Қоғам

ПОЛИЦИЯНЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ ДЕГЕН НЕ?

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік полицияның модельіне көшу азаматтық қоғамның қажеттілігіне бағдарланған полицияны реформалаудың маңызды кезеңі саналады». Аталған жоба Түркістан қаласында алғаш рет енгізілге болатын. Сонымен сервистік полиция дегеніміз не?

Бұл жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасында «Әкімшілік полиция жұмысының сервистік моделі:қазіргі жағдайы және даму болашағы» пәні бойынша оқулықтың, оқу құралдары мен монографиялық еңбектердің аздығына байланысты білім алушыларға біраз қиындықтар туғызуы мүмкін. Егер іргелі теориялық ережелер кеңес заманында дамыған болса, онда ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының ұйымдық құрылымы тәуелсіз бағытта дамып келе жатқанын мойындау керек.

«Әкімшілік полиция жұмысының сервистік моделі:қазіргі жағдайы және даму болашағы» құқық қорғау органдарының барлық ведомстволық оқу орындарында оқытылатын пән болып табылады. Пәннің жаңадан мамандануы қажет болды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, құқық қорғау органдарының қазіргі құрылымы түпкілікті нұсқа емес екендігі негізделген.

Қазақстан Республикасы қазіргі заманғы жағдайда демократиялық институттардың қалыптасуын және дамуын, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті құруды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамассыз етуде, әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы әрекет құралдарын талап етеді.

«Әкімшілік полиция жұмысының сервистік моделі:қазіргі жағдайы және даму болашағы» пәнінің мақсаты магистранттар мен докторантарға білімнің мәнін терең түсіндіруден және ішкі істер органдарындағы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын меңгертуден тұрады.

«Әкімшілік полиция жұмысының сервистік моделі:қазіргі жағдайы және даму болашағы» қолданыстағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының Конституциясында қамтылған құқықтық нормаларды, жалпы және арнайы мәселелер туралы хабарларды жан-жақты зерттеп, меңгеруді көздейді. Ішкі істер органдарының құқықтық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылармен күрес тәжірибесін зерделеу жөніндегі маңыздылығын атап өту қажет. Осы дәрістер курсында теория мен практика тығыз байланыста және міндетті шарттарының бірі болып табылады.

Оқу құралдың мазмұны мемлекет және құқық тарихы, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, қылмыстық процес, азаматтық құқық, азаматтық процес және т.б. сияқты арнайы пәндердің негізгі ережелерімен тығыз байланысты. Онда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесінің, соның ішінде ішкі істер органдарының даму тұжырымдамасының ережелері, Қазақстан Республикасының ведомстволық оқу орындарында оқытылатын аралас арнайы пәндердің ғылыми жетістіктері, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі мәселелері және озық тәжірибелік ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсетілген.

Бүгінгі әлемдегі барлық мемлекеттер, табиғи айырмашылықтарына қарамастан, қоғамның әрбір мүшесінің лайықты өмір сүру сапасына жетуі үшін, бүгінгі күні осы қоғамды басқаруды дұрыс әрі ұтымды ұйымдастыру арқылы ғана мүмкін болатынына келіседі. Бұл кез келген үкіметтің мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселесіне, оның мәні мен табиғатына ерекше назар аударатынын көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін құрудың негізі Ата Заңымызда қаланған. Алайда, біздің мемлекет даму кезеңінде, елдегі мемлекеттік басқаруды құру және ұйымдастыру міндетін дұрыс және толық іске асыру үшін, ең алдымен, біздің мемлекетіміздің тарихи ерекшеліктерін ескеру керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылдың 01 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің қоғамның дамуының жағымсыз аспектілерінің бірі – жеткілікті түрде дайындалмаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару. Бүгінде көптеген мәселелерді шешу осы факторға негізделген және оны тез жоюға болмайды. Бізде әзірге стратегиялық міндеттерді патриоттықпен және шыншыл шешетін жоғары кәсіби деңгейге ие адамдар тым аз» екені аталады.

Мұның бәрі нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік басқару практикасын жетілдіруді және теорияны дамытуды шұғыл түрде талап етеді. Біз, бұл жерде, Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының стратегиялық даму жолына сәйкес келетін басқарудың, экономикалық ынталандырудың және құқықтық реттеудің механизмін әзірлеу туралы айтып отырмыз.

Әкімшілік құқық -құқықтық реттеу жүйесінде ерекше орын алады, ол қоғамдағы әлеуметтік процестерді басқарудың маңызды құралы болып табылады. Онда барлық деңгейдегі мемлекеттік атқарушы биліктің қызметі, осы салада қалыптасатын басқару сипатындағы қоғамдық қатынастар, басқа мемлекеттік органдардың басқару функцияларына қатысты ішкі ұйымдастырушылық қызметі, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың. мекемелер мен кәсіпорындардың сыртқы ұйымдастырушылық қарым- қатынастарының тиісті шекаралары бар.

Әкімшілік полиция қызметінің түсінігі және құқықтық реттелуі.

Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция қызметі-бұл қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы ІІО (ішкі істер органдары) міндеттері мен функцияларын ұйымдастыруға және практикалық іске асыруға бағытталған атқарушы-әкімшілік қызмет.

Әкімшілік қызмет Ішкі істер органдары қызметінің сыртқы және ішкі саласын қамтиды.

Сыртқы қызмет-бұл ұйым ішіндегі қатынастардан тыс билік функцияларын жүзеге асыру, олар қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарға, лауазымды адамдарға және қарапайым азаматтарға қолданылады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және қоғамдық тәртіпті қорғаумен байланысты іс жүзінде барлық іс-шаралар сыртқы әкімшілік-құқықтық сипатқа ие.

Ішкі қызмет-ІІО-ның барлық қызметтер мен бөлімшелердің үздіксіз жұмыс істеуін, ішкі істер органдары қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Ішкі қызмет: штаттарды, құрылымдарды, аппараттардың (немесе қызметтердің) функцияларын анықтауды, бақылауды, жоспарлауды, өзара іс-қимылды ұйымдастыруды, есепке алу мен есептілікті, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуді, тәртіпті сақтауды қамтиды.

Әкімшілік полиция қызметінің негізгі белгілері:

-мемлекеттік – билік сипаты-ІІО өз өкілеттіктерін мемлекет атынан жүзеге асырады;

-полиция адамдардың іс-әрекеттері мен іс-әрекеттеріне құқықтық баға беруге, белгіленген мінез-құлық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыруға, құқық бұзушылықтарды анықтауға, заңнамада белгіленген тәртіппен құқық бұзушылықтарға ден қоюға, өз құзыреті шегінде міндетті талаптар қоюға құқылы;

-заңға тәуелді болып табылады, заңдарды, құқықтық актілерді орындау үшін және олардың негізінде жүзеге асырылады, қолданыстағы заңнама шегінде, тиісті заңды құралдарды қолдану негізінде құрылады;

-атқарушылық-өкімдік сипатта болады, негізгі мақсаты — полицияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы орындау; — атқару функцияларын табысты іске асыру үшін полицияға өкімдік өкілеттіктер берілген.

Әкімшілік полиция қызметінің негізгі қағидаттары-бұл ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік қызметте басшылыққа алатын негізгі ережелер, идеялар.

Әкімшілік полиция қызметінің негізгі қағидаттары:

-жалпы немесе конституциялық – ізгілік, заңдылық, ұлттық теңдік және адам құқықтарын құрметтеу, әлеуметтік әділеттілік, кәсіби құпия мен жариялылықты үйлестіру;

-билік органдарымен, еңбек ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен            өзара            іс-қимыл            жасау             принциптері;

-ұйымдастырушылық-аумақтық және сызықтық принциптердің үйлесуі, жоспарлау, мәселелерді шешудегі жан-жақты көзқарас пен ғылым, алқалылық пен командалық бірлік, алдын-алу бағыты, сендіру мен мәжбүрлеудің үйлесімі;

-тактикалық принциптер-құралдар мен күштердің күрделілігі, икемділік пен үздіксіздік, тиімділік, құралдар мен күштер резервінің болуы, маневрлік;

ІІО әкімшілік полиция қызметінің ұйымдастырушылық қағидаттары:

-салалық-әкімшілік қызметтің әртүрлі түрлерінің барлық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді, мамандануын қамтамасыз етеді, полиция қызметкерлерінің қызметінің тиімділігі мен кәсібилігін арттырады;

-аумақтық-ішкі істер органдарының қызметтері орналасқан қалалардың, аудандардың ерекшеліктеріне негізделген (халық саны, географиялық орта, жедел жағдай);

-желілік-көлемі жағынан шағын ұжымдардың жұмыстарын ұйымдастыру кезінде пайдаланылады;

-әрбір бағыныштының бағыныштының қызметін бақылайтын өзінің тікелей бастығы болады; функционалдық-қамтамасыз ету және үйлестіру функцияларын (жоспарлау функциялары, қаржылық, кадрлық және т. б.) жүзеге асыратын бөлімшелер мен қызметтерді құру;

— қос бағыныстылық қағидаты-жоғары тұрған органның өкімдеріне байланысты төмен тұрған орган қызметінің бағыты (тігінен бағыныстылық);

-өкілеттіктерді ұтымды бөлу қағидаты — әрбір қызметкер мен бөлімше үшін құқықтарды, міндеттер мен міндеттерді заңды түрде бекіту; жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік – жұмыстың тиімділігі мен сапасы үшін жауапкершілік, қызметтік міндеттерге адал қарауға тәрбиелеу, бастықтың бағыныштыларға деген талапшылдығы.

Ішкі істер органдарының негізгі функцияларын іске асыра отырып, полиция : жедел-іздестіру, қылмыстық процесс және әкімшілік қызметті жүзеге асырады. Олардың тығыз байланысына қарамастан, осы қызмет түрлерінің әрқайсысының өз мақсаты мен жүзеге асыру тәсілі бар.

Басқару органы бола тұра, Ішкі істер органдары атқарушы және орындаушы функцияларды атқарады, бұл функцияларды іске асыру көбінде әкімшілік құқық нормаларымен іске асырылады. Олар әкімшілік құқықтық қатынас ретінде болады.

Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бұл нақты, күнделікті, тәжірибелік түрде мемлекеттің Құқық қорғау саласындағы міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған, ұйымдастырылған атқарушы және орындаушы қызмет.

Өзінің мағынасы жағынан Ішкі істер органдарының (полицияның) — көптеген аппараттары мен қызметтері әкімшілік болып саналады, оның ішінде мыналарды құрайды: қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лицензия рұқсат беру жүйесі, әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру, полицияның учаскелік инспекторларының, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметі, табиғат қорғау және айелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау қызметі, көші қон қызметі, жол полициясы, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және басқалар.

Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті — қамтамасыз ету, қоғамдық орындардағы жағдайдың тыныштылығын, жеке тұлғаны қорғау, оның құқықтары мен бостандықтарын, азаматтардың, кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау, заңға қайшы әрекеттерді ескерту, табу, жолын кесу, құқық бұзушыларға әкімшілік процессуалдық қамтамасыз ету және әкімшілік жазаларын қолданудағы Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметі маңызды бір бағытын құрайды.

Қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған қызметінің — мазмұны, біріншіден, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс жүзіндегі міндеттерді шешу барысында, екіншіден, қоғамдық тәртіпті күнделікті тікелей қорғауды мемлекеттік органдар және қоғамның күшімен және құралдарымен міндеттерді шешу барысында қалыптасатын және дамитын әкімшілік құқықтық қатынастарды құрайды.

Бірінші жағдайда, штаттарды анықтау, кадрларды таңдау, тағайындау және оқыту, қоғамдық тәртіпті қорғауға шешім дайындау және осы шешімдерді тәжірибелік түрде ұйымдастыру, бақылау функциялары мен ішкі ұйымдастыру қатынастарын іске асыру туралы сөз қозғалып отыр.

Екінші жағдайда, қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде болатын жағдайлар, мысалы: азаматтың қоғамдық тәртіпке қиянат жасайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасау немесе Құқық қорғау органдарына кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың қару жөндеу шеберханаларын ашуға рұқсат алуы. Бұл жерде осы қатынастардың субъектісі Құқық қорғау органдарына қызметтік бағыныштылығы жоқ азаматтар, органдар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар және олардың лауазым иелері болып саналады. Қарастырылып отырған қатынастар Құқық қорғау саласындағы, азаматтардың, лауазымды адамдардың заңдылық талаптарын тікелей қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарды ескертуге, жолын кесуге және құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартуға бағытталған шараларды іске асырумен көрінетін Құқық қорғау органдарының сыртқы әкімшілік қызметіне тән.

Бұл жерде, Құқық қорғау органдарының ішкі ұйымдық және сыртқы қызметі бір бірімен тығыз байланыста, басты мақсаты азаматтар мен лауазымды адамдардың еңбек етуі, демалысы, түрлі сұраныстарын қанағаттандыруға, құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға бар қажетті қолайлы жағдайларды жасау болып саналады.

Әкімшілік полиция қызметіне- тән ерекшеліктер: мемлекеттік – биліктік және ұйымдық сипат, тиісті мемлекеттік атқарушы билік органдарына бағыну мен бақылауында болу, жедел (тікелей) басқарудағы орталықтандырылған басшылық элементтерінің үйлесімділігі, заңға бағынштылығы, алдын алу бағыттылығы болып табылады.

Құқық қорғау органдары әкімшілік қызметінің мемелекеттік – биліктік сипаты, осы органдардың құзырының шеңберіндегі мемлекет атынан заңмен қатаң белгіленген әкімшілік – құқықтық өкілеттіктерді жүзеге асырумен көрінеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әкімшілік функцияларын орындай отырып, орындауға міндетті нұсқаулар беруге, қажет болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдану құқығына ие болған басқару (өкімет өкілі) субьектісі ретінде таңылады. Сондықтан басқару обьектісіне байланысты Құқық қорғау органдарының қызметі өкім ету болып саналады.

Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметі тікелей ұйымдастырылатын қызмет. Әкімшілік қызметтің ұйымдық мәні оны ұйымдастыру барысында адамдардың Құқық қорғау мен қоғамдық тәртіп қорғау саласындағы міндеттерді шешуге және оны жүзеге асырудың мақсаттылығымен көрінеді. Бұл мақсатта Құқық қорғаумен басқару жүйесінің жұмыс істеуімен, Құқық қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарға қатысушылардың қызметін үйлестірумен біріккен жұмыс ұйымдастырылады, оны орындауға бақылау мен қадағалау жүзеге асыруға байланысты мәселелер шешіледі.

Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметінің тиісті мемлекеттік билік  органдарына  және  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарына бағынуы және бақылануы. Бұл аталған органдар құқық бұзушылықтармен күресті ұйымдастырудың, өздеріне жүктелген міндеттерін орындаудағы Құқық қорғау органдарының жауапкершілігін күшейтеді, олардың жұмысын бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етеді, түрлі құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік жасайды және рөлін көтереді. Мемлекеттік билік органдары және жергілікті мемлекеттік басқару органдары өздерінің саласындағы құқықтық тәртіптің жағдайында жауапты болады. Олар өздеріне бағынышты Құқық қорғау органдарының қызметіне белсенді түрде ықпал жасайды және әкімшілік қызметінің тиімділігін көтеруге жағдай жасауға шаралар қолданады.

Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметі жедел (тікелей емес) басқарудағы                              орталықтандырылған         басшылық         элементтерінің үйлесімділігімен сипатталады. Орталықтан басқару қызметі басымырақ бағыттарды, жалпы ережелер мен нормативтерді белгілеумен және басқа да анықтаулармен сипатталады. Жедел басқаруға субъекті мен объектінің арасындағы тура байланыс тән.

Әкімшілік полиция қызметі заңға бағынышты. Бұл дегеніміз оның бағыттарын және мақсатқа жетудің негізгі құралдарын заңның белгілеуінде. Әкімшілік қызметті бұл ерекшелігінің маңызы өте зор, өйткені оның әсер ету саласының көлемі кең. Ол әрқашан азаматтармен, кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен және лауазымды адамдармен қарым қатынаста жүзеге асырылады. Қандайда болмасын заңға қайшы әрекеттер азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың заңды мүдделеріне елеулі зардап келтіруі мүмкін.

Әкімшілік қызметтің заңға бағыныштылығының мағынасы зор, өйткені осы қызмет процесінде ең алдыменен заңның ережелері орындалынады. Құқық қорғау органдары заңның нормаларын нақты өмірлік жағдайларға байланысты қолданылады.

Әкімшілік қызметті іске асыру барысында өкілеттілік берілген Құқық қорғау органдары ведомствалық нормативтік актілер дайындайды және шығарады. Мұндай актілер заң талаптарын орындау, талдап тексеру мен нақтылау мақсатында қабылданғандықтан олардағы нормалар, тәртіп ережелері заңға бағынышты сипат алады.

Құқық қорғау органдары заңға сәйкес өз қалауы бойынша құқық бұзушыларды заңды жауапкершілікке тарту қызметін жүргізеді және оларға әкімшілік және қылмыстық процессуалдық әсер ету шараларын қолдануға құқылы. Әрине, бұл қызмет заң талаптарына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуы тиіс.

Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметінің құқықтық сипаты Құқық қорғау органдары азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және лауазымды адамдармен, сондай ақ жоғары тұрған, бағыныштағы және басқа да органдармен өз жүйесі ішінде күнделікті көптеген қатынастарға түседі. Бұл қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен реттелінеді, солай болғандықтан әкімшілік құқықтық деп саналады.

Сыртқы әкімшілік қызмет, Құқық қорғау органдарының осы құқықтық қатынасының басқа жақтарына нұсқауларының міндеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге,   әкімшілік   қызметтің   қандайда   болмасын  бағытында болатын қоғамдық қатынастар ерекшелігі, біріншіден арнаулы құқықтық актілердің болуымен, ал екінші жағынан осы актілерді өмірлік ортаға кіргізу әрекеттерінің ерекше нысаны себепші болады.

Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция қызметi – мемлекеттiң iшкi саласындағы мiндеттерi мен қызметтерiн iс жүзiне асыруда өкiлеттiк шеңберiнде заңмен белгiленген нақты, күнделiктi, мақсатты атқарушы-өкiмдi қызметi.

Әкімшілік полиция қызметiнiң ерекшелiктерi:

  • мемлекеттiк өкiмдi
  • орталықтан басқару мен жергiлiктi жерлерде басқарудың үйлесiмдiлiгi
  • ұйымдастырушы
  • заңнан туындайтындығы
  • өкiлдi органдарға бағыныштылығы және бақылаулығы
  • алдын алу бағыттылығы

ІІО әкімшілік полиция қызметiнiң негiзгi нысандары:

құқық шығарушылық құқық қолданущылық ұйымдастыру шараларын жүргiзу материалдық- техникалық операциялар

өткiзу

мысалы, IIМ,ҚАЖК

ережелерiн, материалдарын, бұйрықтарын шығару

мысалы, бұқаралық шаралар өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi арнаулы жоспарымен

қорғау

мысылы, жиналыс өткiзу, тәжiрбие алмасу және басқа шаралар мысылы, ұйымдастыру, дайындау және өндеу

 

  1. Әкімшілік полиция қызметінің міндеттері, жүйесі және сервистік модельге көшудің болашағы.

«Әкімшілік полиция қызметі» — Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарында оқытылатын арнайы заң бағытындағы пән болып табылады. Курста мемлекеттің Құқық қорғаумен басқарудың мазмұны мен ерекшеліктері, Құқық қорғау саласындағы басқарудың елеулі объектісі қоғамдық тәртіптің мәні, Құқық қорғау органдарының қызметінің мазмұны мен қағидалары, міндеттері, ұйымдастырылуы, қызмет бағыттары, субъектілері, Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметінің мазмұны, нысандары және әдістері, осы салада болатын қоғамдық қатынас және осы қызметті реттейтін әкімшілік құқық нормалары оқытылады.

Курстың мақсаты тыңдаушылар мен курсанттарды құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметін іске асыруға дайындау, оларға кәсіпқойлық қызметтік міндеттерін орындау жолындағы білімділікке, біліктілікке және тәжірибеге үйрету.

Курс міндеттері. Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметі курсының негізгі міндеті: тыңдаушылар мен курсанттарға мемлекеттің Құқық қорғауын басқарудың мәні мен маңызы, оның ішінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басқаруды жүзеге асыруда терең білім беру; тыңдаушылар мен курсанттардың Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметін реттейтін заңдарын дұрыс білуге; қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қандай да болмасын сұрақтарын дұрыс шешілуін білу және оны қолдануға баулу; тыңдаушылар мен курсанттарға Құқық қорғау органдарының жұмысын, аппараттары мен қызметтерін, әкімшілік қызметтің мазмұнын, нысандары және тәсілдерін, әдістерін, сондай ақ заңдылықты қамтамасыз ету әдістерімен таныстыру; тыңдаушылар мен курсанттарға Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметінің жеке түрлері, бағыттары және жүзеге асыру жолдарымен таныстыру; әкімшілік қызметтің түрлері мен бағытттарын реттейтін құқықтық негіздермен; Құқық қорғау органдарының қарау құзыретіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы әкімшілік құқықтық күресті ұйымдастыру тактикасымен; күнделікті және ерекше жағдайларда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұймдастырумен таныстыру.

Курсты оқуда ең басты орын құқықтық мемлекетті қалыптастыру, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қатысты заң шығарушы және атқарушы органдарының заң актілеріне беріледі.

«Әкімшілік полиция қызметі» пәні шеңберінде полицияның ішкі істер органдарының негізгі функцияларын әкімшілік-құқықтық тәсілдермен іске асыру мәселелері қаралады.

Осылайша, «полицияның әкімшілік қызмет» пәні-әкімшілік-құқықтық тәсілдермен жүзеге асырылатын, оның алдында тұрған міндеттерді іске асырудағы полицияның практикалық құқық қолдану заңдылықтары.

«Полицияның әкімшілік қызметі» — бұл жалпы құқық қорғау қызметін, полицияның, оның қызметтері мен бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін реттейтін заңнамаға негізделген құқықтық тәртіп.

Әкімшілік полиция қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:

  • Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
  • заңда көзделген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтама мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
  • Сотталғандарды қылмыстық-атқару жуйесiнiң мекемелерiнде ұстаудың және әкiмшiлiк жолымен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртiбi мен режимiн қамтамасыз ету;
  • өз құзретi шеңберiнде жолда жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк бақылау мен қадағалау;
  • төлқұжат және виза беру жұмысын жүргiзу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың ҚР-ның аумағында болу тәртiбiн сақтау бақылау;
  • өзге де мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп, оның iшiнде төтенше жағдайлар кезiнде карантндiк, санитарлық және табиғат қорғау шараларын жүргiзуге қатысу, табиғат қоргау органдарына сұғанақ аншылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;
  • ҚР-ның заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушлiк қызметтi жүзеге асыру;
  • қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, iздестiру;
  • қылмыстық жаза мен әкiмшiлiк жазалау шараларын жүзеге асыру;
  • кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және жолын кесу;
  • қажет боған жағдайларда мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi органдарынаөрт қауiпсiдiгiн қамтамсыз етуде жәрдем көрсету;

Құқық қорғаумен басқару ерекшіліктері.

Құқық қорғаумен басқару басқа сферадағы және саладағы басқару сияқты өзін бір мақсатқа бағытталған ұйымдастырушы қызмет ретінде көрсетеді. Басқару объектісі мен субъектісінің болуын және олардың арасындағы тіке және кері байланыстарды көрсетеді.

Құқық қорғау ауқымындағы басқарудың субъектісі болып мемлекет органдары және жеке бір өкілеттілікке ие лауазымды тұлғалары; қоғамдық бірлестіктер және олардың Құқық қорғау ауқымындағы басқару міндеттерін жүзеге асыру бойынша арнайы құқықтарға ие болатын өкілдері; қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтар.

Құқық қорғау ауқымындағы басқарудың объектісі болып азаматтар, топтар, адамдардың ұжымы, мемлекеттік органдар және олардың қызметкерлері қоғамдық бірлестіктер және олардың қызметшілері мен өкілдері.

Басқарудың объектісі мен субъектісі арасындағы тура және кері байланыстар бір жағынан басқару субъектісінен шығатын бұйрықтар олар әлбетте орындаулуын және биліктік мінезге ие болып табылады. Ол екінші жағынан басқару, басқару объектісінен келіп түсетін ақпараттар, оның жағдайын, басқару субъектісінің бұйрықтарын орындау немесе орындамау туралы жаңалықтарда көрсетеді.Құқық қорғау ауқымындағы басқарудың мазмұны мқсаттарды жүзеге асыру қызметін, міндеттері мен тапсырмаларын құрады. Олар әдістерге сәйкес бекітілген формада жүзеге асырылады.

Құқық қорғау ауқымындағы басқарудың негізгі мақсаты мемлекеттегі заңдылық пен құқықты қорғау, азаматтардың заңға қызығушылығын және еркіндігін, өнеркәсіп ұйымдармен бөлімдерді қорғау.

Бұл мақсатта қоғамдық тәртіпті сақтау мен және қылмыспен күресу, жеке мүлікті күзету, сотталғандарды тәрбиелеу мен тузеу бойынша қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын-алу тапсырмаларды нақтыланады.

Құқық қорғау ауқымындағы мемлекеттік билікке органдарының құзіреті қаралып жатқан ортадағы міндеттердің көлемінен құралады. Өкілдік және атқару билігінің мемлекеттік органдары Құқық қорғау ауқымында жалпы басшылықты жүзеге асырады. Олар ҚР Құқық қорғау ауқымындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды. ҚР Президенті Мемлекеттің басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халқаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Мемлекетті басқару және мемлекеттік билік органдарының жоғары жүйесінде Президент шешуші роль атқарады. ҚР Конституциясы заңшығарушылық ауқымынды біртекті құқықтарды ұсынады. ҚР Призиденті заң шығару құқығына ие емес, бірақ ол ҚР Конституциясына еңгізулер мен толықтырулар кіргізуге құқығы бар. ҚР Призиденті ҚР территориясында міндетті күшіне ие жарғылармен бұйырықтарды шығарады, олар Құқық қорғау ауқымына, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және қылмыспен күресуде қатысты болады, олар Конституциялық заңмен қаралған, ҚР Парламентінің және өкіметін хабарлау арқылы ҚР территориясында төтенше жағдай жариялауға: Құқық қорғау Министрлігінің қызметіне тағайындауға және алып тастауға және басқа да әрекеттерді қабылдайды. Олар қоғамдық қауіпсіздікпен құқықтык тәртіпті қатайтуға бағытталады.

ҚР Парламенті Республикадағы жоғары өкілетті орган болып табылады, ол заң шығарушылық міндеттерін жүзеге асырады, яғни қоғам мен мемлекеттік қызметінің нормативтік актілерді қабылдауға қатысады. Басқаша айтқанда Парламент стратегиялық басшылыққа арналады, яғни қоғамдық және мемлекеттік өмірдің ұзақ және бағалы құндылықтарын құру мен қатайтуға бағытталады. ҚР Парламентінің екі палаталық құрылымы аудандар, облыстардың қызығушылығын қамтамасыз етуге бағытталған, олар біріншіден Сенат парламентінде ұсынады.

ҚР Үкіметі қоғам және мемлекеттік сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік аясында мемлекеттің саясатын іске асырумен жұмыс тексерісін өткізуге қатысады.

ҚР Үкіметі, Республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімшілігі ҚР қатысты аумақтарда азаматтардың заңды ойлары мен құқықтарын және еркідігін қамтамасыз және қорғау бойынша әдістерді қолданады, сонымен қатар мемлекеттің қызығушылығы мен қоғамның қауіпсіздігін қорғау бойынша әдістерді жүзеге асырады.

ІІО әкімшілік полиция қызметi — Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртәптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңдарға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi атқарушылық және өкiм етушiлiк қызметтерiн жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк органдар болып табылады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close