Қоғам

ӨРТ ЖӘНЕ ӨРТТІҢ ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРЫ

Жаңғыш материалдар түрлеріне байланысты, өрт келесі кластарға бөлінеді:

  1. Қатты жаңғыш заттар және материалдар өрті — А
    2. Сүйық аңғыш және балқылатын қатты заттар, материалдар өрті- В
    3. Газ өрті –С
    4. Металдар өрті – Д
    5. Кернеу астындағы электроқондырғылар жаңғыш заттары мен
    материалдар өрті – Е
    6. Ядролық материалдар, радиоактивті заттар және қалдықтар өрті

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу
— Өрт сөндіру құралдарының жоқтылығы, түгелді болмау, ақаулық жағдайда болу
— Апаттық шығу терезелер мен есіктерінде метал торларының болуы
— Ағаш конструкцияларының өрттен қорғалмағандары
— Эвакуациялық апаттық шығудың заттармен жабылуы
— Электроқондырғылармен істеу кезінже ережелерді бұзу
— Өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру
нормативті-құқықтық
актілерінің жоқтылығы
— Басшылар және қызметкерлердің өрт қауіпсізідігін сақтау
бойынша дайындықтарының жеткіліксіздігі

Тұтану көздері

Электр ұшқындары, статикалықэлектр қуаты, аппараттар және қондырғылар
ыстық және қызған қабырғалар, дәнекерлеу, шамдардың ашық оттарын пайдалану
өртке қауіпті материалды сақтауын бұзу, тиым салынған орында темекі тарту сонымен қатар технологиялық қондырғылардың ашық оттары.
Машина, жабдықтар детальдарының соғылуы, үйкелесу кезіндегі ұшқындар

Адамға, мүлікке әсер ететін өрттің қауіпті факторлары
1. ұшқындар, жалын
2. Жылы ағындар
3. Қоршаған орта температурасының жоғарлауы
4. Жану токсикалық өнімдерінің концентрациясының
жоғарлау
5. Өттек концентрациясының төмендеуі
6. Түтінге байланысты көрудің төмендеуі

Ғимарат категориялары
А) Өрт және жарылысқа қауіпті Жанғыш газдар (ЖГ), жарқыл температурасы 28%-дан аспайтын, оңай тұтанатын, өрт және жарылысқа қауіпті (ОТС) заттар ауада оңай оталатын бу қоспасын түзіп, ол тұтанғанда жарылыс қысымы 5 кПа-дан асады. Сумен немесе оттегімен әрекеттескенде жарылыс тудыруы және жануы мүмкін заттар жанғанда немесе жарылғанда қысымы 5 кПа-дан асатын мөлшерде болады. Жанғыш шаңдар мен талшықтар. Жарқыл температурасы 28 °С-дан асатын жарылыс және өртке қауіпті ОТС тұтанғанда бөлмедегі ауа қысымы 5 кПа-дан асатын мөлшерде.
Б) Өрт және жарылысқа қауіпті
В1–В4, ЖЗ және қиын жанатын сұйықтар, өртке қауіпті қатты және сұйық заттар мен өрт қаупі бар материалдар (соның ішінде шаңдар мен талшықтар), Сумен, оттегімен немесе бір-бірімен әрекеттескенде тек жанатын, бірақ олар сақталынатын бөлмелер А және Б ктегорияларын жатпайтын.
Г) Ыстық, балқыған немесе қызған заттарды өңдеу барысында олар ұшқынды жылу, жарқыл немесе жалын шығарады; ГГ, ЖГ және отын ретінде пайдаланылатын қатты заттар.

Өрт сөндіру жолдары
салқындату, араластыру, оқшаландыру
Реакцияларды химиялық тежеу көбікпен, су ағынымен,  суды шашыратып
жанғыш заттарды салқындату, судың ағындарымен

Өртті алдын алу негіздері.
— өрттің сипатына байланысты өрт сөндіргіш құралдар мен
қондырғылар және өрт сигнализациясы;
— материалдарды өртке қарсы антипиренмен және өртке тұрақты бояумен сырлау;
— өрттің таралуын шектейтін қондырғылар;
— өрттен қорғану жүйелерін пайдалану;
Бұл көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін өрт қауіпсіздігі
саласындағы нормалық-құқықтық құжаттарды білу мен онда көрсетілген
талаптарды орындау міндетті болып табылады. Бұл орайда қызметкерлерді өрт қауіпсіздігіне үйрету өртке қарсы инструктаждармен таныстыру арқылы орындалады да, олар сипатына және өткізу уақытына байланысты кіріспе, жұмыс орнында алғашқы, қайталау, жоспардан тыс және арнайы болып бірнеше түрге бөлінеді.

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке
зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін,
қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт факторларының әрекеттері:
Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

  • жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
    •сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен
    •объектілерге қашықтықтық әсері;
    •жану зонасында иісті газбен улану;
    •жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
    •құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып
    •құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Орман өрттері
Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Өндіріс орындарындағы өрт

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады. Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.

Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрттің алдын алу шаралары

  • құрылыстық-жобалау;
    •техникалық;,
    •ұйымдастырушылық;
    •Құрылыстық-жобалау шаралары — ғимараттар мен құрылыстардың отқа
    •төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын
    •жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шаралары:

Өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау; құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау; әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар — құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

Өрт сөндіру тәсілдері

Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
ыстық жагғыш заттың температурасын
оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

Өрт сөндіру құралдары

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған
жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал
-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от
сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті
отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).
Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанатын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close