Қоғам

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы жалғасуда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Нұрсұлтан қаласында республиканың қорытынды «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы» өтуі кезінде Шымкентте «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы жалғастырған «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов, Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Сейтаева Алтын Кеңесқызымен және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Байтулешова Камила Ералықызымен бірге Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, қал-жағдайларымен танысып, «Еңбек адамы» атты тақырыбындағы архив қоймасының меңгерушісі Бохан Гүлжан Тұрарбекқызының баяндамасын тыңдап, еңбек адамын ынталандыруға бағытталған пікірмен алмасты.


Жиын қорытындысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов қатысушыларды «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтап, марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Бекешев Дастан Кумисбекович – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің архивисі және «Алғыс хатымен» Райымкулова Айгул Бегдилдаевна – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыру және есебін жүргізу бөлімінің археографы марапатталды.


Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Сейтаева Алтын Кеңесқызы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Байтулешова Камила Ералықызы ұжым мүшелерінің атынан салалық кәсіподақпен бірлескен жұмыс атқаруға ниет білдіріп, кәсіподақ көшбасшыларына алғысын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close