Қоғам

ТҰРМЫСТЫҚ, ГЕНДЕРЛІК КЕМСІТУГЕ ҰШЫРАҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Әйелдер мен жастарға ерекше назар аудара отырып, мүгедек адамдарға сапалы қызметтер көрсету кезінде қолданылатын негізгі қағидат келесідей болып табылады: Күмәніңіз бар болса, мүгедек адамнан сұраңыз. Іс жүзінде, Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы заңдар мен саясатты мүгедек әйелдер мен жас мүгедек адамдар өздерінің заңды адам құқықтарын толық және тең дәрежеде пайдалана алатындай әзірлеу және жүзеге асыру үшін осындай консультацияны талап етеді. Мүгедек адамдар өздерінің қажеттіліктері саласында сарапшы болып табылады, өздері тап болатын кедергілерді және қызметтерге тең қол жеткізу үшін оларға қандай жағдайлар қажет екендігін біледі. Бұл зерттеудің мақсаты да осы еді – құқық иелері ретінде мүгедек адамдардың пікірін есту.

Мүгедектіктің әртүрлі түрлері бар адамдар (көруге, естуге, ТҚА функцияларының бұзылуына байланысты және т.б.) олардың жағдайын мониторингілеу және оларды олардың құқықтары мен әрбір секторда кепілдік берілген қызметтер туралы хабардар ету мақсатында оларға жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) қызметкерлерінің, медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың (мүгедектер психокоррекцияға мұқтаж) тұрақты түрде баруын қажет етеді.

Қазіргі уақытта ЖПҚ қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің және медицина қызметкерлерінің барулары формалды сипатқа ие болып табылады. ЖПҚ қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерінің себептерін анықтамайды және тиісті түрде профилактикалық жұмыс жүргізбейді. Әлеуметтік қызметкерлер негізінен арнайы құралдарды беруге жауап береді, бірақ тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері мен шағымдарына ден қоймайды, мүгедектерді олардың құқықтары туралы хабардар етпейді. Осылайша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және проблемаларды анықтау тиісті қызметтердің тарапынан толық шамада жүзеге асырылмайды.

Денсаулық сақтау, психо-әлеуметтік қолдау және сот әділдігіне қол жеткізу секторларының мамандары үшін қауіпсіздік тәуекелімен бетпе-бет келген адамдарды анықтау кезінде, оның ішінде зорлық-зомбылықты бастан кешірген адам агрессорға тәуелді болған жағдайларда пайдаланылатын айқындаудың нақты басшылық қағидаттарын әзірлеу қажет. Бұл қызметкерлер орын алуы ықтимал немесе орын алып жатқан зорлық-зомбылық жағдайында мүгедек адамдардың қауіпсіздігін жоспарлау және қауіп-қатерді азайту бойынша оқытылуға тиіс.

Аталған секторлардың мамандары мен көмекші қызметкерлерін мүгедек адамдардың, соның ішінде олардың қауымдастықтарындағы заңды құқықтарын түсінуге, зорлық- зомбылық жасау, ізге түсу немесе зиян келтіру ықтималдығы немесе фактісі туралы, әдепсіз көрсетілген қызметтер, қызметтерді алу кезіндегі кедергілер және т.б. туралы қолданыстағы қауіпсіз хабарлау механизмдеріне үйретіп, қолдау көрсету қажет.

Сондай-ақ, мамандар мен көмекші қызметкерлерді қызмет алушылардың қадір-қасиеті мен қалауын құрметтейтін сипаттағы қызмет көрсетуге, адамның жасын, мүгедектігін, жынысын, әлеуметтік-экономикалық мәртебесін және мәдени айырмашылықтарын ескере отырып қызмет алуының әртүрлі тәсілдеріне үйрету қажет.

Мүгедек адамдар ақпарат алудың өздеріне түсінікті форматтары мен арналарында ақпараттың қолжетімсіздігінен өз құқықтары туралы жеткілікті түрде хабардар емес. Мүгедек адамдардың көпшілігі өздерінің құқықтарын білмейді және гендерлік/ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар үшін мемлекет тарапынан көзделген қызметтер туралы хабардар етілмеген; зорлық-зомбылық жасаған адамдардың жауапкершілігі туралы, зорлық-зомбылық жағдайында қайда жүгіну қажеттілігі туралы, дағдарыс орталықтары туралы хабардар етілмеген. Мүгедек адамдар медициналық мекемелерде жүргізілетін скрининг бағдарламалары мен профилактикалық тексерулер туралы толық шамада білмейді.

 

Мүгедек адамдардың ұрпақты болу құқықтарын және ұрпақты болу денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының қағидаттарын іске асыру жөніндегі халықаралық деңгейде мемлекет қабылдаған міндеттемелер тұрғысынан елеулі назар аударуды, олардың әсіресе көру, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар үшін түсінікті форматтағы ақпаратқа және отбасын жоспарлаудың жыныстық және ұрпақты болу жүйесінің денсаулығын қорғау қызметтеріне қол жеткізуін зерттеуді, жақсартуды, қызметтерді алу және денсаулықты сақтау үшін жаңа технологияларды енгізуді талап етеді.

Зорлық-зомбылық жағдайында мемлекеттік органдардың (ЖПҚ, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер) жылдам ден қою жүйесін құру қажеттілігі. Мүгедек адамдар әлеуетті зорлық-зомбылық жағдайында олар дереу ЖПҚ-ға белгі беріп оның алдын ала алу үшін телефондағы немесе тұрғын үйде орнатылған тиісті құрылғы арқылы жұмыс істейтін «дабыл түймесінің» қажеттігін атап өтті. Оған қоса, дабыл түймесінің бар екендігін білу отбасындағы ықтимал зорлықшылар үшін алдын ала ескерту бола алады. Сол сияқты, оған агрессордың қол жеткізуін және оны істен шығаруын бұғаттау да осындай әсер бере алады. Қалай болса да, әлеуетті зорлық- зомбылық нысанына қауіп төндірмес үшін мұндай белгі беру арнасын орнату мүмкіндігі жан-жақты талқыланып, зорлық-зомбылықтың қаупі туралы шұғыл хабар берудің қолжетімді тәсілдерімен және мүгедек адамдардың арасындағы зорлық-зомбылық құрбандарына зорлық-зомбылық фактісі кезінде түрлі шұғыл көмек мессенджерлері арқылы көмек шақырудың қолжетімді тәсілдерімен қамтамасыз етілуге тиіс.

Мүгедек адамдар мен олардың отбасы мүшелері және қоршаған қоғамдастық арасындағы коммуникациялық өзара әрекеттесуді жақсарту қажеттілігі. Әлеуметтік қызметтермен, Зорлық-зомбылықты бастан кешірген адамдарды әлеуметтік және психологиялық сүйемелдеу қызметтерімен және азаматтық сектор ұйымдарымен бірлесіп, мүгедек адамдар мен олардың отбасы мүшелері үшін тиімді коммуникация құру, эмоцияларды басқару, жанжалды жағдайларды шешу бойынша тренингтер ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, отбасы мүшелерін сабырлылыққа және эмоциялық зиятқа үйреткен жөн. Отбасы мүшелеріне және мүгедек адамдарға психологиялық көмек көрсету қажет.

Гендерлік/тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған тиімді ден қою мәселелерінде денсаулық сақтау, психо-әлеуметтік қолдау көрсету, полиция, білім беру, дағдарыс орталықтары мен азаматтық қоғам секторлары арасындағы үйлестірілген өзара әрекеттесуді жақсарту қажеттілігі.

Ол үшін есту, сөйлеу, көру қабілетінің, тірек-қимыл аппаратының бұзылуына, ділдік және интеллектуалдық бұзылыстарына байланысты мүгедектіктің түрлерін ескере отырып, мүгедек адамдардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарымен қарым-қатынас жасау бойынша аталған секторлар үшін әдістемелік материалдар/хаттамалар әзірлеу қажет. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықты басынан кешірген адамдарға аталған секторлардың тарапынан қызметтер көрсетудің Стандартты жедел рәсімдеріне мүгедек адамдарға олардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып көмек көрсету шараларын енгізу қажет.

Әлеуметтік қызметкерлерді (жеке көмекшілерді, ымдау тілінің аудармашыларын қоса алғанда), медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметшілерін зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою жағдайларында мүгедек адамдармен жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша оқыту шараларын жүргізу.

Өзін-өзі қорғау мүгедек адамдардың құқықтарын қорғаудың басты элементі болып табылады. Ол мүгедек адамдардың өз құқықтары мен қажеттіліктерін барынша тиімді түрде қорғай алатынын білдіреді. Құқық иелері өздерінің жеке құқықтарын, өзгелердің құқықтарын және олар мұқтаж болатын көмекті қорғайды. Мүгедек адамдар ұйымдары өзін-өзі қорғауды қолдау мен ұйымдастырудың басты механизмі болып табылады. Өз құқықтарын қорғаушылар өздерінің құқықтарына қатысты болатын барлық шешімдерге белсенді қатысуға тиіс. Бұл қатысу қағидаты мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау қозғалысының «Бізсіз біз туралы ешқандай шешімге жол жоқ» деген ұранында көрініс тапқан.

Гендерлік зорлық-зомбылық пен жыныстық және ұрпақты болу денсаулығын және ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға әйелдерді және әртүрлі мүгедектігі бар жастарды белсенді тарту қажет. Олар барлық кезеңдерде (жоспарлау, жобалау, іске асыру және мониторинг) және барлық компоненттер бойынша (кадрларды даярлау, штаттарды жасақтау, кедергілерді жою және ақпарат пен қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасау) бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға, өз үлестерін қосуға және кері байланыс беруге тиіс.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «естуші мемлекет» қағидасына сәйкес, мүгедек адамдарды олардың жағдайын жақсарту бағдарламаларын іске асыруға тарту құқық иелерінің даусы естіліп, олардың талаптары қанағаттандырылғандығы ескерілген жағдайда бағдарламалық бастамаларды әзірлеу мен іске асырудың тиімді құралы болып табылады.

Мүгедектік түрлеріне бейімделген экономикалық, тұрмыстық жағдайларды және тұрғын үй жағдайларын жақсарту. Сұралған респонденттердің көпшілігінің тұрмыс деңгейі төмен. Жұмысқа орналасу және лайықты еңбекақы алу мүмкіндіктері шектеулі олар негізінен оларға төленетін ақша қаражаттарына (жәрдемақылар, зейнетақы) өмір сүреді. Көбінесе бұл қаражат олардың отбасылары үшін тіршілік етудің жалғыз көзі болып табылады және мүгедектердің қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етпейді. Материалдық қамтамасыздық деңгейінің төмендігі мүгедектердің негізгі проблемаларының бірі және тұрмыстық жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың негізгі себебі болып табылады.

Осыған байланысты мүгедек адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне жұмысқа орналасу үшін жағдай жасау қажет. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар да жақсартуды талап етеді. Атап айтқанда, пандустардың жоқтығы, баспалдақ аралықтарының және лифтілердің сәйкессіздігі мүгедек адамдардың қозғалуына қиыншылықтар туғызады. Мүгедек адамдардың мұқтаждықтарына бейімделген әлеуметтік тұрғын үй салуды ұлғайтқан абзал.

Мүгедек адамдар әлеуметтендіруді жоғары дәрежеде қажет етеді.

Мүгедектерді көлденең ерікті жергілікті топтарға және тұрақты кездесулерге біріктіру оларға әлеуметтенуге, қосымша білімді меңгеруге, тәжірибелерін, дағдыларын алмасуға мүмкіндік береді, бұл олардың қоғамда табысты қызмет етулеріне алып келеді. Мүгедек адамдар әлеуметтік оңалту, бейімдеу жүйесін дамытуды қажет етеді.

Бейімдеуді өзекті қажеттіліктер деңгейі мен оларды қанағаттандыру деңгейі арасындағы сәйкестікті орнатудың әлеуметтік процесі ретінде қарастыра отырып, біз жергілікті атқарушы органдардың жиі тиісті түрде ден қоймауына байланысты осы қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында қайшылықтар бар екенін анықтадық.

Екінші-үшінші топтағы мүгедек адамдар еңбек еткісі келеді және жұмыс іздейді, еңбек пен кіріс қажеттілігін сезінеді, бірақ жұмыс орындары мен тиісті инфрақұрылымның жоқтығынан бұл мәселе көптеген жағдайларда, әсіресе ауылдық жерлерде шешілмеген күйінде қалып отыр. Жұмысқа орналасудағы елеулі кедергілердің бірі бұл жағдайда қол жетімсіз болатын ауылдық аймақтардағы кәсіби даярлық жүйесінің дамымағандығы болып табылады.

Мүгедек адамдарды әлеуметтендіру жағдайларын жақсарту. Мүгедек адамдар сапалы медициналық қызметтерге, санаториялық емдеуге, сапалы білім беру мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметтеріне қолжетімділікке мұқтаж. Басым көпшілігінде мүгедек адамдардың орта және орта арнайы білімі бар, бұл белгілі бір біліктілік болмаған жағдайда кейіннен жұмыссыздыққа әкеледі. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек адамдар үшін спорт секцияларының, залдарының, бассейндердің жоқ болуы да маңызды фактор болып табылады. Олар қалаларда болғанның өзінде абонемент ақысы жоғары, ал тегін спорт ғимараттары жеткіліксіз және олар көбінесе мүгедек адамдардың мұқтаждықтарына бейімделмеген.

Мемлекеттік атқарушы органдармен тиімді коммуникация жасау қажеттілігі. Мүгедектік жиі өзін-өзі төмен бағалауға, әсіресе әйелдердің арасында, және виктимдік мінез-құлық пен соған сәйкес психо-эмоционалдық көңіл-күйге жетелейді. Мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерінің мүгедектердің мұқтаждықтарын ести алмауы, олардың ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас жасаудағы дағдыларының жеткіліксіздігі және тұрмыстық зорлық-зомбылық себептері мен оның алдын алуды және құрбандарға көмек көрсету алгоритмін нашар білуі осы проблеманы шиеленістіре түседі. Нәтижесінде мүгедек адамдар олардың мәселелерін шешуге жауапты атқарушы органдардың өкілдеріне деген сенімнен айырылады.

Осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, әлеуметтік, медицина қызметкерлерін және құқық қорғау органдарының қызметшілерін зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою жағдайларында мүгедек адамдармен жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша оқытуды жүргізу қажет.

Есту қабілеті бұзылған мүгедектердің ерекше қажеттіліктері 

Есту қабілеті бұзылған мүгедек адамдарға тіршілік әрекетінің барлық аспектілері бойынша оларға түсінікті форматтағы ақпарат тиісті түрде қолжетімді емес. Ауылдық жерлерде тұратын бірінші топтағы мүгедектердің көпшілігінің мектептік білімі жоқ. Олар жиі жазылған мәтіннің мәнін толық түсінбейді. Осылайша, естуге байланысты мүгедектік пен ондай адамдардың төмен хабардарлығы зият бұзылысымен және дамуда артта қалумен бірге жүретіні сирек емес. Олардың ұрпақты болу денсаулығы мәселелері бойынша білімі өте шектеулі және олар өздерінің денсаулыққа байланысты проблемаларын барлық кезде дұрыс түсіндіре алмайды және медицина қызметкерлерінің кеңестерін толық түсіне алмайды. Сондай-ақ, олар зорлық- зомбылықтың көптеген түрлерін зорлық-зомбылық ретінде танымайды және өздеріне қатысты зорлық-зомбылық немесе қылмыс жасалып жатқанын анықтай алмайды.

Көптеген есту қабілеті бұзылған мүгедектер ымдау тілін (сурдобелгілерді) білмейді. Мүгедектердің өздері сурдобелгілерді білетін жағдайларда көбінесе олардың отбасы мүшелері, қамқоршылары мен балалары оларды білмейді. Сурдоаудармашысыз олардың мұндай мүгедектігі жоқ адамдармен қарым-қатынасы өте шектеулі болады. Ымдау тілі дағдыларын меңгерген респонденттер кейбір жаңалықтардан басқа сурдоаудармасы бар телехабарлар жоқтың қасы екенін атап өтті. Оқыған сурдоаудармашылар әлеуметтік қорғау қызметінің штатында ғана бар және олардың саны өте шектеулі – бір сурдоаудармашы 20-25 адамға дейін қызмет көрсетеді.

Зорлық-зомбылық жағдайында толыққанды кешенді көмек көрсету үшін адамдардың құқықтары мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың штатында білікті сурдоаудармашы мамандар болуға тиіс. Сондай-ақ, ЖПҚ, медицина қызметкерлерінде және әлеуметтік қызметкерлерде есту қабілеті бұзылған адамдармен (нашар еститін және естімейтін) толыққанды коммуникация жасау және оларға тиімді қызмет көрсету үшін мнемокарталар, әріптері бар тақталар, сөйлеу синтезаторлары, сурдо-онлайн технологиялар және көмекші сурдоаудармашылары болуға тиіс.

Есту қабілеті бұзылған мүгедек адамдардың қарым-қатынас жасаудағы сипатталған шектеулері олардың келесілерге қол жеткізудегі ерекше қажеттіліктерін анықтайды:

  • БАҚ ақпараты – сурдоаудармасы бар телехабарлар, қабылдау үшін түсінікті оңайлатылған бейімделген сайттар санының аздығы;
  • сот төрелігі. Олар тіпті сурдоаудармашы болған жағдайда да ақпаратты сот процесі жағдайында және барысында өте қиын қабылдайды;
  • медициналық қызметтер (скрининг, сауықтыру, оңалту көмегі), әсіресе ауылдық елді мекендерде. Есту қабілеті бұзылған барлық мүгедек адамдарды ұялы телефонға арналған «ДамуМед» қосымшасымен қамтамасыз еткен жөн, оның көмегімен олар дәрігердің қабылдауына жазыла алады, қажетті ақпарат пен ұрпақты болу денсаулығы туралы кеңес ала алады;
  • әлеуметтік және психологиялық қызметтер – дағдарыс орталықтары, оқыту және жұмысқа орналастыру қызметтері. Оларға оқу және жұмысқа орналастыру қызметтері бойынша ақпаратты түсіну үшін қолжетімді форматта ұсыну қажет.
  • Көру қабілеті бұзылған мүгедектердің ерекше қажеттіліктері

Аудандық және ауылдық ауруханаларда зерттеу үшін қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығынан көру қабілеті бұзылған мүгедек адамдар осындай қызметтер ұсынылатын қалаларға біреу ертіп әкелмесе, өз бетімен жете алмайды. Олар мемлекеттік органның тарапынан көлік құралдарын және оларды ертіп жүретін адамды қажет етеді, себебі көбінесе олардың қамқоршылары немесе отбасы мүшелері оларды ертіп жүруге әзірлік танытпай, мүгедекке қатысты зорлық-зомбылық мінез-құлқын көрсетеді.

Бала кезінен көру қабілеті бұзылған мүгедектер оған үйренген болса ғана Брайль шрифтін оқи алады. Ауылдық жерде оған ешкім үйретпейді. Олар дыбыстаушы құрылғылар мен арнайы бағдарламалық жасақтаманы қажет етеді. Бұл адамдарға қолдау көрсететін мамандар мұндай құрылғыларды пайдаланатын адаммен қарым- қатынас жасау ерекшеліктерімен танысып алуға тиіс.

Бала кезінен көру қабілеті бұзылған мүгедектер арасында, әсіресе ауылдық жерлерде тұратындарының арасында көпшілігінің мектептік білімі жоқ. Осылайша, жиі көруге байланысты мүгедектік зият бұзылысымен, ойлау қабілеті дамуының артта қалуымен бірге жүреді. Бала кезінен көру қабілеті бұзылған мүгедектер арасында жоғары білімді адам жоқ. Олардың ұрпақты болу денсаулығы мәселелері бойынша білімі шектеулі және оларда денсаулыққа, атап айтқанда, жыныстық және ұрпақты болу денсаулығына байланысты қандай проблемалары бар екенін және оларға әлдебір зорлық-зомбылық кезінде не болғанын әрдайым дұрыс сипаттай алмайды. Сондай-ақ, олар зорлық- зомбылықтың түрлерін ажыратпайды немесе өздеріне қатысты зорлық-зомбылық немесе қылмыс жасалып жатқанын әркез жете түсіне бермейді.

Жарақаттар, аурулар нәтижесінде көру қабілеті бұзылған мүгедек адамдарда өзін-өзі бағалаудың күрт төмендеуі, зағиптыққа бейімделуде қиындықтар байқалады. Сондай- ақ, олар айналасындағылары мен қоғамның тарапынан және сирегірек жақындарының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырауы ықтимал.

Көру қабілеті бұзылған мүгедектердің бейімделуінің ықтимал қиындықтарының алдын алу, өзін-өзі реттеу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру, толыққанды жеке және кәсіби дамуға жәрдемдесу оларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесе алады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close