Тәлім-тәрбиелік маңызы зор кездесу
Ордабасы ауданындағы Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектепте Ордабасы ауданының әкімі Н.Тұрашбековтың бекіткен жоспарына сәйкес Жоғары сынып оқушыларымен қоғамдық ұйым жетекшілерімен, зиялы қауым өкілдерінің кездесу кестесіне сәйкес карантин талаптарын ескере отырып кездесу өтті.
Жиынға ауданның құрметті азаматы Жакей Бостандық, Темірбек Ибрагимов, Жеңіс ауыл округінің әкімі Туреев Маратбек, Жеңіс ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемпірбайұлы Айдархан қатысып, оқушылармен ашық сұхбат әңгімелесу, сұрақ-жауаптар болды.
Жиын барысында әрбір зиялы қауым өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісе отырды. Оқушыларға тәлім-тәрбиелік маңызы зор кездесу болғандай. Тағылымы терең бұл жиыннан оқушылар өмірлік азықтарын алды деуге де келеді. Ешқандай жасандылықсыз өткен жиын жастарға берер дүниесі ұшан теңіз екені көрініп тұрды. Алдағы уақытта осындай зиялы қауым өкілдерімен жүздесу жиі болса деген ұсыныстар түсті. Жастарға, яғни оқушыларға берер тағылымы терең. Жастар біздің болашағымыз. Болашаққа салған капитал тектен тек болмаса керек.