай отырып, зорлық-зомбылық қорлануды, ренішті, жан ауруын туғызатынын, ал олар болса, шарасыздық, жалғыздық сезімін, өмірден кетуге деген ұмтылысты туғызатынын атап өтті.

2. Сіздің ойыңызша, мүгедек әйелдер зорлық-зомбылықтың әлдебір түрінің нысаны болатыны неліктен?

Мүгедек әйелдерге қатысты орын алатын зорлық-зомбылықтың себептерін бағалауда респонденттердің пікірлерін келесі санаттар бойынша бөлуге болады:

  1. мүгедек әйелдердің қоғамдағы мәртебесінің төмендігі (әйелдер өз құқықтарын білмейді, кешірімді болып келеді, өздерін қорғай алмайды, зорлық жасаушы олардың мүмкіндіктерінің шектеулілігін пайдаланады);
  2. зорлықшының жазасыздығы (зорлықшы әйелдің ешкімге шағымданбайтынына және өз құқықтарын қорғау үшін тиісті органдарға жүгінбейтініне сенімді);
  3. мүгедек адамдарға қатысты таптаурындар (мүгедек әйелдер тартымды емес, сондықтан олар жыныстық зорлық-зомбылықтың нысаны бола алмайды; олардың балалары бола алмайды; оларды аяу керек, олар бақытсыз және ашулы; олар зорлық-зомбылықтың нысаны бола алмайды);
  4. туыстары тарапынан эмпатияның, тілектестік пен қолдаудың болмауы, олардың мүгедек отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауға тура келетініне байланысты жиі көрсететін наразылығы, оларды отбасы үшін масыл көретіні;
  5. төмен әлеуметтік-экономикалық мәртебесі (жұмысының, қызметінің болмауы, мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жәрдемақының жеткіліксіз мөлшері);
  6. өзін кем сезіну (мүгедек әйелдер өздерін отбасы мен қоғамға қажет емес деп, ғашық болуға және отбасын құруға және т.б. лайықты емес деп ойлайды).
  7. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың отбасылық жағдайы, отбасылық қарым- қатынастары, жұптар арасындағы қарым-қатынастар, достық, қоғаммен қарым- қатынастар (азамат ретінде, жұмыс ортасында, мәдени ортада және т.б.), өзін-өзі танып білу.

Бұл сұрақтар блогына 86 респонденттің ішінен 70 адам жауап берді (81,4%).

Отбасылық қарым-қатынастар (Сіздің отбасыңыз Сіздің мүгедектігі бар әйел ретіндегі қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру қажеттілігіне байланысты туатын жағдайларда қалай әрекет етеді?)

Елу үш адам немесе жауап берген респонденттердің 76%-і кірістің төмендігіне байланысты отбасы мүшелерінің ашулылығын және олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қиындықтарды атап өтті; олардың ішінде 21 адам немесе 40% ақшаның тіпті азық-түлік пен дәрі-дәрмекке де жетіспейтінін, өздерінің кедейлік шегінен төмен өмір сүретінін атап өтті.

Мүгедек әйелдердің жұбайлары жиі оларды балаларымен тастап кетеді, оларға көмектеспейді және олар зейнетақы мен балалардың жәрдемақысына өмір сүруге мәжбүр.

Мүгедектік мүгедек адамдарды ғана емес, сондай-ақ әртүрлі материалдық қиындықтарды жеңуге мәжбүр болатын олардың отбасы мүшелерін де тартып әкетіп, әсіресе ауылдық жерлерде өмір сүретіндердің кедейлігін шиеленістіреді. Өз кезегінде кедейлік мүгедектердің денсаулық сақтау және оқыту қызметтерін еркін таңдауға қол жеткізуін қиындатады, оларды оқшаулауға және кемсітуге әкеп соғады.

Респондент – мүгедек әйелдердің жауаптары:

  • Өз қажеттіліктерімізді қанағаттандыра алмаймыз. Алты адам 5000 теңгеге 1-2 апта өмір сүреміз, күйеуім ішеді, кедейлік шегінен төмен өмір сүріп отырмыз. Үйде үнемі ұрыс-керіс.
  • Бес адамнан тұратын отбасының бар табысы – 62 000 теңге. Үнемі қарыздамыз, операция жасауға несие алдық; өмір сүрудің мағынасы жоқ.
  • Болашақ жоқ, қиналып жүрміз, мемлекеттен еш көмек жоқ… Күйеуім зейнетақысын өзіне ғана жұмсайды, отбасын жалғыз өзім қамтамасыз етіп отырмын.
  • Ұлым жұмыс істемейді, екеуміз менің зейнетақыма – 36 000 теңгеге тұрамыз. Балам ішкенде тыңдамай кетеді, полиция шақырамын.
  • Үнемі қарыздамыз, 9 адам 87 000 теңгеге тұрамыз, бірінші күйеуім ішіп алып, мені ұратын, екіншісі бізді асыраудан бас тартты, ұлым жұмыссыз, жиі ішіп алып, үйде төбелес пен ұрыс шығарады.
  • Өте нашар тұрамын, күйеуім үйден қуып шығады, жұмыстан келгенімше балалар аш отырады.
  • Мен үйдегі үлесімді талап етпес үшін жеңгелерім мені ата-анамның үйінен кетуге мәжбүрледі.
  • Күйеуім екеуіміздің құлағымыз естімейді, сондықтан түнде кезектесіп ұйықтаймыз, егер екеуіміз де ұйықтап қалсақ, енем оны естімегенімізге ашуланып, келіп бізді тепкілейді.
  • Күйеуім емделуге ақша бермейді, зейнетақыны толығымен өзі алып алады.
  • Балаларым үшін өмір сүремін, өмірдің мәні – балалар, өзім үшін өмір жоқ, тек қолжетімді дәрі-дәрмектерді ғана сатып алуға шамам келеді. Бір-бірімізді түсінбейміз, СМС арқылы сөйлесеміз, өмірім бақытсыз.

Респонденттердің мұндай жауаптары төмен әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайының физиологиялық қажеттіліктерді, қауіпсіздік қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтінін және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себебі болып табылатынын көрсетеді.

Барлық респонденттердің ішіндегі 10 адам ғана өз өмірінің сапасын қанағаттанарлық деп бағалады. Бұл – ата-аналары көмектесетін, күйеулері жұмыс істейтін және үшінші топтағы жұмыс істейтін мүгедек мүшелері бар отбасылар.

Жұбайыңызбен/серігіңізбен қарым-қатынас (қарым-қатынасыңызды қалай бағалайсыз? Сіздің ойыңызша, мүгедектік Сіздің серігіңізбен/жұбайыңызбен қарым- қатынасыңызға әсер етеді ме?)

Елу үш респондент (75%) жұбайымен/серігімен қарым-қатынасы нашар екенін атап өтті. Мұның себебі – тұрмыстың нашарлығы, ақшаның жетіспеуі, жұмыстың жоқтығы, мүгедектік. Мұндай отбасыларда зорлық-зомбылықтың физикалық, экономикалық және психологиялық түрлері жиі кездеседі. Олар өзара қарым- қатынасты қалай құру керек екендігін білмейді. Олардың әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-заңгерлік көмекке қолдары жетпейді. Зорлық-зомбылық жағдайында өзін қалай ұстау керектігі және қайда, кімге жүгіну керектігі туралы ақпаратқа қолдары жетпейді.

Респонденттердің тек 25%-і ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністікті атап өтті.

Достық (Сіз азамат ретінде, жұмыс ортасында, мәдени ортада және т.б. өзіңіздің қоғаммен қарым-қатынасыңызды қалай бағалайсыз)?

Қырық сегіз жағдайда (68,6%) сұралған әйелдер мен ерлер өздерінің қоғаммен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарын нашар деп бағалады. Қарым-қатынас нашарлығының себебі ретінде олар қызметкерлердің немқұрайлылығы мен дөрекілігінің әртүрлі түрлері және экономикалық қолдау көрсетуден бас тартуын атап өтті. Респонденттердің көпшілігі қоғамдық жерлерде әлеуметтік қорғау қызметі, ЖПҚ, әкімдік қызметкерлері мен медициналық қызметкерлер тарапынан психологиялық зорлық- зомбылық көргендерін және адамдардың көзқарастарында, ым-ишараттарында, кездейсоқ айтылған сөздерінде («осы мүгедектер-ақ ығыр қылды», «осылар-ақ тоймайды екен» және т.б.) көрініс табатын өздеріне қатысты жақтырмай қарауды сезінетіндерін айтты. Дыбысты бағдаршам жоқ жерлерде көру қабілеті бұзылған мүгедек адамдарға көшеден өтуге адамдар, әсіресе жастар, көмектеспейді. Сондай-ақ, жиі автобус аялдамаларында жүргізушілер мен кондукторлар көру қабілеті бұзылған мүгедек адамдар үшін автобус нөмірін дауыстап айтпайды. Қоғамдық көлік уақыттың жоқтығын, кешігіп бара жатқанын, мүгедектерге арналған көтергіштің жоқ екенін сылтауратып, ТҚА функциялары бұзылған мүгедектерді тасымалдаудан жиі бас тартады.

Өз денеңізді және оның жақсы жақтары мен кемшіліктерін қабылдау; болашақ жоспарларыңызды бағалау?

Бұл сұраққа 86 респонденттің 70-і (81%) жауап берді, 16 адам жауап берген жоқ. Елу сегіз респондентте (83%) тұрақты ауырсыну, бөгеліп қалушылық, мүмкіндіктердің шектеулілігі және өзінің сыртқы көрінісі үшін ұялу сезімі өз денесіне наразылық тудырады. Тек 12 адам немесе респонденттердің 17%-і өз денесін барлық жақсы жақтары мен кемшіліктерімен бірге қалыпты қабылдайды. Мүгедек адамдардың 60%-інен астамы өз болашақтарын жоспарламайды, белгілі бір өмірлік мақсаттары жоқ. Он адам спортпен шұғылдануды және түзелуді жоспарлап отыр.

Сіздің ойыңызша, зорлық-зомбылықтың түрлі түрлері мен нысандарын бастан кешірген (кешіріп жатқан) адаммен не болуы мүмкін? Оның салдары қандай болуы мүмкін?

Бұл сұраққа 86 респонденттің ішінен 59 адам немесе 69% жауап берді: тірек-қимыл аппараты функцияларының бұзылуы бар респонденттер – 22 адам, көру қабілеті бұзылған респонденттер – 10 адам, есту қабілеті бұзылған респонденттер – 6 адам, жалпы аурулар бойынша мүгедектігі бар респонденттер – 21 адам.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close