Қоғам

“ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚТЫ” МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРУ КЕРЕК ПЕ?(ВИДЕО)

Жел тұрса сөнетін жарық үшін жұрт екі есе ақы төлеп отыр.

Электр энергиясын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын жалғыз серіктестіктің жұмысы депутаттарды да мезі еткендей. Оңтүстік Жарық Транзиттің басшысын ортаға алған халық қалаулылары, мекемені мемлекет меншігіне қайтару керек деген ұсыныс білдірді. Жекенің меншігіне кеткен Су ресурстары маркетингін шымкенттік депутаттар шулап жүріп мемлекетке қайтарған еді. Түркістан облысының халық қалаулылары мұны қайталай алар ма екен? Ал, серіктестік директоры сынға әбден үйреніп алғандай. Сан сауалға сабырлы жауап берді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың облыс халқымен кездесуінде көп көтерілетін мәселенің бірі осы жарық. Оңтүстік Жарық Транзиттің кемшілігін жарыса жариялаған депутаттар директорға сыннан сабақ алуға аздаған уақыт берді. Басшы келіскендей болып бас изеп, жиналыс аяқталды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close