Қоғам

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ПЕН ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ

Қазақ ер-азаматты шаңырақ иесі, әйелді отбасының алтын қазығы деп бағалаған. «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, ерлі-зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек.

Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындығы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді.Жоғарыда айтылғандай, біздің елімізде әйелдер теңдігін қамтамасыз етуге ықпал ететін 2009 жылы екі заң қабылданды. Оның бірі-«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсанындағы №223-ІҮ Заңы болса, екіншісі-«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы №214-ІҮ Заңы.

Жалпы, гендер-ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры деген ұғымды білдіреді.

Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік  теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елемізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады. Бұл саясатқа Елбасының өзі тереңірек мән беруде. Президент Н. Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді…» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызымет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығ мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Жақсы іс әріден бастау алады. Атап айтқанда, тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен осы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия дүниеге келді. Әйелдерді саясатқа, үкіметтік билік органдарына, экономикаға, бизнеске қатыстыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері белгілі.Қазір қоғам болып ұстаз қауымының мәртебесін көтеруге күш салуда. Білім заңына да «ұстаз мәртебесі» деген арнайы бап енгізілді. Ұстаз адамның адам болып қалыптасуына ықпал жасайтын бірден бір маман. Осы орайда ұстаз еңбегінің бағалануы өте дұрыс. Бұл мен үшін зор құрмет. Қазір көп ата-ана «баланы киіндіріп, ішіндіріп, ата-аналық міндетімді орындадым» деп ойлайды. Ал өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін ең басты, керек нәрсе ата-аналық жылылық екенін түсінбейді. Ата-ананың бала алдындағы басты парызы, киіндіріп, ішіндіруден де бұрын-дұрыс тәрбие беруі. Ұрпақ тәрбиесінің жақсы болуы-елдің жарқын болашағының кепілі.

Егер отбасында бәрі жетіп тұрса әйел адам сырттан гөрі үйдің ішінің сәнін кіргізгені дұрыс қой. Әйел адам өмірге сәби әкеліп, соны жақсылап тәрбиелесе басты міндетін орындағаны дер едім. Рас Іскерлік, ақылдылық, білімділік жағынан алда тұрған әйелдеріміз баршылық. Бірақ көп емес. Сондықтан ер адамдардың оқбойы озып тұрғаны жарасымды да. Өзім гендерлік саясатты қолдамаймын.

Ұстаз бақыты шәкіртіңмен бірге қуана білу. Біз үшін басты марапат-ата-ана мен оқушының алғысы.

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демей ме? Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытуда. Олар қандай қызымет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда.

Ұл тәрбиесі

Жас әкелерге арналған кеңестер ұсынып отырмыз. Кім де болса өзінің, атқа мінер, үйдің түтінін түтетер ұлының тәрбиелі болғанын қалайды. Сондай әкелерге арналған ұлдардың тәрбиесі жайында ой бөліспекпіз.

Ұл тәрбиесінде ұлдарға  болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт- байлық, жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер  мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай  үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі.

«Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауыл бол» дейтін халық даналығына сай, ұлдары тайға мініп өз  тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастаған соң, адамгершілігі жоғары, білімі  терең жақсы адамдармен көрші болып, өнерлі, үлгі-тағылымды кісілермен жиі барыс-келіс жасап, ұрпақтарының тамаша үлгі – өнеге алып өсуіне тамаша шарт-жағдай әзірлеп береді. Арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болып шығуға талпындырады, түрлі жиын-тойлар мен үлкен кіші ортасында әдепті, ибалы, тәртіпті, мәдениетті болуға, өзін дұрыс ұстап, жаман мінез, жағымсыз қылық көрсетпеуге дағдыландырады. Үлкен кіші ортасында бей- әдеп сөз сөйлеп, асып-таспауға, ашық –шашық жүгірмеуге үйретеді. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет істесе де кішпейіл, қарапайым, қажырлы болып, ер азаматқа лайық ерлік, серілік танытып, еркектік мінез, азаматтық тұрғыдан жазбауға жетелейді. «Еркек мінезді әйелден, әйел мінезді еркектен без» деп еркекте еркектік,  әйелде әйелдік қасиет болуын дәріптейді.

Ұлдарды еңбекке тәрбиелеуде әр отбасы «еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «ерте тұрған еркектің бір ісі — ілгері«, «еңбек-бақыт, байлықтың атасы» деп ұрпақтары ес біліп, қолғабысқа жарай бастаған кезден бастап ерте тұрғызып, түрлі шаруаларды істетіп, жұмыстарға жұмсап тәрбиелей бастайды.

Ер балалардың 7 мен 10 жас аралығын «қозы жасы» деп, бұл жастағы балаларға әр түлік мал мен оның төлдерінің бөгенайын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын  қойған. 10жастан  20жасқа дейінгі жасты «қой жасы», «қотан жасы» деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың «ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау» сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған. 20 жастан 30 жасқа дейінгі жасты «жылқышы жасы» деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел танып, жер танып, жылқының жиырмаа қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да батыр болу талабы қойылады. Ұрпақтарды жасына қарай талап қойып тәрбиелеу тәрбиенің жұғымдылығын арттырады. Ар- намысты, атақ –даңқты жеке басы мен өз мүддесін жоғары қоюдай ұлы мұрат, асқақ арман орнатуына тамаша негіз қалайды.

Бұл тәрбие ұл балалардың жауапкершілікке және қожайындық сезімі биелей бастайды.  Мен отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Есейгенде ақыл-айла, күш-қайрат жақта ақаусыз есейіп, туған жерге, Отанға, халыққа мол үлес қосу санасын жоғарылатады. Әрқашан өздерін ел алдында ер азаматтық биіктен көрсетуге тырысатын намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып шығады.

Ұл бала тәрбиелеуші аналарға 15 кеңес

«Ұл баланы тәрбиелеу оңай емес», — дейді білгендер. Бұдан қыз баланы тәрбиелеу оңай екен деп ойламаңыз. Себебі, ұл баланың өзіне тән қасиеттері бар.

Демек, ұл өсіріп отырған аналарға аса ыждағаттылық керек.

1. Адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастырыңыз. Сырын бәріне емес, тек бір адамға айтсын. Сол адам – сіз болыңыз. Сонда ұлыңызда адамдарға деген сенім қалыптасады, өз ойына терең бойлайды.

2. Қандай да бір іс болмасын, қолдаңыз. Ұл балаға ең қажетті байлық – өзіне деген сенімділік. Әзірше бұл сенімділікті сіз арқылы алады, сіздің назарыңыз ұлыңыз үшін маңызды.

3. Бірге кітап оқыңыз. Өзіңіз оқыған кітапты ұлыңыз да оқығанын қаласаңыз, қызығушылығын арттыруға тырысыңыз.

4. Әйел затын құрметтеуге үйретіңіз. Қарындасын түрту, бақшасындағы қыздардың шашын тарту – бұлар түсіндіруді қажет етпейді деп ойлайтын шығарсыз, бірақ бұл жазалауға тұратын іске әкелуі мүмкін.

5. Әдеп қағидаларын үйретіңіз. Дастарханға үлкеннен бұрын қол созбау, өзінен кішілерге жол беру, дұрыс қарым–қатынас жасау – бұл майда–шүйде деп ойламаңыз. Мұқият болсаңыз, келешекте өзгелер үлгі ететін ұлдың анасына айналасыз.

6. Бір нәрсеге сенсе, оның бетін қайтаруға тырыспаңыз. Мысалы, Аяз Ата, сиқырлы таяқшаға, алтын балыққа… Бұлардың бәрі ізгілікке қызмет ететін образдар.

7. Сыпайылыққа тәрбиелеңіз. Ұл бала — жұмсақ сыпыртқы емес. Бірақ, реті келгенде сыпайылық, яғни дипломатиялық іске бейімділік қажет.

8. Бірге саяхатқа шығып тұрыңыз. Бұл арқылы сіз ұлыңыздың үйдегі мен түздегі өзін-өзі ұстау қабілетін байқай аласыз.

9. Басқаларға жақсылық жасауға үйретіңіз. «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» екендігін ұқтырыңыз.

10. Тәжірибе – уақытымен. Егер ұлыңыз бір нәрсені ойдағыдай істей алмаса, оны жазғырмаңыз. Бұл білмегендіктен не тәжірибесіздіктен емес. Уақытымен тәжірибе жинап бейімделіп кететініне сендіріңіз.

11. «Неге?» деген сұрақтарын жауапсыз қалдырмаңыз. Ұлыңыз көп сұрақ қойса қуаныңыз. Бұл оның ақыл–ойының дамуына, жетілуіне ықпал етеді. «Неге?» деген сұрақ қоймауынан Құдай сақтасын.

12. Әкесімен тығыз қарым – қатынас орнатыңыз. Ұл бала эмоционал жағынан көбіне анаға жақын болғанымен, рухани тұрғыда әкеге жақын. Әкесімен қарым–қатынас ұл баланың бойына ерлік қасиеттерді дарытады.

13. Бірге армандап үй құрыңыз. Мейлі топырақтан, мейлі оймен. Ұл баланың жұмысқа қабілеті – кішкене «құрылысшылықтан» басталады.

14. Ұлыңызды уақытымен еркелетіп, жылулық сездіріңіз. Махаббатпен тәрбиелеген баланы бұзу оңай емес. Балаңыздың жүрегіндегі махаббат оны көп жамандықтан қорғайды.

15. Әрқашан үйден мақтау естіп тұрсын. Сонда көшеге үйір, үйді зындан көретін балаға айналмайды.

Қыз бала тәрбиесі

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма –
Олай болса, уысыңнан шығарма.
Ұл мен қызын шолжаңдатса бетімен,
Тартар күйік, ет кескендей етінен.

Жүсіп Баласағұни

Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.

Қызды «жат жұрттық» деп қадірлеп, төрінен түсірмеген. Басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың, барған жеріңде шешесі үйретпепті демесін деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіруге тырысады.

Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.

Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып,әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы ожан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу − бұл қазақтың ежелден келе жатқан философиялық даналығы деп білемін. Ұлтымыз қазақ деп ұрандағанда сол ұлтымыздың діні, тілі, тарихы, салт-санасы ойымызға оралады. Ұлттың тыныс-тіршілігі де осы баланы отбасынан бастап(бесіктен) дұрыс тәлім-тәрбие беріп, түзу жолға қоюдан анық байқалады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close