Қоғам

ҒИМАРАТТАРДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРУ БОЙЫНША ІС-ҚИМЫЛ

Өртті сөндіру бойынша іс-қимылдар өрттің пайда болу орнына байланысты.

Егер өрт төменгі қабаттарда пайда болса, онда өрт бөлімшелері жану ошағына және оның таралу жолдарына от сөндіргіш заттарды тез арада енгізе алады. Бірақ бұл жағдайларда қауіпті аймақтан адамдарды көшіру үшін көп өрт бөлімшелері мен арнайы құралдар мөлшері қажет етіледі. Жоғары қабаттарда өрттер пайда болған кезде оттың ғимарат бойынша таралуы онша қауіп төндірмейді, бірақ бұл жағдайда сөндіру құралдарын үлкен биіктіктерге енгізу қиындай түседі, сол сияқты құтқару жұмыстарын өткізуді қиындатады.

Көп қабатты ғимараттарда ӨСБ шешімі бойынша барлауды 4-5 адамнан тұратын барлау-құтқару топтарымен жүргізуге болады. Ғимараттың жоспарлануына, саты торларының бар болуы және өрттегі жағдайға байланысты барлауды бірнеше бағытта ұйымдастырады. Барлау-іздеу топтарында жеке қорғану құралдары, тасымалы радиостанциялар, сөйлесу құрылғылары, ұзындығы 50-60 м немесе 5 қабатқа дейін жететін 30 метрлік құтқару арқандары, жарықтандыру құралдары болуы тиіс. Барлық жағдайларда ғимараттың кіре берісінде өртке келетін бөлімшелерге ӨСБ бұйрықтарын беретін радиостанциясы бар күзет орны қойылады. Барлау-құтқару топтарының негізгі тапсырмасы ғимараттың жанып жатқан және жоғары қабаттарында адамдарға төнетін қаіуптерді анықтау болып табылады.

Барлау процесінде ӨСБ әкімшілік өкілдерінен ғимаратта қалып қойған адамдардың санын, оларды көшіру бойынша қандай шаралар қолданылғандығын анықтауы тиіс. Өрт туралы хабарлау және көшірумен басқару жүйелерін пайдалана отырып, ол ғимаратта қалып қойған адамдар арасындағы үрейді ескеруі қажет. Аталған жүйелер болмаған кезде электромегафондар және дауыс күшейткіш құралдарды пайдаланады. Автосатылар, иінді көтергіштерді және басқа да құтқару құралдарының қолдану мүмкінділігін, оттың және жану өнімдерінің ғимарат бойынша негізгі таралу жолдарын анықтайды. Өртке қарсы ішкі су құбырларының өрт сорғыштары іске қосылғанын, өрт сөндірудің стационарлы құралдарын қолдануға бола ма, өртке қарсы қорғау жүйелері қимылғы келтірілгендігін анықтайды. Жоғары қабаттарға өрт-техникалық жабдықтар мен жеке құрамды көтеру үшін лифтілерді пайдалану мүмкіндігін анықтайды.

ӨСБ барлау жүгiзу кезiнде негiзгi тапсырмаларды орындаудан басқа: әкiмшiлiк өкiлiнен ғимаратта адамның бар-жоқтығын және санын анықтауға;

өрт болған жерден төмен немесе жоғары орналасқан қабаттарға түтiнденбеген саты торлары мен ғимараттың үстiне түтiн бармайтын аралас бөлмелерге, балкондар, лоджиялар және т.б. арқылы басқа жаққа бағыттаудың қысқа жолдарын анықтауға;

iшкi өртке қарсы су құбырының өрт су сорғыштары iске қосылғандығын және тұрақты өрт сөндiру түтiндi сейiлту және температураны түсiру құралдарын пайдалануға болатындығын анықтауға;

түтiнге қарсы қорғаныс жүйесiнiң iске қосылғандығын және оның жұмыс тиiмдiлiгiн анықтауға;

саты торларының, балкондардың, өрт көтерiштерiнiң, автосатылардың сондай-ақ басқа да құтқару құралдарын пайдалану мүмкiндiктерiн бiлуге тиiсті.

Эвакуационды және құтқару жұмыстарын өрттегі жағдайды, күштер мен құралдардың бар болуы және адамдардың психологиялық күйін ескере отырып өткізеді. Қосымша күштер мен құралдар мөлшерін анықтай отырып, ӨСБ өртке келу сәтінде және олардың жұмысқа кірескендегі жағдайды бағалауы тиіс.

Адамдар өміріне қауіп төнген кезде құтқару жұмыстарын максималды күштер мен құралдар мөлшерін пайдалана отырып дереу бастау қажет. Көшіру және адамдарды құтқару жұмыстарын келесі әдістермен ұйымдастырады: ғимараттан немесе ғимарат ішінде адамдарды қауіпсіз жерге шығару; саты торлары және сыртқы көшіру жолдары бойынша адамдарды көшіру, сол сияқты адамдарды автосатылар, иінді көтергіштер, шығармалы сатылар, құтқару арқандары, жеке құтқару құралдарымен, құтқару жеңдер көмегімен құтқару. Адамдарды құтқару үшін көршілес ғимараттардың шатырларын пайдаланылады.

Өтпелер және саты торлары бойынша көп мөлшерлі көшіру кезінде көшіру жолдарында үрейді болдырмайтын және адамдардың шығуларға бет алуын ұйымдастыратын өрт сөндірушілер қойылады.

Биік қабатты ғимараттардан адамдарды құтқару кезінде автосатылар, иінді автокөтергіштерді көп өлшерде қолдануға және бір уақытта ГТҚҚ буыны мен бөлімшелерімен корридорлар бойынша адамдарды көшіруді жүргізуге болады. Шығармалы өрт сатыларын жанып жатқан ғимаратқа қосылатын блокталған шатырларда орналастырады, ал шабуыл сатыларын «тізбек» бойынша бірінен соң бірін орнатады. Үлкен тұрақтылық үшін екі ілмегі бар шабуыл сатыларын пайдаланады. Бұл жағдайда әрбір шабуыл сатысының «тізбегінде» сатыны ұстайтын және құтқарушыларға көмек көрсететін өрт сөндірушілер тұрады. Құтқарылушыларды міндетті түрде арқандармен сақтандырады.

Адамдарды іздеу кезінде барлық бөлмелерді мұқият тексереді, әсіресе жанып жатқан, жоғарыда орналасқан қабаттарда және жабылып қалған лифт кабиналарында. Бөлмелерді қайтадан тексермес үшін, олардың кіру есіктерінде белгілер қалдырады.

Көшіру-құтқару жұмыстарын өткізумен бір уақытта ӨСБ көшіру жолдарында от пен түтіннің таралуын болдырмау, сол сияқты құтқару жұмыстары өткізілетін лифт шахталарында температураны төмендету шараларын қабылдайды. Бұл мақсаттар үшін бірінші кезекте, өртке қарсы су құбырын және өрттерді сөндірудің стационарлы жүйелері, сол сияқты түтінді жою жүйелері пайдаланылады. Түтінді жою кезінде түтін жою клапандары тек жанып жатқан қабатта ғана ашық болуы тиіс, өйткені бір уақытта басқа қабаттарда клапандарды ашқанда жоғары орналасқан қабаттар түтінге толады.

Ғимаратта түтінге қарсы жүйелері жоқ немесе істен шыққан болса, ӨСБ түтінді жою және оттың таралуын болдырмау үшін қозғалмалы құралдарды пайдалануды қарастыру қажет: түтін жоятын өрт автокөліктерді, тіркемелі немесе тасымалы түтін сорғыштарды.

Түтін жою автокөліктері немесе түтін сорғыштар көмегімен түтінді саты торына, лифт шахталарына ғимараттың вестюбилі арқылы жояды. Биік қабатты ғимараттар вестюбиліне ауаны түтін жою автокөліктерімен беру нұсқасы келтірілген.

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері және өртке қарсы қызмет гарнизонының басшылары өрт орнына келісімен жедел штабты құрады, учаскелер мен жеке барлау-құтқару топтарымен байланысты нығайтады. учаскелерді әрбір саты торының жағынан құруға болады. ЖУ бір уақытта өрт сөндіруді және зардап шеккендерді құтқарады. Ғимараттың периметрі бойынша, әсіресе өрт сатылары бойынша құтқару жұмыстарын өткізу және ұйымдастыру үшін, учаскелерді әр түрлі жақтардан құрады және оларға қажетті құтқару құралдарын береді. Жеке жағдайларда корридорлы жоспарлануы бар ғимараттарда өрт дамуы кезінде учаскелерді бірнеше қабаттардың бір саты торы жағынан құрады, ал олардың жұмысын бақылау үшін бір тәжірибелі жұмыскерді – сектор бастығын тағайындайды.

Өртке келген басқарушы құрамнан бір тұлғаны құтқару жұмыстарын өткізуге, газтүтіннен қорғау қызметін ұйымдастыруға, техника қауіпсіздігін сақтауға,   өрт   техникасы   бойынша  үздіксіз  жұмыс   істеуге   жауапты   етіп тағайындайды. Биiк қабатты ғимарттардағы өрттi сөндiру кезiнде барлауды кем дегенде 4- 5 адамнан тұратын және өздерiне қажеттi ӨТЖ, байланыс құралдары, ТОЖҚҚ, ұзындығы 50-60 м. құтқару арқандары, жарықтандыру құралдары бар бiрнеше барлау-құтқару топтары жүргізулері қажет.

Өрт ғимараттың қай қабатынан шыққанына қарамастан барлау-құтқару тобының бiрiншi кезектегi негiзгi мақсаты адамдарға қауiп төну шамасын анықтау. Бұл ретте айрықша назар жанып жатқан және жоғары орналасқан қабаттардағы бөлмелерге назар аудару қажет. Өртті сөндіру процесінде ӨСБ әрдайым КҚЖБО байланысты қамтамасыз етуі тиіс, ал КҚЖБО аға диспетчері өрт орнынан мәліметтерді алғаннан кейін, көмекті қажет ететін адамдардың орналасу орнын, олардың күйі мен саны туралы ӨСБ тез арада хабарлауы тиіс. Биік қабатты ғимараттардың жоғарғы аймақтарында өтетін өрттерді сөндіру қиындық туғызады. Ең алдымен сорғыш-көтергіштерді іске қосады және өртке қарсы ішкі су құбырынан оқпандарды енгізеді. Бір уақытта өрт орнына орнатылған өрт машиналарынан магистралды және жұмыс желілерін өткізеді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close