Білім

«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымының Ұлағатты Ұстаздары мен ата –аналары және білімпаз оқушыларымыз!
Баршаңызды бүгінгі «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймын!
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»,  — деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай «Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ».
2020-2021 оқу жылында оқушыларымыздың жеткен жетістіктері толағай.
Атап айтсақ кеше ғана 19 мамыр күні өткен Республикалық «Жас қанат» олимпиадасында Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Умирзақ Онласын жүлделі ІІІ-орынды иеленіп қуантуда.
Республика бойынша ҰБТ ең жоғарғы балл жинаған 5 оқушының 2 оқушысы біздің Ордабасы ауданының оқушылары, 139 бал жинаған Ш.Уалиханов атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Шәмші Ақберен Серғалиқызы мен 138 бал жинаған «Теспе» жалпы орта мектебінің оқушысы Әбдіманап Абзал Бауыржанұлын Ұлттық тестілеу орталағының директоры Д.Смағұлов арнайы сыйлықтар табыстап құттықтады.

Түркістан облысы «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастырған конкурстар мен олимпиадаларында оқушыларымыздың алар орны ерекше болды.
Жас тарихшылардың «Менің кіші отаным» атты Республикалық интеллектуалды конкурсының женімпаздары «Бөген» жалпы орта мектебінің оқушылары Әбдіхалық Серікболсын ,Асан Жансая, Сәрсенбай Сабина, Мақұлбек Диана ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен, жетекшілері Байсейіт Гүлнар Болғанбайқызы мен Мәдіханұлы Ержан аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары «Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебінің оқушысы Артықбаева Дильназ жетекшісі Қамшы Бегайым Серікбайқызы, Ш.Уалиханов атындағы мектеп гимназияның оқушысы Алимжан Ұлжан жетекшісі Садыкова Нургуль Абибуллаевна, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Мырзақасым Айгерім жетекшісі Алишева Меруерт Токтасыновна, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Әбділда Алихан жетекшісі Қожекен Меруерт Амантайқызы арнайы дипломдармен және аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әл-Фараби атындағы Республикалық ғылыми конкурсында «Жас информатик» номинациясына ие болған Ш.Уалиханов атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Әбдір Нармахан жетекшісі Нұрлыбай Макен Байблатқызы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жаратылыстану- математика циклы пәндері бойынша өтілген Президенттік олимпиаданың мақтау қағазымен Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Бекжанов Намазбек жетекшісі Шахзадова Рахила Задиновна және Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Тазабек Ботакөз жетекшісі Вуйко Наталия Викторовна аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«DARYN ECOART» сурет және көркем қолөнер республикалық экологиялық конкурсының облыстық жеңімпаздары С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Ханайвазов Б. мен Ханайвазов М. арнайы дипломдармен және жетекшісі Қалау Қалшагүл Мамбетқызы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«DARYN ECOART» сурет және көркем қолөнер республикалық экологиялық конкурсының облыстық жеңімпаздары Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сатымбек Зауре арнайы дипломмен және жетекшісі Шожина Бакытжан Кайыровна аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада жүлделі орын саны 53.
Облыстық ғылыми жобалар конкурсы Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Вуйко Ярослава ІІІ орынды иеленді

Республикалық «Ақбота» интеллектуалды марафоны, жүлделі орын саны — 585
Облыстық «Зерде» 2-7сын. шығармашылық байқауы, жүлделі орын саны — 7
Республикалық «Байтақ ел» олимпиадасы, жүлделі орын саны – 30.
Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында облыстық «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық турнирінде Амангелді атындағы жом. орыс командасы 3 орын /Вуйко Ярослава. Тазабек Ботакөз/ «Үздік спикер» номинациясымен Ө.Тұрманжанов атындағы.жом. Әбдірахман Жұлдыз және Б.Кенжебаев атындағы.жом. Бейсен Елнара марапатталды.
10 сынып оқушылары арасында өтілген Облыстық «TURAN» олимпиадасының қорытындысы бойынша Амангелді ат.жом. Балтабаева Аңсаған Бекетқызы ІІ-орын, М.Исламқұлов ат. жом. Қоқан Әмина Мұратбайқызы ІІ-орын, Б.Нұрлыбеков ат.жом. Орынбаев Акежан Канатович ІІІ-орын иеленді.
«Мың бала» жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып,еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Басты мақсаты: Ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 2021жылғы 29 сәуірдегі №123 бұйрығы негізінде Ордабасы ауданы «U-Study» -дың мамандандырылған базасында 2021жылдың 5 мамыр күні «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының» екінші кезеңі өтті. Ауданымыздың 43 білім алушысы математикалық сауаттылық, қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндері бойынша тест тапсырды.
Республикалық «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен наградтау қағидасы бойынша 9 оқушы қола медалінің иегері атанды.
1.Ш.Уалиханов ат.мектеп гимназиясының 9сын.оқушысы Қожаберді Ілияс Бауыржанұлы.
2. Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің 3 оқушысы Асылхан Гүлбану Ерланқызы/10сын/, Жамалбек Кәусар Мұратқызы /9сын/, Бейсен Елнара /10сын/
3. Б.Нұрлыбеков ат.жом. 10сын.оқушысы Исламкулова Айнұр Бекбосинқызы.
4. М.Исламкулов ат.жом. 2оқушысы Жолдасбай Айдана Қайратқызы /9сын/, Сарсенбиева Таңшолпан Қайратқызы /9сын/
5. Қ Бектаев ат.жом. Құрбанова Нұрсұлу /10сын/
6. «Атамекен» жалпы орта мектебінің 9сын.оқушысы Ибрагимова Қазына Барболқызы.
«Хабар» телеарнасының «ХХІ ғасыр көшбасшысы» жобасына көшбасшылық қасиеттері бар талантты оқушыларды іріктеу кезеңі ZOOM платформасында өтті. Іріктеу кезеңнің қорытындысы бойынша Ш.Уалиханов атындағы мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Бектурсынов Дархан ең жоғарғы балл жинап «Хабар» телеарнасының «ХХІ ғасыр көшбасшысы» жобасына қатысып Алғыс хатпен марапатталды.
Биылғы«IQanat-2021» олимпиадасына аудан бойынша 8 сыныптар арасында 1192 оқушы қатысып, 240 оқушы және 9сыныптар бойынша 1172 оқушы қатысып, 288 оқушы ІІ кезеңге өтті. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 8-9 сыныптар бойынша 8 оқушы «IQanat» республикалық слетіне жолдама алды.
«Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» өзге ұлт өкілдеріне арналған республикалық олимпиадада Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысыШолохова Полина 8сынып ІІІ-орынды иеленді.
Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде «Жаратылыстану математикалық» бағыт және Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша оқушыларымыз І,ІІ,ІІІ-орындарды иеленді.
2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығының қорытындысы бойынша Достық ЖОМ мұғалімі Оразбекова Ақ жарқын Республикадағы ең үздік ұстаз Дипломымен және трасформер ноутбукпен марапатталды

Бір ғана оқу жылында осыншалықты жетістіктерге жетіп, оқушыларға білім мен бағдар берген ұстаздарға алғыс айтамын!

Құрметті ұстаздар қауымы!
Осындай ұшан-теңіз еңбектеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз келер ұрпақ– ертеңгі болашақ үшін атқарылған еңбектеріңіз деп білемін. Келешек ұрпағымызды ғажайып білім әлеміне жетелейтін ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі үшін мың алғыс!
Қымбатты түлектер!
Сіздер бүгін талай жыл білім нәрімен сусындатқан мектеппен
қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар.
Ел болашағы – Сіздердің қолдарыңызда! Сондықтан білім алу, мамандық игеру жолында дұрыс таңдау жасап, тек алдыңғы сапта болыңыздар!
Бүгінгі 2021 жылдың «Соңғы қоңырау» мерекесі құтты болсын!

Тілек білдіруші Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close