Қоғам

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мемлекеттік жүйесінің он жылдан астам қызмет істеуі кезеңінде елімізде түбегейлі әлеуметтік-саяси өзгерістер болды.

Экономикалық дамудың нарықтық үлгісіне көшу, мемлекеттік басқару жүйесінің терең реформасы, халықаралық терроризм тарапынан жаңа қауіптер мен төнген қатерлердің пайда болуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жүйесінің рөлі мен орнын жан-жақты қайта қарауды қажет етеді. Апаттарға қарсы тұрудың ұзақ мерзімді перспективаға арналған жаңа идеологиясын құру және іске асыру, азаматтық қорғаныстың мүлдем өзгеше тұжырымдамасын жасау, мемлекеттік материалдық резерв жүйесін уақыттың өскен талабына сәйкес тендіру қажеттілігі туындады.

Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті одан әрі дамыту, мемлекеттік материалдық резервтің жұмыс істеуі, осы салалардағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.

Климаттың өзгеруі, табиғат апаттарына ұшырауға бейім өңірлерді шаруашылық тұрғыдан игеру, урбанизациялану, өндірістік технологиялардың күрделенуі әлем халқын төтенше жағдайларға тап болу қауіп-қатерінің өсуіне әкеп соғуда. Мысалы, соңғы 40 жыл ішінде табиғи апаттардан келген зиян 9 есеге, ал олардың болу жиілігі 5 есеге өсті. 1960 жылдан бастап табиғат апаттарынан болған экономикалық зиянның өсу қарқыны өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу қарқынынан озып кетті.

2005    жылы    22    қаңтарда    Апаттардың    қаупін    азайту    жөніндегі ІІ    дүниежүзілік    конференция    қабылдаған     Хиог     декларациясында (Кобе қаласы, Жапония) апаттармен күресуге үкіметтер, азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастықтар, қаржы институттары, жеке сектор мен еріктілердің қатысуы қажет екендігі атап өтілген. Апаттардың алдын алу мәдениетін барлық деңгейде – әрбір нақты адамнан әлемдік қоғамға дейін көтеру қажет. Қауіп-қатер деңгейін төмендету проблемасына ұлттық саясатта басымдық сипат беру қажет.

“Қырғи қабақ соғысы” аяқталысымен термоядролық қаруды кең көлемде қолдана отырып жүргізілетін әлемдік шиеленістің қаупі (болу мүмкіндігі) күрт азайды. Сонымен қатар, әлемде адамдардың террорлық әрекеттерден жаппай зардап шегу оқиғалары жиілеп кетті. Әлемнің әр жеріндегі экстремистік топтар ядролық, химиялық және бактериологиялық қарудың даяр үлгісін не болмаса оларды дайындау технологиясын иелену үшін барынша күш салып, әрекет етуде. Осыған орай, бірнеше рет бейбіт халыққа түйнеме, улы заттар мен «лас» радиоактивті бомбаларды қолдану әрекеттері жасалды.

Қазақстан Республикасы өзінің географиялық және саяси жағдайына байланысты жоғарыда аталған әлемдік үрдістерден оқшау жатыр деп айта алмаймыз. Республикада жыл сайын төтенше жағдайлардан келетін тікелей зиян (аса ауқымды табиғи апаттар болмағанның өзінде) 3,5-тен 4,5 миллиард теңге сомасы мөлшерінде есептеліп отыр. Сараптамалық бағалау бойынша жанама зиян мұндай жағдайда 15-20 миллиард теңге, ал адамдардың қаза болуы мен зардап шеккендерді емдеу – 3 миллиардқа жуық теңге сомасы мөлшерінде бағаланып отыр. Бұл зияндардың жалпы сомасы жыл сайын 25 миллиард теңгені құрайды.

Еліміздің Азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру. Азаматтық қорғаныс жүйесін Қазақстан Республикасының егемендік мәртебесіне, оның әскери доктринасына, жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістерге сәйкестендіру қажет.

Осыған байланысты азаматтық қорғаныс жүйесінің қазіргі үлгісінен бас тарту қажет және оның жұмыс істеуін стратегиялық ұтқырлық, ақылға қонымды жеткілікті күштер мен құралдар және жан-жақтылық принциптеріне сүйене отырып, ауыстыру қажет.

Стратегиялық ұтқырлық принципін қолдану қандайда бір геосаяси жағдайда халық арасында едәуір шығынға, сондай-ақ тыныс-тіршілік пен қорғаныс қабілеттілігі үшін аса маңызды объектілердің қатардан шығуына әкелетін осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы ең ықтимал еліміздің дәл осы өңірлеріне және дәл осы объектілеріне азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын жеткізуді көздейді.

Ақылға қонымды жеткілікті күштер мен құралдар принципін қолдану азаматтық қорғаныс құралдары қорының (жеке қорғану құралдарының, инженерлік құралдардың, қорғаныш құрылыстарының) едәуір шектелген көлемін, сондай-ақ азаматтық қорғаныстың ең аз қажетті күштерін әзірлікте ұстауды білдіреді. Сонымен бірге, осы заманғы зақымдау құралдарының аса дәл жеткізу құралдарының пайда болуына байланысты жауынгерлік бөлімдердің қуаттылығы едәуір төмендеп кеткен.

Жан-жақтылық принципі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, террорлық әрекеттердің зардаптарын алдын алу және оларды жою үшін азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын бейбіт және соғыс уақытында қолдану мүмкіндігін, сондай-ақ еліміздің аумақтары мен объектілеріне қолданылатын осы заманғы зақымдау құралдарының зардаптарын жою үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын бейбіт және соғыс уақытында қолдану мүмкіндігін көздейді.

Жоғарыда баяндалғандардың барлығы азаматтық қорғаныс іс-шараларын дайындауға және іске асыруға кететін қаржы мен материалдық шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы жағдайда әкімдердің бейбіт, сондай-ақ соғыс уақытында да аумақтық бөліністердегі азаматтық қорғаныс бастықтары ретіндегі рөлі мен өкілеттіктері бірден көтерілуі қажет.

Әкім азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау кезінде Министрлікпен келісе отырып, жоғарыда аталған аудандық және облыстық төтенше жағдайлар жүйелерін дайын басқару инфрақұрылымдары ретінде пайдалануға мүмкіндігі болады.

Жергілікті атқарушы органдар ведомстволық бағынысты аумақтағы азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты жүзеге асырады, халықтың және ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауын ұйымдастырады, хабар тарату құралдарын, басқару пункттерін, жергілікті азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын ұдайы әзір күйінде ұстап тұрады, азаматтық қорғаныс мүлкінің, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары қорының жиналуын және сақталуын ұйымдастырады, зақымданудың осы заманғы құралдарын қолданудан болған зияндар мен шығындарды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларының орындалуын жүзеге асырады, азаматтық қорғаныс іс- шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Азаматтық қорғаныс саласындағы республикалық мемлекеттік органдардың өкілеттіктері азаматтық қорғаныстың өңірлік және республикалық іс-шараларын жоспарлауды ұйымдастыруға, айрықша кезеңде жергілікті және орталық атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіруге, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін басқаруға, азаматтық қорғаныстың күштері мен құралдарының стратегиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен бірге, Министрліктің өңірлік орталықтары еліміздің азаматтық қорғаныс жүйесінің дайын өңірлік басқару инфрақұрылымдары болып табылады.

Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен бөлімшелері төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін пайдаланылатын болады. Айрықша кезеңде, олар стратегиялық ұтқырлық шеңберінде қарсы жақтың осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануы ең ықтимал аймақтар мен объектілерге көшірілетін болады.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасы халықты авариялардан, апаттардан және табиғат апаттарынан қорғау саласында жан-жақты халықаралық байланысты жүзеге асырады. Олардың бастылары Біріккен Ұлттар Ұйымының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, НАТО-ның

«Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасының, Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының, Апаттарды азайту жөніндегі азиялық орталықтың, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар болып табылады. Негізігі элементі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Агенттігі түріндегі жаңа заман талабына сай ТЖ алдын алу және жою мемлекеттік жүйе құру, оның толық құқықтық және жариялық негізде қызмет атқаруы, республиканың авариялық-құтқару күштерін басқаруды орталықтандыру, ТЖ келген материалдық зиян мен өлім саныныңазайуы; басқа да кеңестік мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстандағы ТЖ және АҚ жүйесін реформалауда үлкен жүйелілік және ілгерілік (Сандық құрамы және материялдық-техникалық базасы жағынан ұқсас Ресей Федерациясының мемлекеттік жүйесіне және Ресей ТЖМ жол береді, Қазақстан осы салады бұрынғы КСРО басқа мемлекеттеріне алдынғы орынды бермей келеді.).

Қазіргі заманда Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратың негізгі міндеттерімен, ролі, мемлекеттік жүйесі.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, объектілерді және аумақтарды қорғауды қамтамасыз етудегі мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының рөлі.

Министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді, бағдарламалар әзірлейді, нормативтер, стандарттар мен ережелер бекітеді немесе оларды келіседі, мемлекеттік есеп жүргізеді, ғылыми зерттеулерді, ілімдерді насихаттауды, халық пен мамандарды оқытуды ұйымдастырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, өзінің қарамағындағы ахуалды және болжауды қадағалау, бақылау қызметтерінің, сондай-ақ авариялық құтқару және өртке қарсы қызметтер мен құрамалардың қызметін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, Министрлік төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайларды жою бойынша іс- шараларға азаматтық қорғаныс күштерінің қатысуына басшылық жасайды, ұйымдардың меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, олардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады, мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы материалдық-техникалық қорларды, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстарды, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға арналған төтенше резервтен қаражатты пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді.

Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi жән азаматтары жүзеге асырады. Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы   туралы   жыл   сайын   есеп   берiп   отырады. Ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздікті, еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік саласындағы автомобиль және темір жолдар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін, ішкі су көлігі қозғалысының қауіпсіздігін, энергия және энергия үнемдеу объектілерінің қауіпсіздігін, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.

Министрлік заңнама жүзінде жүктелген міндеттеріне сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясаттың, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалаудың қалыптасуын қамтамасыз ететін стратегиялық функцияларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Министрліктің аумақтық органдары мен жедел күштері құрылымдарының жетілмеуі жоғарыда аталған стратегиялық, әсіресе өңірлік және жаһандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша ведомствоаралық айқын өзара іс-қимыл және үйлестіру жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенінінің функциялары мен міндеттерін іске асыруды толықтай тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті аумақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға байланысты тікелей жауапкершілік жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелген.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігіне жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, көрсетілген мақсаттарға жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету, жергілікті материалдық-техникалық қорлар мен басқа да ресурстарды құру және пайдалану, қажетті қауіпсіздік шаралары туралы халық пен ұйымдарды хабарландыру кіреді.

Сонымен бірге, олар төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халық пен жұмыскерлерді өздерінің құзыреті шегінде әлеуметтік қорғауды, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық ету объектілеріне келтірілген зиянның орнын толтыруды, медициналық қызметпен, төтенше жағдайлар аймағында тұрып, жұмыс істегіні үшін өтемақылар мен жеңілдіктер беруді, сондай-ақ төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру және ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет.

Алайда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен өкілеттіктерінің ара-жігін ажырату реформасына сәйкес облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері жанында құрылған құрылымдық бөлімшелердің қазіргі уақытқа дейін, заңнамаға сай олардың тікелей жауапкершілік саласы болып табылатын тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді сапалы іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық, ақпараттық және әдіснамалық базасы жоқ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың жыл сайынғы резервтері жеткілікті көлемде құрылмай отыр.

Төтенше жағдайлардың алдын алу, зардаптарын жеңілдету және оларды жою, азаматтық қорғаныс, терроризмге қарсы әрекет жасау саласындағы негізгі мақсат пен міндеттер.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты: бейбіт және соғыс уақыттарында өрттерден, авариялардан, апаттардан және табиғат апаттарынан, осы заманғы зақымдану құралдарынан және террорлық әрекеттер салдарларынан еліміздің халқын, объектілері мен аумағын сенімді қорғауды қамтамасыз етуді; бейбіт және соғыс уақытының қатерлері мен төнген қауіптерге тиісінше ден қоя алатын мемлекеттік және жедел резервтердің аумақтық бөлінген тиімді басқару жүйелерін, күштері мен құралдарын құру және олардың дайындығын жоғары деңгейде ұстауды қамтитын ұзақ мерзімді перспективаға арналған апаттарға қарсы әрекет жасаудың жаңа идеологиясын жасап шығару болып табылады.

Жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай негізгі міндеттерді:

  • дағдарыстарды басқарудың тиімді тетіктерін, оның ішінде төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктерді оңтайлы бөлу арқылы жасап шығару;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға Қазақстанның ұшырауға бейім аумақтарына терең талдау жүргізу, республиканың әр өңірі, елді мекені мен объектісі үшін ықтимал қауіптер мен қатерлерді анықтау, олардың халыққа, материалдық құндылықтарға және қоршаған табиғи ортаға қауіптілік деңгейін бағалау;
  • қауіптер мониторингісінің барлығын қамтитын, автоматтандырылған жүйесін құру, авариялар, апаттар және табиғат апаттары болжамдарын дер кезінде хабарлау және олардың шынайылығын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік басқарудың, аумақтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық деңгейдегі іс-қимылдарын қамтитын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың, азаматтық қорғаныс іс-шаралары жоспарлары жүйесін әзірлеу;
  • табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау салдарларын барынша болдырмау не болмаса жұмсарту;
  • өндірістік және азаматтық объектілерде техникалық және өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру, табиғи өрттердің уақтылы алдын алу және оларды жоюды қамтамасыз ету;
  • бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларға, террорлық әрекеттерге ден қою күштері мен құралдарын аумақтық бөлу жүйесін құру, олардың жеделдігін және стратегиялық ұтқырлығын арттыру, өрт сөндіру қызметіне өрт сөндіру-құтқару қызметі деген мәртебе беру, құтқару қызметтерін азаматтарға барынша жақындату;
  • азаматтық қорғаныс жүйесінің әзірлігін арттыру, оны еліміздің жаңа геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес келтіру;

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

  • басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;
  • Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;
  • орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;
  • радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;
  • Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;
  • шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;
  • қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;
  • халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс- қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;
  • iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
  • азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.
  • бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардағы іс-қимылдардың тәртібі мен ережесіне, төтенше жағдайларда өзін-өзі қорғау мен өзара көмек көрсетуге халықты оқытудың жаңа, тиімді жүйесін құру, осы саладағы әлемдік стандарттар мен даму перспективаларын ескере отырып, төтенше жағдайларды басқару органдары мен қызметтері үшін кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
  • өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда және оларды жоюда, еліміздің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауда халықтың кең түрде қатысуы үшін жағдайлар қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
  • оның объектілерінде болған авариялардың және өрттердің себептері мен мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге;
  • заңнамада белгіленген шекте азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге;
  • азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға;
  • өз қаражаты есебінен қамсыздандырып отырған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті заңда белгіленген тәртіпте құру, қайта құру және жоюға, сондай-ақ мұндай қызметті шарт негізінде қызметтестікке тартуға;
  • өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізуге;
  • белгіленген тәртіпте мемлекеттік билік және басқару органдарынан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан төтенше жағдайлар көздері мен оларды жою шаралары туралы ақпарат алуға құқылы.
  • қазіргі заманғы қатерлер мен төнген қауіптерге бейбіт және соғыс уақытында құрамы, саны және орналасуы бойынша (төтенше жағдайлардан зардап шеккен аудандарға жедел жеткізу мақсатында) оңтайлығы жағынан сәйкес келетін мемлекеттік материалдық резерв құру, резервтердің броннан шығару рәсімін оңайлату;
  • осы заманғы және перспективалық технологиялар негізінде төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы байланыс, хабар тарату, ақпарат және автоматтандырылған басқару жүйесін жаңғырту, онымен мемлекеттік басқарудың барлық деңгейін қамту, оларды бірыңғай басқару жүйесіне біріктіру;
  • нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, оны өзгеріп жатқан әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларға, қазіргі заманғы қатерлер мен төнген қауіптерге сәйкес келтіру, төтенше жағдайлар саласындағы, оның ішінде төтенше жағдайлардан сақтандыруды тиімді қолдану есебінен экономикалық реттеу тетіктерін нығайту, аварияларды, апаттарды және табиғат апаттарын жоюға қатысып зардап шеккен адамдардың, оның ішінде кәсіби құтқарушылардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
  • Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың ғылыми- практикалық әлеуетін пайдалана отырып, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласында мамандандырылған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық ұйымдар құру, осы саладағы жаңа жетістіктер мен технологияларды енгізу проблемаларын шешудің ғылыми негізділігін қамтамасыз ету;
  • ше жағдайлар туындаған кезде апаттық медицинаның ден қою жеделдігін және оның жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
  • ірі ауқымды төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әлемнің басқа мемлекеттері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан Қазақстанға кең көлемде ізгілік көмек көрсетуге, республикаға авариялардың, апаттардың және табиғат апаттарының алдын алу мен оларды жою, азаматтық қорғаныс және терроризммен күресу саласындағы ең бір жаңа ілімдер мен технологиялардың келуіне кепілдік беретін халықаралық ынтымақтастық деңгейін қамтамасыз ету қажет.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесінің, еліміздің азаматтық қорғанысының негізгі бағыттары. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.

Республикадағы төтенше жағдайлардың басым көпшілігі жергілікті сипат алатындығын ескере отырып, республиканың әрбір ауданында (қаласында) жергілікті сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын ала алатын және олардың салдарларын жоя алатын, осы аумақтағы бар қауіптерге барабар әрі жеткілікті түрде жарақталған және жан-жақты дайындалған құрылым құру қажет.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар өңірлерде кепілді азаматтық қорғауға барлық қажетті жағдайларды жасау мақсатында аумақтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бейімділігін, олардың болуы мүмкін ауқымын егжей-тегжейлі бағалауды, жергілікті жерлерде жеткілікті түрде қаржылай қамтамасыз ете отырып, қауіп- қатерлерді азайту және олардың зардаптарын жұмсарту бойынша іс-шаралар әзірлеуді және іске асыруды, жергілікті материалдық-техникалық қорлар мен басқа да ресурстар құруды қамтамасыз ету қажет.

Өңірлік және жаһандық сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде облысаралық өзара іс-қимылдарды үйлестіруге, аса күрделі іздестіру және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге, жергілікті құрылымдардың іс- қимылына қолдау көрсетуге әрқайсысының жауапкершілік аумағына бірнеше облысты қоса отырып, перспективада Министрліктің өңірлік орталықтарын (оның аумақтық органдарын оңтайландыру арқылы) құру мәселесін қарау қажет. Сонымен бірге, Министрліктің осы орталықтары еліміздің азаматтық қорғанысы басқару жүйесінің өңірлік бір бөлігі болып табылатын еді.

Мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейіне өңірлік және жаһандық төтенше жағдайларға ден қоюды үйлестіруді (ұйымдастыруды), сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға (бөгеттерді нығайту, селден қорғау құрылыстары мен гидротехникалық құрылыстарды салу) ірі жобалардың іске асырылуын бекіту қажет. Сонымен бірге, төтенше жағдайлар саласындағы орталық атқарушы орган, негізінен, стратегиялық функцияларды, өңіраралық үйлестіруді және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады. Мыналар: төтенше жағдайлардың бірыңғай мониторингісі, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды орталықтандырылған түрде дайындау, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың ортақ проблемаларын ғылыми зерттеу жалпы мемлекеттік мүдделерді көздей отырып, жүргізілуі қажет. Республикалық деңгейде халықаралық құтқару операциялары және аса күрделі авариялық құтқару жұмыстары орындалатын болады, мамандандырылған инженерлік жұмыстар, құтқарушыларды оңалту өткізіледі, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге медициналық көмектің күрделі түрлері көрсетіледі.

Жергілікті, өңірлік және республикалық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс құрылымдары бір-бірімен қосарланған ақпараттық арналар арқылы тәулік бойы байланыста болуы қажет және «электрондық Үкімет» желісіне шығатын бірыңғай ақпараттық-басқару компьютерлік желісіне біріктірілуге тиіс. Бұл қысқа мерзімде деңгейлес құрылымдардың бір-біріне (аудандардың, облыстардың бір-біріне көмек көрсетуі), сондай-ақ жоғары құрылымдардың төмендегілерге (облыстың ауданға, Министрліктің өңірлік және жаһандық төтенше жағдайларға ден қою күштерінің облыстарға көмек көрсетуі) барабар өзара іс-қимылын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

  • Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі 
  • Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады. Аумақтық кіші жүйелер олардың аумақтары шегінде азаматтық қорғаныстың іс-шараларын орындау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюдың үшін облыстық, қалалық және аудандық деңгейде құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес келетін бөлімдерінен тұрады. Салалық кіші жүйелерді олардың мемлекеттік реттеу және бақылау саласында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар құрады.
  • Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық және объектілік. Әрбір деңгейге: үйлестіруші органдар – төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар; азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары; күнделікті басқару органдары – басқару пункттері, жедел-кезекші қызметтері; күштермен құралдар; байланыс, хабардар ету және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi:

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық- өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесіндегі мемлекеттік басқару халықты, объектілер мен аумақтарды қорғаудың өзекті мәселелері мен міндеттерін шешуді, төтенше жағдайлардан төнген қауіп- қатерді және залалды азайтуды мемлекеттік биліктің барлық деңгейі мен тармақтарын қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бейбіт уақытта азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің мынадай режимдері белгіленеді:

  • күнделікті қызмет режимі – өндірістік-өнеркәсіптік қызмет, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындау қаупі жоқтығымен сипатталатын ведомстволық бағынысты аумақта радиациялық, химиялық, биологиялық, сейсмикалық, гидрометеорологиялық, эпидемиологиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық қауіпсіздік кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның аумақтық және функционалдық кіші жүйесінің жұмыс істеу тәртібі. Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
  • төтенше жағдайларды болжау; халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы ақпаратты белгіленген тәртіпте жинақтау, өңдеу және алмасу;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;
  • азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау, олардың қызметін дайындауды және қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау; азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;
  • төтенше жағдайлар салдарын жою үшін материалдық ресурстар резервтерін құруға, орналастыруға, сақтауға және толықтыруға басшылық ету; өз өкілеттігі шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік сараптама жәнебақылаужүргізу;
  • жоғары дайындық режимі – төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі. Жоғары дайындық режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
  • төтенше жағдайлардың туындауын және олардың салдарын болжау; қажет болған кезде басқару пункттерінде азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды адамдардың тәулік бойы кезекшілігін енгізу; болжанатын төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне беру, олардан қорғану тәсілдері туралы мемлекеттік билік органдарымен халықты хабардар ету;
  • төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің беріктігін арттыру және жұмыс істеу қауіпсіздігі бойынша жедел шараларды қабылдау; төтенше жағдайлар салдарын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервін толтыру; қажет болған жағдайда эвакуациялау іс-шараларын жүргізу; — төтенше жағдай режимі – төтенше жағдай туындаған және оның салдарын жою кезінде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу тәртібі. Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс- шараларды жүргізеді:
  • туындаған төтенше жағдайлардың дамуын және олардың салдарын болжау; төтенше жағдайлардың туындауы және салдары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшыларын, сондай-ақ халықты хабардар ету;
  • төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау бойыншаіс- шараларды жүргізу;
  • төтенше жағдайлар салдарын жою және азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстау, сондай-ақ туындаған төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарын, қоғамдық ұйымдар мен халықты тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • төтенше жағдай аймағындағы жағдай мен оны жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысы туралы ақпаратты үздіксіз жинау, талдау және алмасу; төтенше жағдайларды және оның салдарын жою мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың үздіксіз өзара іс- әрекетін ұйымдастыру және қолдау;
  • төтенше жағдайларда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу.

Азаматтық қорғау қызметтері:

  • Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды және осы мақсаттарда күштер мен құралдарды дайындауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаудың республикалық, облыстық, аудандық, қалалық қызметтері құрылады.
  • Қызметтері азаматтық қорғаудың басқару органдары негізінде құрылған басқару пункттерінің, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының белгіленген мақсаты бойынша іс-әрекеттер жасауға әзірлігін қамтамасыз етеді.
  • Эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссиялары және эвакуациялық органдар құрылады.

Азаматтық қорғау құралымдары:

  • Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт және соғыс уақытта авариялық- құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.
  • Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.
    • Азаматтық қорғау құралымдарына І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерін, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында жұмылдыру ұйғарымы бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер қабылданады.

Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, мониторинг және болжамдау.

Халықты, объектілерді және аумақты стихиялық апаттардан, авариялар мен зілзалалардан қорғаудың кешенді ғылыми негізін қалыптастыру және дамыту мақсатында уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді.

Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс әсерлерін азайтуға бағытталған ғылыми-тәжірибелік негіздерді әзірлеу; тәуекелдерді бағалау және басқару жөнінде нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету кіреді. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингі және болжамдау қызметi азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне кіреді.

Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген және аттестаттаудан өткен ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржыландыру бюджеттік қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың басқа да көздері есебінен жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулерді үйлестіру уәкілетті органға жүктеледі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close