Қоғам

ОТБАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ РӨЛІ

Отбасы және отбасы-неке қарым-қатынастары институтын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ететін және азаматтық қоғамның тұрақтылығы мен орнықты дамуының факторы болып табылатын отбасы қарым-қатынастарында гендерлік теңдікке қол жеткізу. Гендерлік теңдік қағидаларына бағдар алған эгалитарлық отбасының жаңа үлгілерін қалыптастыру. Ерлерді үй жұмысы саласына және балаларды тәрбиелеу процесіне тарту.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады». «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы отбасы- неке қатынастарын белгілейді және реттейді. Олардың басты қағидаттары – отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі, балаларды отбасында тәрбиелеудің басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Халық санағының деректері бойынша (1999 ж.) Қазақстанда 3,5 млн. отбасы бар. Отбасының орташа шамасы – 4 адам, соның ішінде ауылда – 4,6 адам, қалада – 3,6. Некеде әйелдердің 56 %-ы және еркектердің 62 %-ы тұрды. Некеге тұрудың орташа жасы ұлғайып келеді. 2004 жылы ол әйелдерде 24,0 жасты, еркектерде – 26,9 жасты құрады. Шамамен 1 млн. адам (9,1 %) жесір болып табылады, әрі олардың арасындағы әйелдер саны еркектерге қарағанда 6 есе көп, негізінен үлкен және егде жас есебінен.

Шамамен 700 мыңға жуық адам (6,4 %) – ажырасқан және айырыласқан азаматтар, мұндағы әйелдердің саны да еркектерге қарағанда екі есе дерлік артық. 23 жастан асқан әйелдердің 0,5 миллионнан астамында немесе әрбір тоғызыншысында бала жоқ. 445 мың үй шаруашылығы немесе 11 %-ы балалары бар аналардан ғана тұрады, оның ішінде үштен екісіне жуығы – жасы кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер.

Отбасы ішіндегі міндеттердің бөлінуі дәстүрлі сипатқа ие және әйелдерді кемсітеді. Еркектердің уақытының бюджеті әдетте еңбекақы төленетін жұмыстан және бос уақыттан құралады, әйелдердікі – еңбекақы төленетін жұмыстан, үй ішіндегі міндеттерден, бала тәрбиесінен және отбасы мүшелерінің қажеттіліктеріне қызмет көрсетуден құралады.

Қазақстанда отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша жеткілікті құқықтық база жасалған. Қоғамда отбасының маңыздылығын, оның жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі, қоғамдық тұрақтылық пен үдерісті қамтамасыз етудегі рөлін түсіну. Отбасы мен балалардың мүдделерін ескеру қажеттігін мойындау, сондай- ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің арнайы шараларын қолдану. Отбасының патриархаттық құрылымын іс жүзінде реформалау және гендерлік серіктестік пен ынтымақтастыққа бағдар алған түрлі жаңа үлгілердің пайда болу үрдісі байқалады.

Бір ата-анадан және балалардан тұратын толық емес отбасылар негізінен аналарға тән болып табылады. 1999 жылғы халық санағына сәйкес басшысы әйелдер болып табылатын толық емес отбасылар 91%-ды құрады. 850 мыңға жуық адам немесе халықтың 6%-ы отбасынан тыс өмір сүреді. Отбасындағы балалар тәрбиесіне әкелердің ықпалы азайды. Ажырасу саны артып келеді, отбасының беделі түсуде, отбасының ішкі өміріндегі шиеленіс, әйелдерге қатысты жанжалдар мен зорлық-зомбылық фактілері күшейе түсуде.

Отбасына қолдау көрсетудің әлеуметтік кепілдіктерін одан әрі жетілдіру оның нығаюына ықпал ететін болады. Барлық отбасыларының қолы жете алатын мектептен тыс мекемелер, мектеп оқушыларына арналған жазғы сауықтыру лагерьлері жүйесін дамыту. Отбасылы ерлердің өмірі бойдақ адамдарға қарағанда ұзақ.

Ресми некеде ешқашан тұрмаған адамдар санының өсуі байқалады. 23 жастан асқан осындай әйелдер мен 26 жастан асқан еркектердің саны шамамен тең, барлығы 1,2 млн. шамасында немесе әрбір бесінші дерлік. Зерттеулер көрсеткендей, бүгінде жас адамдардың елеулі бөлігі батыс елдердің тәжірибесімен тіркелмеген некеде тұрады. Көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен жас отбасылар неғұрлым қиын жағдайда қалып отыр. Болашақ адами әлеуеттің дамуындағы отбасының жасампаздық рөлін қазіргі заманғы қоғам толық түсінбейді және оған қолдау көрсетуі төмен. Көптеген отбасы жұптары мен күйеуі жоқ әйелдер бір баламен шектеледі немесе баланың тууын белгіленбеген мерзімге кейінге қалдырады. Демографиялық ағдайдың нашарлауы, жалғызбасты еркектер мен әйелдер санының ұлғаюы мүмкін.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close