Қоғам

ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Тұрақты сыртқы су құбыры желiсiн жүргізу және өрт гидранттарын орнату, сондай-ақ өрт сөндiру су айдындары мен басқа да су көздерiн салу бойынша негiзгi құрылыс жұмыстары басталған кезде оларды өрт сөндiру үшiн пайдалануға болатындай есеппен жүргiзiледi.

Уақытша өрт резервуарларының (су айдындарының) сыйымдылығы, олардың саны, салынып жатқан объектiдегі орналастыру орындары жобалау құжаттамасында анықталады. Сейсмикалығы 8 және 9 балл аудандарда сумен жабдықтау жүйелерiнде бiр көздi (оның iшiнде бiр ысырмада су алу кезiнде үстіңгі көзді) пайдалану кезiнде сыйымдылықтарда өрт сөндiруге арналған су көлемi «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнде көрсетiлгеннен екi есе артық көзделеді. Ауданы 300 м2 және одан астам асханалар ғимараттың (құрылыстың) қасбетiне немесе тәулiк бойы персонал болатын үй-жайға шығарылған автоматты өрт дабылымен жабдықталады. Салынып жатқан әрбір объектіде өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі туралы тақта, өрт болған жағдайда жұмыс істейтін іс-қимылдар туралы жад- нама, мемлекеттік емес өртке қарсы құралымдардың жауынгерлік есептоптарының тізімі, өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту тәртібі ілінеді. Құрылыс аумағының көрінетін жерлерінде, «Өрт дабылы» деген жазуы ілінген, дабыл беру үшін дыбыс сигналдары көзделеді.

Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі 

Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздері (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндіру су қоймалары, өрт сөндіру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшін оларға кіреберістер тұрақты жарамды күйде күтіп ұсталады. Өртке қарсы су құбыры желілерінің, өрт гидранттары мен өрт крандарының су жіберуі мен жұмыс қабілеттілігі жылына кемінде екі рет (көктемде және күзде) тексеріледі. Өрт гидранттары жарамды күйде ұсталады, ал қысқы уақытта жылы оралады және қар мен мұздан тазартылады. Су құбыры желісінің учаскелері ажыратылған, гидранттар бұ- зылған немесе желідегі қысым қажетті мөлшерден азаюы кезінде су арна- сының (елді мекендердің су құбыры желілері бойынша) диспетчері немесе объектінің (ұйымның немесе кәсіпорынның су құбыры желілері бойынша) өртке қарсы сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін адамы бұл туралы өртке қарсы қызметке хабарлайды. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің (оның ішінде өрт гидранттарының, өрт сөндіру су қоймаларының), өрт сөндіру машиналарын орнатуға арналған пирстардың орналасу орындары, өрт сөндіру машиналарын ғимараттар мен құрылыстардың өрт түтіктеріне қосу орындары, сондай-ақ қозғалысты олардың болатын жерлеріне бағыттау стандарттау құжаттарының талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.

Жерасты өрт гидранты орналастырылған жердің жанында «ӨГ» әріптік индексі, нұсқағыштан бастап гидрантқа дейінгі метрдегі қашықтық цифрлық мәндермен жазылған жарықтандырылған немесе флуоресцентті нұсқағыш орнатылады. Өрт сөндіру су қоймасында «ӨС» әріптік индексі, шаршы метрлердегі су қорының цифрлық мәндері және бір мезгілде су қоймасы алаңында қойылатын өрт сөндіру автомобильдерінің саны жазылған ұқсас нұсқағыш орнатылады. Ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерінің өрт крандары клапаны бар бұру тетігі үй-жайдың еденінің үстінен 1,35 ± 0,15 м биіктікте болатындай етіп орнатылады, түтікқұбырмен және оқпандармен жабдықталады және пломбаланатын өрт шкафтарына салынады. Қосарланған өрт крандарын бірінің үстінен бірін орнатуға жол беріледі, бұл ретте екінші кран еденнен кемінде 1 м биіктікте орнатылады. Шкафтың есігінде «ӨК» әріптік индексі және реттік нөмірі көрсетіледі. Өрт түтікқұбырлары құрғақ, жақсы оралып немесе бүктеліп жиналып крандар мен оқпандарға жалғанып ұсталады. Сорғы станциясының үй-жайларында өртке қарсы сумен жабдықтаудың жалпы схемасы және сорғыларды байлау схемасы ілінеді. Әрбір ысырмада және өрт сорғы-көтергіште олардың мақсаты көрсетіледі. Сорғы-көтергіштерді қосу тәртібі техникалық нұсқаулықтарда анықталады.

Өрт сорғыларының электр қозғалтқыштарын қоректендіру кәсіпо- рынның электр жабдықтауымен үздіксіз қамтамасыз етіледі.Сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының су өлшеу құрылғыларының суландыру желілерінде электр жетегі бар ысырмалар көзделеді, ысырмаларды ашу өрт шкафтарында орнатылған түймелерден жүргізіледі және өртке қарсы су құбырының сорғы-көтергіштері болған жағдайда, оларды іске қосуды бұғаттайды. Су өлшеу құрылғыларының суландыру желілерінде орнатылған электр жетегі бар ысырмалардың жұмыс қабілеттілігі жылына кемінде екі рет, ал өрт сорғылары ай сайын тексеріледі. Өртке қарсы мақсаттарға арналған сорғы қондырғылары қолмен және қашықтықтан басқарумен, ал биіктігі 50 м-ден асатын ғимараттар, мәдени-ойын – сауық мекемелері, конференц залдар, акт залдары үшін және спринклерлік, дренчерлік қондырғылармен жабдықталған ғимараттар үшін қолмен, автоматты және қашықтықтан басқарумен көзделеді. Өртке қарсы мақсаттар үшін сорғылар автоматты    немесе қашықтықтан іске қосу дабылымен қатар, өрт кранын ашумен, спринклерлік суландырғышты ашумен немесе дренчерлік жүйені қосумен (қолмен немесе автоматты) бір мезгілде су құбырының кірмесіндегі су өлшегіштің айналма желісінде электрлендірілген ысырманы ашу дабылымен қамтамасыз етіледі. Табиғи немесе жасанды су көздері (өзендер, көлдер, бассейндер, градирнялар) жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру автомобильдерін орнату және су жинау үшін өлшемі кемінде 12 х 12 м қатты төсемі бар алаңдарымен (пирстарымен) кіреберістермен қамтамасыз етіледі. Жасанды су қоймаларын, су көздеріне кіреберістер мен су жи- нағыш құрылғыларды үнемі әзірлікте ұстауды құрылыстардың меншік иелері қамтамасыз етеді. Су мұнаралары жылдың кез келген уақытында өрт техникасының су алуы үшін бейімделеді. Өрт сөндіру мақсаттарына арналған су қорын шаруашылық және өндірістік қажеттіліктер үшін пайдалануға жол берілмейді. Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жабдығы (өрт гидранттары, өрт крандары, сумен және көбікпен өрт сөндіру түтіктері, сондай-ақ су бүрку құбыр жүйелері) пайдалануға қабылдаудың алдында және жылына кемінде екі рет (көктемде және күзде) техникалық қарап-тексеріледі, су жіберу арқылы олардың жұмыс қабілеттілігі (су беруі) тексеріледі.

Техникалық қарап-тексеруге жатады:

  • механикалық зақымдардың (сызаттардың, жарықшақтардың және тағы басқаларының) бар-жоғын анықтау, лак-бояу жабынының тұтастығын айқындау мақсатында өрт кранын қарап-тексеру;
  • жиынтығын тексеру;
  • өрт түтік құбырының кранға және оқпанға жалғану дұрыстығын және оларды алып-салудың жеңілдігін бақылау;
  • өрт оқпаны мен крандағы, түтікқұбырдағы және түтік бағанындағы жалғама бастиектердің резеңке төсемшелерінің жай-күйін тексеру;
  • кранның су беруіне гидравликалық сынақтарды жүргізу және (немесе) түтіктерге су беру;
  • қысымды жоғарылататын сорғыны қосатын, сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырының жиекті желісіндегі электр ысырмасын ашатын түй- менің жарамдылығын тексеру;
  • өрт сөндіру түтікқұбырының оралуы;
  • өрт кранының пломбалануы.

Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтауды сынау +5оС-ден төмен емес температурада жүргізіледі. Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің су беруін техникалық қарап-тексеру және тексеру нәтижелері, актімен және сынау хаттамасымен рәсімделеді. Су өткізу желісінің су беруін тексеру актісінің, өрт гидранттарын тексе- ру актісінің, ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін сынау актісінің, су беруді сынау хаттамасының және өрт крандары клапандарының жұмыс қабілеттілігін сынау хаттамасының нысандары осы 

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық 

  1. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық осы Қағидалардың талаптары негізінде, ғимараттардың, құрылыстардың, технологиялық процестердің, технологиялық және өндірістік жабдықтың өрт қауіптілігі ерекшелігін негізге ала отырып әзірленуі тиіс.
  2. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарда мынадай мәселелерді көрсету қажет:
    • аумақтарды, ғимараттарды, құрылыстар мен үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялау жолдарын күтіп ұстау;
    • жабдықты пайдалану және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялық процестердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтау және тасымалдау;
    • жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды қарап тексеру және жабу;
    • темекі шегу, ашық отты қолдану және от және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу үшін орындарды орналастыру;
    • жанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау және жою, арнайы киім-кешекті ұстау және сақтау;
    • үй-жайларда бір мезгілде болатын шикізат, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің рұқсат етілген мөлшері;
    • ауытқуы өрттің немесе жарылыстың шығуына әкелуі мүмкін бақылау-өлшеу аспаптарының шекті көрсеткіштері (манометрлер, термометрлер).

Өрт кезінде персоналдың іс-әрекеттері, оның ішінде:

  • өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру;
  • технологиялық құрал-жабдықты авариялық тоқтату;
  • желдеткіш пен электр жабдықтарын ажырату;
  • өрт сөндіру құралдары мен өрт автоматикасын пайдалану;
  • адамдарды, жанғыш заттар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау;
  • кәсіпорынның барлық үй-жайларын қарап тексеру және жарылыс- өрт қауіпсіз күйіне келтіру.

Эвакуациялау жоспарын жасау жөніндегі нысан

  1. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзірленеді. Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтіндік бөлімдерден тұрады. Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды. Мәтіндік бөлімде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық іс-шараларына өрт туралы құлақтандыру және адамдарың эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі күштерін жұмылдыру жазылады.
  1. Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін жұмылдырылған қосымша күштердің болуына қарай адамдарды эваку- ациялаудың бірнеше (3-5) түрі көзделеді. Эвакуациялау жоспарларының мәтіндік бөлімде әрбір нұсқа бойынша мыналар: өрт туралы адамдарға құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру (эвакуация- лау қажеттілігі, құлақтандыру аймағы мен құлақтандыру әдістері, құлақтандыру құрамы туралы кім шешім қабылдайды); қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуацияла- уға жұмылдырылған қосымша күштерді (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, аймақтар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары); эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезінде қозғалыс тәртібі, қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдісіне қатысудағы қосымша күштердің міндеттері); эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланғандарды бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету); көрермендерді эвакуациялау үшін қосалқы шығу орындарын қолдану, ар- найы жабдықты қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әртүрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон және радио байланысын) қолдану көзделеді.
  1. Жоспардың графикалық бөлімінде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары (эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен) көрсетіледі. Құрылыс ішінде адамдар жаппай жиналған бол- са, жоспарларда бұл аймақтарды эвакуациялау бағыттары көрсетілген, түрлі түсті реңктермен белгіленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эва- куациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті ирек жолмен) көрсетіледі.
  2. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтіндік бөлімдері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру бекеттері мен қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объектінің басшылығында көзге көрінетін жерде тұрады. Графикалық бөлімдегі белгілердің толық жазылуы эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.
  1. Жалпы құрылыс үшін жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр аймақ (сектор, үй-жайлар тобы) аймақтар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілер болуы тиіс, өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртіп ережелері туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзін- ділермен (әртүрлі нұсқалар) қамтамасыз етіледі. Эвакуациялау жоспарының үзіндісінде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есік, балкон, дәліз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтар- дың белгілері бар бөлмелер көрсетіледі. Эвакуациялау жоспарынан үзінді арналған үй-жай сектордың, аймақтың әр қабаттық жоспарында «Сіз тұрған үй-жай, аймақ…» деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау жолы бұл үзіндіде жасыл түсті тұтас сызықпен көрсетіледі. Эвакуациялау бағытын көрсететін сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауіпсіз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейін жүргізіледі. Эвакуациялау жоспарынан алынған үзінді үй-жайда көзге көрінетін жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардан алынған үзіндінің көлемі 20х30 см кем емес.

Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндінің астында қолданған белгілердің түсінігі беріледі. Үзіндінің мәтіндік бөлігінде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердің міндеттері мен әрекеттерінің бірізділігі көрсетіледі. Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзіндінің мәтіндік бөлігі аймақтан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершілік атқаратын адамда болады. Эвакуациялау жоспарын кәсіпорынның, ұйымның басшысы бекітеді. Үзіндінің мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендерді эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қосалқы күштер танысады.

Бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі 

  1. Объектіде (ғимаратта, құрылыста) өрт сөндіргіштердің типін таңдау және қажетті санын анықтау олардың өрт сөндіру қабілетіне, жанғыш материалдың түрі бойынша өрт сыныбына, қорғалатын үй-жайдың немесе технологиялық жабдықтың ерекшеліктеріне және басқа да параметрлерге (оның ішінде қорғалатын үй-жайдағы ортаның температурасына, өрт сөндіргіштен өрт сөндіргіш заттың ағынының ұзындығына, оның жұмыс істеу уақытына және өрт сөндіргіштың сыйымдылығына) байланысты жүзеге асырылады.
  2. Өрт сөндіргіштің типі (тасымалданатын немесе жылжымалы) ықтимал өрт ошағының ауданына байланысты анықталады. Қорғалатын үй-жайда құрама өрт ошақтарының шығуы ықтимал жағдайда өрт сөндіргіштің типін таңдаған кезде қолданылу саласы бойынша барынша әмбебап өрт сөндіргіштер алынуы тиіс.
  3. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша әртүрлі санаттағы ғимараттардың, құрылыстардың және құрылымдардың үй-жайларын қорғауға арналған өрт сөндіргіштер саны бір өрт сөндіргішпен қорғалатын шекті ауданға және осы қосымшаның 1 және 2-кестелеріне сәйкес үй-жайдың жалпы ауданына байланысты анықталады.

Өрттің ықтимал ошағынан бастап өрт сөндіргішті орналастыру орнына дейінгі қашықтық:

  • қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар үшін – 20 м;
  • А, Б және В1-В4 санаттарындағы үй-жайлар үшін – 30 м;
  • Г санатты үй-жайлар үшін – 40 м;
  • Д санатты үй-жайлар үшін – 70 м.
  1. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда әр қабатта кемінде екі қол өрт сөндіргіші орналастырылуы тиіс
  2. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша Д санатты, ауданы 100 м2 кем үй-жайларды қол өрт сөндіргіштерімен жарақтамауға рұқсат етіледі.
  3. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша бір санатағы бірнеше шағын үй-жайлар болған кезде қажетті өрт сөндіргіштер саны осы қосым- шаның 1 және 2-кестелері бойынша осы үй-жайлардың жиынтық ауданын есепке алып анықталады.
  4. Кәсіпорыннан қайта зарядтауға жөнелтілген өрт сөндіргіштер заряд- талған өрт сөндіргіштердің тиісті санымен алмастырылуы қажет.
  5. Қымбат электронды жабдығы бар, сондай-ақ тарихи құндылыққа ие заттарды сақтауға арналған үй-жайларды (оның ішінде телефон станцияла- рының, мұражайларлардың, мұрағаттартың үй-жайларын) қорғау үшін өрт сөндіру кезінде жоғарыда аталған заттардың өрт сөндіргіш затпен зақымда- ну қаупін болдырмау үшін ауа-эмульсиялық және көмірқышқыл өрт сөндіргіштер қолданылуы тиіс.
  6. Автоматты стационарлық өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар нормативтік тиістіліктің 50 % есебінің негізінде қол өрт сөндіргіштерімен қамтамасыз етіледі.
  7. Объектіде орналастырылған барлық өрт сөндіргіштердің белгіленген нысандағы паспорттары болуы қажет.
  8. Өрт сөндіргіштерді көрінетін жерлерде және үй-жайдан эвакуациялық шығу жолдарының жанында еденнен 1,5 артық емес биіктікте орналастыру жүзеге асырылады және өрт кезінде адамдарды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялауға кедергі келтірмеуі қажет.

Толық массасы 15 кг кем өрт сөндіргіштер олардың үсті еденнен 1,5 м аспайтын биіктікте орналасатындай етіп орнатылуы тиіс. олық массасы 15 кг және одан астам тасымал өрт сөндіргіштер өрт сөндіргіштің үсті 1,0 м аспайтын биіктікте орналасатындай етіп орнатылуы тиіс. Оларды кенеттен әсер етуден ықтимал құлап қалуларынан міндетті бекітіліп еденге орнатуға болады.

  1. Өртке қарсы жайма, өрт сөндіруге арналған қылшық жүнді мата немесе киіз (төсеніш, жанбайтын материалдан жасалған жамылғы) қақпақты металл футлярларда сақталуы және үш айда кемінде бір рет кептірілуі жәнетозаңнан тазартылуы қажет.
  1.  Бастапқы өрт сөндіру құралдарын, механикаландырылмаған құрал-саймандар мен өрт мүлкін ішкі өрт сөндіру су құбырымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталмаған өндірістік және қойма үй-жайларында, сондай-ақ сыртқы өртке қарсы су құбыры жоқ кәсіпорындардың (ұйымдардың) аумағында орналастыру үшін немесе осы кәсіпорындардың ғимараттары, құрылыстары және сыртқы технологиялық қондырғылары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінен 100 м астам қашықтықта шалғай орналасқан кезде өрт қалқандары жабдықталады. Өрт қалқандарының қажетті саны мен олардың типі үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың және сыртқы технологиялық қондырғылардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санатына, бір өрт қалқанының шекті қорғайтын ауданына және өрттің сыныбына байланысты анықталады.
  1. Өрт қалқандары осы қосымшаның 4-кестесіне сәйкес алқашқы өрт сөндіру құралдарымен, механикаландырылмаған өрт құрал-саймандарымен және өрт мүлкімен жинақталуы тиіс.
  2. Өрт қалқанының жанына орнатылатын су сақтауға арналған бөшкелердің көлемі кемінде 0,2 м болуы және олар шелекпен жинақталуы қажет. Құм салуға арналған жәшіктердің көлемі 0,5 м3, 1,0 м3 немесе 3,0 м3 болуы және қалақ күрекпен жабдықталуы керек. Жәшіктің конструкциясы құм алып шығуға қолайлы болуы және жауын-шашынның түсуін болдырмауы қажет.
  3. Құм салынған жәшіктер қалқандармен бірге үй-жайларда немесе тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтардың төгілуі ықтимал ашық алаңқайларда орнатылады.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close