Без рубрики

4,7 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАНА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАСЫН ТҰРАҚТЫ ТӨЛЕЙДІ

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының көлемі жыл сайын артып келе жатқанымен, тұрақты түрде міндетті зейнетақы жарнасын аударатын азаматтардың саны әлі де төмен. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдау орталығы жүргізген зерттеуде айтылды.

Зерттеу дерегіне сәйкес, бүгінде елімізде небәрі 4,7 миллион адам ғана жылына 9–12 ай бойы тұрақты түрде зейнетақы жарнасын аударады. Бұл – елдегі жұмыс күшінің жартысынан аз бөлігі.

Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш көптеген азамат үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану мәселесінен гөрі, болашақта зейнетақының жеткіліксіз болуы негізгі қауіп екенін аңғартады.

Сонымен қатар Қазақстанда зейнетақы активтерінің көлемі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 14,5 пайызына жеткенімен, бұл көрсеткіш зейнетақы жүйесі дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мәселен, Дания, Исландия, Швейцария, Канада, Нидерланды және Аустралияда зейнетақы активтерінің көлемі ЖІӨ-нің 100 пайызынан асады.

Мамандардың айтуынша, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ең алдымен тұрақты жарна аударатын азаматтар санын көбейту қажет. Сондай-ақ ресми жұмыспен қамту деңгейін арттыру, еңбек өнімділігін және халықтың табысын өсіру, зейнетақы активтерінің нақты табыстылығын тұрақты деңгейде сақтау маңызды.

Сарапшылардың пікірінше, осы бағыттағы жүйелі реформалар ғана қазақстандықтардың болашақтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыра алады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close