Қоғам

БҰРЫНҒЫ МИНИСТРЛЕР ӘКІМ БОЛДЫ

1 қыркүйектегі Президент жолдауынан кейін, елдегі кадрлық ауыс-түйіске құлақ түрген қарашаның қалауы кеш орындалып жатыр. Көпшілік мұны кадр тапшылығына теліді. Бұл сөз шындыққа жанасатындай.

Мәселен, бұрынғы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысына әкім болды. Естеріңізде болса, Астанадағы Kaspi Bank-ке жасалған шабуыл кезінде экс-министр жеке құрамды өзі бастап, арнайы операция жүргізген еді. Мундирін костюмге айырбастаған полицейдің карьерасына көз салсақ прокуротура, антикор, полицияда түрлі қызмет атқарған.

Күні кеше Президент Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовті жаңадан ашылған су министрлігіне алып кеткен еді. Біршама уақыт бос тұрған орынға бүгін бұрынғы ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отырды. Екі шенеунік те бұрынғы лауазымдарында бір жылдан астам уақыт отырған еді.

Абай облысындағы өрт кезінде ағыл-тегіл жылған Зүлфия Сүлейменова да жылы орнымен қоштасты. Енді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі еді.

Кадрлық ауыс-түйістер әліде жалғасатын болады. Кезек Ақмола облысы және Шымкент қаласында.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close