Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ «ҚЫЗЫҚТЫ АВТОБУС» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «ҚЫЗЫҚТЫ АВТОБУС» акциясын ұйымдастырды.
Қалалық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп қала қонақтары мен тұрғындарына рухани құндылығымыз кітап оқудың жаңа форматын таныстырып яғни, Әл-Фарабидің еңбектері, Шымкент қаласы туралы өлкетану әдебиеті және жергілікті ақын-жазушылардың 60 данадан аса кітаптарын насихаттау мақсатында қалалық автобус №10, №17, №96, №133 маршурттар бағытында жүріп өтті.

Кітапхана қызметкерлерінің мобильді топтары қала автобустарында QR-кодталған электронды кітаптардың үлгісін іліп, қала тұрғындарына, студент жастарға пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, «Кітап оқитын Шымқала» буккросинг акциясы аясында Абай атындағы қалалық кітапханасымен бірге, «Мобильді QR-кітапхана» жобасының таныстырылымын Чернобыль ардагерлер аллеясында өткізді.

Жаңалыққа жаны құмар оқырмандарды заманауи QR-код қосымшасын пайдаланып, қолжетімді кітаптарды жүктеп алып оқуға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close