Қоғам

ГЕНДЕРЛІК КОНЦЕПТ ЖӘНЕ КОНЦЕПТОСФЕРА

Лексикалық мағына, ұғым, концепт, гендерлік концепт, концеп- тосфера, гендерлік концептосфера, ассоциация, аталық-аналық ба- стау, «еркек» концептосферасы, «əйел» концептосферасы.

Гендерлік концепт санада танылу деңгейі мен ақиқат дүние- нің болмысына, өзіндік ерекшелігіне қарай, метафизикалық (аталық-аналық бастау), адамзаттық (еркек, əйел), мəдени (еркектік, əйелдік) деп шартты түрде жіктеледі. Гендерлік концептосфера – халықтың дүниетанымында, рухани болмысы мен тіршілігінде, оның «ғалам бейнесінде» орын алған жыныс өкілдеріне негізделген кешенді білім жиынтығы.

А.В. Кирилинаның пайымдауынша, «егер жыныс ұғымы «ер- кек» пен «əйел» категориялары арқылы ұғынылса, гендер «еркектік» жəне «əйелдік» категориялары арқылы түсіндіріледі. Дегенмен бұл ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты» [1999, 90 б.]. Аталған категориялар бір-бірімен өзара байланысып жататындықтан, олардың аражігін ажырату қиын. Зерттеу барысында жыныстың тілдегі көрінісіне талдау жасау арқылы гендерлік концептінің сөз жүзінде көріну (вербалдану) ерекшелігіне назар аударылады.

Концепт когнитивтік лингвистиканың басты термині ретінде қарастырыла бастағаннан-ақ, зерттеушілер мағына/ұғым/кон- цепт терминдерінің аражігін ажыратып көрсеткенді жөн көрді.

Сөздің дəстүрлі мағынасы «санада зат пен оның қасиеті, əрекеті туралы түсініктің бейнеленген, сақталған мазмұны» деп танылады [Гак 1990, 261 б.]. Лексикалық мағына – бұл теңеу, топтастыру, жалпылау, т.б. негізінде қалыптасатын санадағы ақпараттардың редукциясына қатысты адамның ойлау əрекетінің өнімі. Ю. Сте- панов көрсеткендей, «мағына тек тіл жүйесінде анықталатын тіл білімінің термині, ал ұғым тіл білімі мен логика саласындағы логикалық қатынастар жүйесінде анықталады».

«Ұғым» термині тек «зат пен құбылысты, олардың қасиеттері мен қатынастарының (яғни заттар мен құбылыстардың топтарына сəйкес келетін жалпы жəне ерекше белгілері) белгіленуі арқылы жалпылама түрде бейнеленетін ой» ғана емес, сонымен қатар, «ме- тонимиялы түрдегі, сол топтардың өзі, яғни грамматикалық неме- се семантикалық категориялар» немесе «категориялау» қағидасы (Тейлор) [Степанов 1997, 384 б.]. Басқаша айтқанда, ұғым өз бой- ына біз зат туралы не білеміз, соның барлығын жинақтайды, ол затты ойша елестету, ұқсастыру (теңестіру) жəне нысанға сəйкес сөзді белгілеу, нəтижесінде ой қорытындысын жасау, тұжырымдау (мысалы, Ф. де Соссюр ұсынған таңба сызбасында ағаштың түбірі, бұтақтары жəне жапырақтары бар (жаз айларында), жерде өседі, адамға қарағанда ұзақ өмір сүру мүмкіндігі бар, отынға пайдала- ну үшін араланып кесілуі мүмкін деп келтірілген). Соңғы кездері мағынаны танытуда «концепт» ұғымы қолданылып жүр.

Ұғым танылатын нысанның мəнді, мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, концепт – ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы. Концепт лингвистикада əр қырынан қарастырылып келеді (В.И. Карасик, З.Д. Попова, И.А. Стернин, т.б).

Концепт ұлттық дəстүр, фольклор, дін, өнер, өмірлік тəжірибе, құндылықтар жүйесі, т.б. факторлардың өзара қатынасы нəтиже- сінде туындайды. Осылайша концепт адам мен əлем арасындағы мəдени ортаны бейнелейді [Арутюнова 1998]. Оның мазмұн межесі

  • нысан туралы ұжымдық жəне жеке санадағы білім ақпараттары- ның шоғыры болса, тұрпат межесі – тіл бірліктерінің жүйеленген көрінісі (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық, т.б.).

Б. Хасанұлы еңбектерінде концепт терминінің қазақша бала- масы ретінде тұжырым сөзі қолданылған. Ол тұжырым (концепт

  • лат. conceptus мысль, понятие) терминінің мағыналық астарын, тұжырымдама (концепция – лат. conceptio понимание, система) ұғымымен сабақтастыра қарастырып, тұжырым – адам санасы- на тəн, ойлау қызметінің ғаламдық бірлігі, жинақталған түсінік, ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы, тұжырым- саланың (концептосфераның) бірлігі деген анықтама береді. Кон- цептосфера деген – халықтық ретке келтірілген концептілер жиын-тығы, ойлаудың ақпараттық негізі (базасы). Концептінің ұлттық, əлеуметтік, топтық жəне жеке адамдық ерекшелігі бола- ды, ал тұжырымдама – белгілі бір құбылысты түсіндірудің нақты тəсілі жəне оны баяндаудың негізгі идеясы туралы көзқарас, сын- дарлы ұстаным. Ғалымның 2008 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» тұжырымы: пайымдаулардағы көрінісі» атты еңбегінде кон- цепт (тұжырым), концептосфера (тұжырымсала) терминдерінің мəн-мағынасы жете түсіндірілген [2008, 12-13 бб.]. Қазақ тілінде жазылған ғылыми зерттеулердің көпшілігінде концепт, концептісі, концептосфера, концептая нұсқалары қолданылады.

Концепт ұғымы когнитивтік психология ғылымынан енген. Ғылыми əдебиеттерде концепт термині əр түрлі түсіндіріледі: концепт «ұғымның» синонимі ретінде қолданылады; концепт «қарапайым дүние бейнесінің» ментальді құрылымын білдіреді. Оның негізінде салт-дəстүр мен фольклордың, идеология мен діннің, адамның жеке тəжірибесі мен құндылықтар жүйесінің арақатынасы анықталады; концепт – жеке жəне ұжымдық сананың көрінісі. Ол лексикалық мағынаға қарағанда, едəуір кең мазмұнды бейнелейді.

Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде мынадай анықтама берілген: «Концепт ұғымы адамның ойлау əрекеті мен тəжірибесін, білімін білдіретін, дүниені танып-білудің адамзаттық тəжірибесі мен білім «квантын» танытатын мағыналар [Краткий словарь когнитивных терминов 1996, 90 б.].

Концепт қалай зерттелу керек? Концептілік ерекшеліктерді анықтау үшін лингвистикалық талдаулар қалай жүргізілуі тиіс де- ген мəселелердің басын ашып алу қажет.

Тіл білімінде қолдануға тиімді деп танылатын концептінің құрылымдық үлгісін Ю.С. Степанов ұсынған болатын: «1) негізгі, өзекті белгісі; 2) қосымша (тарихи) белгісі; 3) сөз формалар арқылы берілген мағынасы (ішкі формасы)» [1997, 40 б.]. Ол əрбір мəдениеттің өз ішінде концептінің танылу деңгейі бірдей емес, сондықтан концептінің негізгі белгісі тілді қолданушылардың барлығы үшін маңызды болып саналады; қосымша (тарихи) белгісін кейбір əлеуметтік топ өкілдері ғана тани алады, ал ішкі формасын немесе этимологиясын тану ғалымдарға тиесілі дейді [1997, 44 б.].

Бірқатар ғалымдар (В.Н. Телия, Д.О. Добровольский) кон-цептінің ішкі формасын кең не тар көлемде болсын тілді қолданушылардың да тани алатындай мүмкіндігі бар екендігін ай- тады. Ол əсіресе идиоматикалық саладан айқын көрінеді.

Концептінің құрылымдық үлгісін қалыптастыру зерттеудің сəйкес-ті (адекватты) əдістемесін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Мəселен, «ішкі форма деңгейін анықтау үшін халықтық салт- дəстүр, əдет-ғұрып, фольклорлық деректерге сүйену керек, яғни тура мағынасын іздеу керек» (Ю.С. Степанов). Бұл əдіс Д.О. Добро- вольский еңбегінде де көрсетілген. Оның пікірінше, тілдің мəдени ерекшеліктерін анықтау фольклор, мифология, ертегі, салт-дəстүр, тіл тəрізді бірнеше мəдени кодтардың негізінде жүзеге асады. Мəдени мазмұны бар символдар бірнеше мəдени кодтарда параллель айқындалған болса, жеткілікті түрде анықталған болып есептеледі. Алайда тіл үнемі басқа мəдени кодтармен параллель дами бермейді.

Концептінің пассив қабатын зерттеу үшін тарихи (диахронды) əдіс тиімді. Ал актив қабаты алдымен, əлеуметтік қырынан, яғни синхронды талдау жолымен (ұжымдық санада қалыптасқан білім негізінде) анықталады. Бұл жерде БАҚ мəтіндері, қоғамда болып жатқан түрлі жағдайлардың тілдік түсіндірмесі (интерпретациясы), т.б. өзекті болып саналады [Кирилина 1999, 87-89 бб.].

Концептілік жүйе ішкі жəне сыртқы құрылымдардан тұрады. Ішкі құрылымы концептіні танытуға бағытталған құрылымдар: когнитивтік үлгі (дүниенің ассоциациялық, таптаурындық, эталондық, этикеттік, символдық, бейнелік үлгісі) жəне оның са- нада бейнеленген типтері (фрейм, сценарий, ойсурет, сұлба); ал сыртқы құрылымы – сөз, сөз тіркесі, сөйлем, фразеологизм, мета- фора, метонимия, т.б.

Ассоциация – дүниені тануда адам санасындағы алғаш пай- да болатын бейнелі ойлы (ментальді) сигналдар, білім алудың бір тəсілі. Ассоциация арқылы тану – бұрынғы тəжірибелер мен жаңадан қабылданған түсініктер арасындағы байланысты ұғу. Таптаурын – білім алудың қайнар көзі, когнитивтік үлгі қалыптастырушы ментальді əрекет, яғни адам санасында ту- ындайтын дүние бейнесінің бір үзігі. Символ ақиқат дүниенің аса дəріптеліп, құрметтелетін, ерекше қасиетімен танылған үзіктерін таңбалайды. Бейне – көркем мəтіндерде когнитивті үлгі қалыптастырушы таңба.

Концепт типтері санада бейнеленуіне қарай əр түрлі форма- да көрініс табады. Олар: қарапайым форма (фрейм), күрделі фор- ма (скрипт), оқиғалы форма (сценарий), сызбалы форма (сұлба), бейнелі форма (ойсурет).

Еркек пен əйел бейнесі тілде бір ғана лексемамен берілетін қарапайым фреймдер емес, тақырыпқа қарай күрделеніп фразеоло- гизмдер, мақал-мəтелдер, сөз тіркестері, сөйлем құрылымдас тип- термен танылады. Мəселен, «еркек» концептісі батырлық, ерлік, төзімділік, азаматтық, ал «əйел концептісі» сұлулық, мейірімділік, нəзіктік, т.б. фреймдік тармақтар арқылы толыға түседі.

Қазақ халқының дүниетанымында, рухани болмысы мен тіршілігінде, оның «ғалам бейнесінде» гендерлік концептосфераға енетін «еркек» концептосферасын жігіт, күйеу, аға, əке, ата, т.б., ал «əйел» концептосферасын қыз, келін, ана, қатын, тоқал, т.б. ұғымдар мен олардың өрісіне енетін гендерлектілер аясында қарастыруға болады.

Соған сəйкес, тіліміздегі еркек пен əйел бейнесіне қатысты гендерлік концепт қалыптастыратын лексемаларды тақырыптық- семантикалық жағынан топтастыра келіп, кешенді білім жүйесін, яғни когнитивтік үлгісін ұсынуға тырыстық. Бұл тұста «ер- кек», «əйел» концептілерінің фразеологизмдер, мақал-мəтелдер, теңеулер түрінде көрінетін үлгілері гендерлік таптаурындар арқылы кеңірек сипатталатынын ескертеміз.

«Еркек» концептосферасы

Концептінің негізгі белгісі болып танылатын сөздіктерде берілген «еркек» сөзінің мағынасы мен түп төркіні, этимологиялық мағынасына зер салсақ, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мына- дай түсінік берілген:

«Еркек зат. 1. Ер жынысты адам. Стол басында Дəмештен басқа үш кісі – екі еркек, бір əйел (З. Шашкин, Доктор.). Еркек бала. Еркек кіндікті. 2. Күйеу, жұбай, бай. Еркегі ашу айтса, əйелі басу айтады деуші еді. Сен тіпті ердің аузы бармайтын сөзді айттың ғой (М. Əуезов, Қараш.)» [1974, 397 б.]. Сонымен бірге «еркек» сөзімен мағыналас «ер» сөзінің екі мағынасы түсіндірілген:

«Ер зат. Адамның еркек жыныстылары, еркек азамат. Ерден əйел жамандық та алады, қасиет те алады (М. Əуезов, Абай.). Ер бала. Ұл.

Ер сын. Батыр, қаһарман, жау жүрек. Бекежанның басында батырларда, ерлерде болатын мінездердің бірі де жоқ (Қ. Жұмалиев, Қаз. эпосы)» [1974, 386 б.].

«Еркек/ер» сөзінің этимологиялық мағынасы көне дəуірлерден, яғни шумерлік кезеңнен бастау алатынына көз жеткіздік. «Ежелгі шумер тілінде ER~IR (ёr) «membrum virile»; «еркек» көне түркі тілінде. er «1) еркек; 2) күйеу, жұбай; 3) күйеу, қаһарман, батыр», тува тілінде. эр «1) еркек; 2) еркек жынысты», алтай тіл. эр «1) күйеу; еркек 2) батыр, жау жүрек», хакас. ир «1) еркек; 2) күйеу», чуваш. ар «еркек; күйеу», моңғол. эр «1) күйеу; еркек; 2) еркек жынысты».

ERIN (eren) «əскер» – көне түркі тілінде еran «күйеу, еркек, жауынгер/жасақшы» деп келеді.

Тіліміздегі еркек/ер гендерлектісінен туындаған сөздер мен сөз тіркестері еркек азамат; күйеу; ер, батыр мағыналарынан өрбиді. Мысалы: еркек гендерлектісімен: еркек басыңмен, еркек бола тұрып, еркек атаулы, еркек біткен, еркек қиық көз, еркек мінез, еркексу (еркексіп қоқаңдау), еркекше, еркексіз үй, еркек болмаған жерде, еркектік іс, т.б. Ер гендерлектісімен: еңіреген ер, ер басына күн туды, ердің құны, ер жетті, ер жүрек, ер мінезді азамат, ер кезегі үшке дейін, ер көкірек, ер келбетті, ер тəуекел, көзсіз ер, ердің ері, төресі, ердің сойы, ер ортасы жасқа келді, ер мұрынды, ер қара болды, ер көңіл, ер-азаматтық борыш, т.б.

Гендерлік концептілерді тануда мифология, фольклорлық мəтіндер маңызды рөл атқарады. Айталық, «қиял-ғажайып ертегілеріндегі (Жоя мерген, Арғы мерген, Таласпай мерген, Сұр мерген, т.б.) аңшы – мерген образы өте ертедегі батыр бейнесін суреттейді, ол белгілі бір дəрежедегі идеалды ежелгі адамдар қауымындағы еркектің тұжырымдық түптұлғасын жасауға негіз болады [Тілеубердиев 2006, 107-109 бб.].

«Еркек» концептісінен ежелгі қатпар мифологиялық батырдың көптеген қасиеттеріне ие еркек бейнесі (аңшы, мерген, батыр) ерек- ше бөлініп көрінеді. Аңшы – мерген бейнесінде келтірілген ежелгі еркек бейнесі кейінгі тарихи кезеңдерде батыр – еркек образымен ауыстырылды. Батыр-еркек образы батырлық ертегілерде («Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Құйын батыр», «Темір ба- тыр», т.б.) берілген. Қазақ батырлық ертегілеріндегі классикалық батыр жауынгер қалпын иеленеді [Қондыбай 2004, 109-110 бб.]. Мифтік санада тұлға туралы түсінік жоқ, ол табиғи жəне қауымдық күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы – Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттілікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мəдениеттіліктің негізін қалады. Ең бастысы – батырлық уақытта қазіргі қазақ мəдениетінің алғашқы бейнелері (архетиптері) қалыптасқан. Архетиптік уақыт мифологиялық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ халқының көркем шығармашылығының архетипі де, дəстүрлік басты типі де – фольклор, ауыз əдебиеті.

«Мерген», «батыр», «ер» диахрониялық концептілерінің тарихи-мəдени коннотациялары əлі күнге дейін этномəдени қауым өкілдерінің тілдік санасында сақталып келеді. Дала жауынгері – батыр мыңдаған жылдар бойы еркектің идеалы болып қала береді, еркектің-жауынгердің осы бір ментальдік образының сабақтастығы орта ғасырлардағы поэзиядан да, одан əрі ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ халық поэзиясынан да жалғасын тапқан. Ақындар жауынгер- батырдың күшті қаһарман тұлғасын жырлайды.

«Еркек» концептін немесе халықтың еркек идеалы, батыр бейнесін танытатын мəдени кодтар (ертегі, фразеологизмдер, мақал-мəтелдер, лексика, шығармалар, суреттер, т.б.) батырлықты рəміздейтін метафизикалық концепт төңірегінде топтасады.

а) «Батыр», «батырлық» концептілері – ерлік жасау, батыр болу, батылдық көрсету, ержүректілік таныту, елін, жерін қорғау үшін жаумен шайқасу үлгісінде бейнеленеді. Аталған гендерлік концепт          құрылымдары    санада ой-сурет                 құрап,                 поэтикалық мəтіндерде жиі көрініс табады. Тілдің бұл саладағы үлкен қоймасы қазақтың ауыз əдебиеті үлгілерінің тілі болып келеді. Айталық, жырдан-жырға көшіп отыратын əбден тұрақталған композициялар: буырқанды, бұрсанды, мұздай темір құрсанды…, бірнеше күн жол жүріп, кірпігіне мұз тоңып, қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып сияқты тіркестер ой-сурет формада үлгіленген. Мұндай тілдік бейнелеулерді Махамбет ақынның поэтикалық қазынасынан да жиі кездестіреміз. Мысалы, қызғыштай болған есіл ер, екі тарлан бөрі, құстан туған құмай, таудан мұнартып ұшқан тарланым, шамданса, шалқасынан түсер асау, шамырқанса, ша- тынап сынар болат, ақсұңқар құстың сойы, тауда ойнаған қарт марал, т.б. Тіліміздегі арыстан, батырларша, аймауыттай, ердің ері, егеудің сынығы, алпамсадай, алып ер, ердей, ел қорғаны, ба- тырлар жыры, т.б. бірліктер де батыр бейнесі туралы білімді толықтыра түседі.

Сонымен, «батыр еркек идеалын жырлайтын қазақ батырлық эпосында жəне қазақ жырауларының поэзиясында жауынгер-еркек идеалы күшті, қуатты, ержүрек жыртқыш аңдар – қасқыр, арыстан, жолбарыстардың қасиеттеріне ие адам ретінде сипатталады.

Өткен дəуірлерде ер адамның ер жүректілігі, батырлық, қаһармандық қасиеттері бағаланса, көшпелі кезеңде жігіт гендерлектісінің этикалық, эстетикалық қырынан таныту басты рөл атқара бастады.

Жігіт – ер жеткен, кəмелетке толған ер-азамат, бозбала. Жергілікті тіл ерекшеліктерінде бозбалдақ, боздақ, дондықша жас жігіт мағынасында, қосшы бала жігіт мағынасында жұмсалады [Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 1996, 129 б.]. «Жігіт» сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған. Орхон Ене- сей жазба ескерткіштеріндегі Күлтегін немесе Тоныкөк жазуларына көңіл аударсақ, «ігід» сөзін оқып, қолдау, көтермелеу» деген түсінік аламыз. Ал Юсуп Баласағұнның «Құтадғу білігі» еңбегінде «ігід»

  • тəрбиелеу, дағдыландыру, өнеге беру мағыналарына ие. Осы де- ректерге қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген «жігіт» деген сөзінің алғашқы мағынасы «қолдау, көтермелеу», одан бері келе «өнеге беру, тəрбиелеу» мағынасына дейін жетіп, ең соңында, өнеге көрген, тəрбие алған, ой-өрісі қалыптаса бастаған адамға айтылатындығын көріп отырмыз» [Нұрмағамбетов 1994, 123-124 бб.].

Жігіттің гендерлік бейнесі жастықтың, адамгершіліктің ұлттық өлшемдерімен егіз өріледі. Мұны сипаттайтын тілдік бірліктер жігіттікті рəміздейтін гендерлік концепт төңірегінде топтасқан. Жігіттік – жігіт болушылық, жігітке тəн қасиет (ерлік, адамшылық, қайырымдылық). Алғашқы балалық шағын жəне жігіттікке жет- кен кезін Ақылбай өз əкесінің үйінде өткізді (М. Əуезов, Əр. жыл.) [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1979, 3-36 бб.].

ə) «Жігіттік» концептісінде бастапқы ұғым – жастық кезеңмен, жас ерекшелігімен байланысты өрбіген гендерлектілер: жігіт болу, жігіт-желең, бозбала, бала жігіт, жасөспірім жігіттер, балаң жігіт, жас жігіт, жігітше, жігітшілік, құрды, жігіттіктің базары, жастықтың əуеніне салды, жігітсіну, жігіт болғансу, жігітімсу, дүр жігіт, күр жігіт, ер түлегі, ер жігіт, т.б; аралық ұғым – некелік жəне туыстық жағдайынан туындайды: бойдақ жігіт, үйленген жігіт, күйеу жігіт, күйеу бала, өкіл күйеу, күйеушілеу, үйленді, əйелі бар, көп қатын алған, талақ, əйел тастады, жігіттің үш жұрты («Балалығыңды сағынсаң – нағашыңа бар, жігіттігіңді сағынсаң – қайныңа бар»), т.б; қорытынды ұғым

  • мəртебелік рөлін бағамдайды: жігіт ағасы, ел ағасы, «ақылы асса – аға тұт» (мақал), ағалық етті, т.б.

Жігіт – жас жігіт – жігіт сыны. Жігері мен талабы зор, ат құлағында ойнап, тулаған тұлпарын тақымдап, қанат қаққан сұңқарын тұмарлап ұстай алатын жігіттік шақ эстетикалық- көркемдік танымда үлгіленген. Халық танымында жігіт екі жікке бөлініп «жақсы», «жаман» деп бағаланады. Жақсы жігітке тəн сипаттар ретінде іскерлік, адамгершілік, жайдары-жайсаң мінез, білімділік, ақыл-парасаттылық, еліне, халқына деген адал ниет, қажыр-қайраттылық дəріптеледі. Олардың басым бөлігі ақын- жыраулар тілінде тұжырымдалған. Мəселен, көркем мəтіндегі жігіт образы:

Наркескен қайырылмастай қылыш болса, Мінезі, ақылы, өнері дұрыс болса.

Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт Жорғадай тілі майда, жүріс болса. Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз − Еткені берекелі жұмыс болса… (Ақан сері).

Поэтикалық мəтінде дүниенің көркемдік бейнесі тілдегі ұғымның үлгіленуіне ықпал етеді. Демек, көркем бейне арқылы абстрактілі ұғымдардың суреттемелі үлгілері мен əмбебаптық ком- бинацияларын ұғынуға болады.

Жігіт – күйеу жігіт – күйеу бала – күйеу. Тіліміздегі жігіттің некелік жағдайын айқындайтын гендерлектілер: бойдақ жігіт, үйленбеген жігіт, салт басты жəне күйеу жігіт, үйленген жігіт, əйелі бар (жігіт), күйеу бала, күйеу, т.б.

Күйеу əйелдің ері, жұбайы. Күйеу – қызды айттырған жəне алған жігіттің қыз еліне туыстық қатысы [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1980, 278 б.]. «Күйеу» гендерлектісінен күйеулік, күйеусымақ, күйеуі бар, күйеусіз, күйеуше қырындау, күйеу іздеу, күйеусіре(у), күйеу жолдас, күйеу қазық, күйеушіле(у), күйеу жігіт, күйеу түсті, айттырған күйеу, бесік күйеу, күшік күйеу, кірме күйеу, т.б. тəрізді сөздер мен тіркестер жасалған.

Күйеу баланың гендерлік бейнесі халықтық салт-дəстүрлерге негізделген этнолингвистикалық белгілер арқылы үлгіленеді. Мұның өзі бірнеше фреймдік тармақтар арқылы танылады: қалыңдық айттыру, құда түсу, қалың мал беру, ұрын бару, т.с.с. Гендерлік концепт құраушы бұл салт-дəстүрлер күйеу туралы білімді толықтыра түседі.

«Əйелдің ері, жұбайы» мағынасындағы күйеу сөзі байы, ері гендерлектілерімен синонимдес жұмсалып, көбінесе, ерлі-зайыпты жұбында үлгіленеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «бай» сөзіне «əйелдің некелеп қосылған күйеуі, ері» деген анықтама берілген [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1976, 28 б.]. «Бай» гендерлектісінен байлы, байсыз («Байсыз қатын – баусыз оймақ»), байсыздық, байсымақ; «ері» гендерлектісінен ерлі-байлы, ерлі- қатын («Ерлі қатын – бір түтін»), ер жанды тіркестері жасалған. Ерлі-зайыпты жұбында ер/еркек – үйдің отағасы, əйелінің сүйеніші, балалардың əкесі. Бұл топта əке бейнесі таптаурынданған. Тілімізде «əке» концептін білдіретін тілдік бірліктер мақал- мəтелдер, фразеологиялық бірліктер, көркем мəтіндер арқылы жиі беріледі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «əке» гендерлектісінің төрт мағынасы көрсетілген:

  1. Балалы болған ер адам. Абайдың өз əкесі – Құнанбай, атасы
  • Өскенбай, арғы атасы – Ырғызбай (М. Əуезов, Əр. жыл.);
  1. Малдың, т.б. жан-жануарлардың еркегі аталық мал. Құлагер əкең – тұлпар, шешең – сұңқар, соғып ең дөненіңде сегіз арқар (Ақан сері. Шығ.);
  2. Ауыс. Бір нəрсенің ең зоры, үлкені. Қуырдақтың əкесін түйе сойғанда көрерсің (мақал);
  3. Сөйл. Өзінен жасы кіші адамға қарағым, шырағым деген мағынадағы айтылатын сөз. – Əкем-ау! – деп Марийка саңқ етті… (М. Бубеннов, Ақ қайың)».

«Əке» сөзінің негізгі мағынасынан əкедей, əкей, əкелі, əкелес, бір əкеден, өкіл əке, əкелік қамқорлық, өгей əке, əкесінше, əкесінің аузынан түскендей, əкесі базардан келгендей қуанды, əкеңнің құны бар ма?, т.б. сөздер мен сөз тіркестері жəне əке-баба, əкелі-балалы, əке-шеше деген қос сөздер жасалған.

«Əке» гендерлектісінің концептілік жүйесі: Əке – қамқоршы, пана; Əке – ақылшы, тəрбиеші; Əке – ырыс, ризық («Жақсы əке жаман балаға қырық жыл ризық»); Əке – асқар тау («Əкең жақсы кісі еді, Жел жағыңа пана еді») құрылымдарда анықталады.

Ал ата-ана жұбында əке, ата гендерлектілері өзара синонимдес. Сөздікте берілген ата гендерлектісінің бірінші мағынасы да «туған əке, өз əкесі» дегенді білдіреді. Атадан алтау, анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ (Абай, Тол. жин.). Екінші қатарлас жүретін мағынасы «үлкен əке, əкесінің əкесі, бергі ата» [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1974, 415 б.]. Аталған мағыналарға сəйкес əке/ата бейнесі қайын ата, нағашы ата, аталас туыстар, атасы бар, аталық ақы, атасыз, аталастық, арғы ата, түп ата (баба), т.б. тілдік қолданыстар арқылы туған-туысқандық мəнін үстейді.

Жалпы алғанда, «ата» концептінің ұлттық-мəдени маңызы жоғары. Өйткені, ата – адамдардың туыстық-қандастық жігі, ру; ата-тегі, тұқымы, жеті ата; ата – аталы сөз (қарт, қария, ақсақал); ата – бастау (аталық-аналық бастау, атам заманғы); ата – ата мұра, туған жер, туған ел (ата қоныс, ата жұрт, ата салт, ата кəсіп, атадан қалған мал, атадан мирас, ата жолы).

Жігіт – аға, жігіт ағасы, ел ағасы. Аға – ағайынды адамдардың жасы үлкені, жалпы жасы үлкен ер адам. «Аға» гендерлектісі аталған тура мағынасымен қатар «бас, басшы, ел (ру, тайпа, халық) басшысы, əскери басшы (қол басы)» деген ауыспалы мағынада да жиі қолданылып, терминдік сипатқа ие болған. Ертеректе қазақ қауымында аға сөзі басшыға оның ішінде əскери басшыға айты- латын дəреже мағынасын бергенге ұқсайды. Орта ғасырлардағы хан сарайларында есік аға (ишик аға) жоғары лауазым болған (Р. Сыздық). Аға сөзінің бір кездегі «бас, басшы» деген ауыспа- лы мағынасы ертеректе қалыптасқан ел ағасы, от ағасы деген тіркестердің бар екендігімен дəлелдене түседі

Қазіргі уақытта «аға» гендерлектісінің мағыналық өрісі кеңейіп, көп қырлы ментальді құрылым ретінде қарастырылып келеді. Ол алдымен, еркек идеалының санадағы мəдени, рухани этикалық, əлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде танылады. Ендеше «ағалық» гендерлік концептін құраушы тілдік бірліктерді топтасты- рып, когнитивтік үлгі ретінде мыналарды ұсынуға болады: Ағалық – туысқандық: ағайын тұтты, ағайынды; Ағалық – қамқорлық: аға-іні, аға-қарындас; Ағалық – үлкендік, үлгі-өнеге: жігіт ағасы, ел ағасы, аға ұрпақ, аға буын, аға тұтты, ағалық айтты, ағалық борыш, «Рулы елге жарысқан үлгі айтатын ағасы…» (С. Сейфуллин, Шығ.), аға жазушы, аға ақын, ағадай көріну; Ағалық – басшылық, басқару, мəртебе: ауыл ағасы, аға сұлтан, болыс аға, төраға, кеңес ағасы, аға лейтанант, аға оқытушы, т.с.с. Аға – ағайынды адамдардың жасы үлкені, жалпы жасы үлкен ер адам. Сөйлеген аға тұрып, ініден без, Ежелден елде сондай бар еді сөз (Жамбыл) [Қазақ тілінің түсін- дірме сөздігі.

Қысқасы, «еркек» ментальді образынан келіп шығатын (батыр, жігіт, күйеу, əке, ата, аға бейнелерін тұжырымдау арқылы халық танымында «еркектің» гендерлік үлгісі «батырлық», «жігіттік», «ағалық» қасиеттеріне сəйкес тұжырымданатынына көз жеткіздік.

«Əйел» концептосферасы

 

Қазақ тілінде «əйел» сөзінің екі мағынасы бар: 1. Адам болмысының ұрғашы жыныстылары; 2. Жұбай, зайып. Əйел бала. Əйел баласы, əйел заты, əйел атаулы – барлық əйел жыныстылар.

«Əйел» сөзінің араб тілінен енгендігі белгілі (араб. əййил, көптік мағ. əйал). Қазақ тіліне өткен кезде айал болып өтуі мүмкін. Кейін келе үндестік заңына байланысты əйел болып өзгерген. Айал//аял, айым, əйкеш жергілікті халық тілінде əйел сөзінің орнына жұмсалады. Түркі тілдерінде «үй» сөзінің «ев», «өп» сияқты дыбыстық нұсқалары бар. Аталған түбірге -лік жұрнағы қосылып өплік (евлүг) – əйел деген мағынаны, жазба ескерткіштерде үйлік сөзі – үйі бар, үй иесі деген мағынаны береді. Ал алтай тілдерінде: «епчи» – əйел», «əйел жы- нысы» деген мағынада қолданылады. Көне түркі тілдерінде кіскісікіші гендерлектілері болған, оның бір мағынасы «адам, кісі» болса, екінші мағынасы «əйел». Кіші сөзі «біреудің əйелі» дегенді білдірген (Р. Сыздық), «үйлену» дегенді кіші алу деген (қазақ тіліндегі қатын алу, қазіргі əйел алу дегенге келеді).

«Ұрғашы» гендерлектісіне қатысты «ұр-ғашы», «ұрық-ашы»,

«уруг-ашы» дегендегі «ашы» мен көне түркі тілдеріндегі «ешə» (үлкен апа), «ашы» (кексе қатын), «іші» (жасы үлкен апа, бастапқыда апа), «эге» (əпке, үлкен апа) сияқты сөздерді жəне ежелгі шумер тіліндегі sal<шал (чуваш тіл.)<іші<ашы сөздері арасындағы тілдік байланыстың мазмұндық қатпарларын салыстыруға болады. Əйел сөзімен қатар қолданылып жүрген синоним сөздің бірі – «қатын».

«Қатын» гендерлектісі үш мағынада қолданылады: 1. Жалпы əйел атаулы, ерге тиген əйел; 2. Зайып, жар, жұбай; 3. Ауыс. Қорқақ, су жүрек». Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде қатын/хатын» гендерлектісінің бастапқы мағынасы – ханым, бəйбіше, əйел, кейін – күйеуге шыққан əйел, зайып деп көрсетілсе, М. Қашқари сөздігінде «ақ сүйек (хан, төре, бек) қызы» деген мағынада берілген, кейін «ерге шыққан əйел» дегенді білдіретін болған. «Қатын» сөзі ерте замандарда ханның əйелдеріне ғана арналған атау болғандығын Қ. Жұбанов та атап өткен болатын. Бұл сөз кейбір түркі тілдерінде жоғарыда көрсетілген мағыналардан басқа қосымша ұғымға ие болған, қырғыз, алтай, хакас, қазақ тілдерінде – əйелді кеміту мақсатымен айтылатын өрескел сөз ретінде қолданылатындығы айтылады. Қазақ тілінде қатын сөзі көбінесе сөйлеу тілінде қолданылады да, ал əдеби тілінде оның ор- нына əйел, зайып, жамағат, жұбай сөздері жұмсалады.

Келтірілген атаулар «əйел» концептінің ежелгі шумер, көне түркі дəуірлерінде, орта ғасырларда болсын, тіптен қазірде де осы аталған кезеңдерге тəн когнитивтік-ментальдік кеңістікке тəн өзін- дік ерекшеліктерге ие екенін дəлелдей түседі. Тіліміздегі əйел/қат- ын бейнесін сипаттайтын гендерлектілер: əйел/қатын басымен, əйел теңдігі, əйел жазушылар, қалжа жеген əйелдей, əйелдік сұлулық/ мейірім, əйелсін («Хан түгілі халқы сүйіп Құралайды, Əрдайым əйелсінбей ақылдасқан»), «Адамдық негізі – əйел» (М. Əуезов), əйелдер киімі, əйелдер журналы, қатын болды, қатын бесін, қатын өсек, қатын үстіне барды, тоқал қатын, қатындық, т.б. жəне қос сөздер əйел-еркек, қатын-қыз, қатын-қалаш, қатын-бала, т.б.

«Əйел» концептосферасына енетін қыз, ана бейнелері қазақтың рухани мəдениетінде, дүниетанымында, ділінде (менталитетінде) барлық кезде адамгершілік, этикалық, эстетикалық құндылықтар қатынасы тұрғысынан қарастырылып келеді. Қазақ тілінде «қыз» гендерлектісінің мағынасы: 1. Əйел бала, сəби; 2. Күйеуге тиме- ген, бойжеткен; 3. Жігіттің көңілі қосқан, жүріп жүрген ада- мы, қалыңдық. Қыз біткен. Қыз атаулы. Бұл сөз түркі тілдерінің көпшілігінде «қыз бала, бойжеткен қыз» мағынасында жұмсалады. Кейбір түркі тілдерінде қыз сөзінің қосымша мағыналары бар: ту- ваша қыс – ұрғашы, шор тілінде қысчак – жиен қыз, қайын сіңлі, якутша қыыс – немере қыз. Түркі-моңғол тілдерінің көпшілігінде гыйз, киз, хыс, қыс, қыз, хыр сияқты əр түрлі тұлғада келетін сөздер əйел жынысты баланы білдіреді. «Қыз» концептінде бастапқы ұғым

  • бойжеткен образын бейнелеп, сұлулық, жастық, махаббат метафизикалық концептілерімен сабақтастықта ашылады; аралық ұғым – қалыңдық бейнесін сипаттап, ұлттық-мəдени танымдық ақпараттармен жүйеленеді; қорытынды ұғым – ана образында сомдалады, жалпыадамзаттық құндылықтың ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығын танытады. Қыз – бойжет- кен, ару. Тілімізде ару қызды сипаттайтын, «ақ еркем», «тотым», «үкітайым», «перизатым», «айым», «ботагөзім», «сəулетайым», «бал қаймағым», «айнам», «киіктің лағы», «құралай», «қызыл гүл», «аққу», «марал» сияқты сұлулықты бейнелейтін гендерлектілер жетерлік; Қыз – балғын жас, сұлу: нəзік бел, үлбіреген жас тəн, аршыған жауқазын, қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, жайнаған көк балдырған (Абай), т.с.с; Қыз – арман, махаббат. Қыз – жігіт жұбында үлгіленетін махаббат концептінен танылады; Қыз – қалыңдық – келін. Ұлттық-мəдени ерекшелікте белгіленген қалыңдық – келін туралы концептілік түсініктер халықтық салт- дəстүрлерде кең қамтылған. Тіліміздегі қыз айттырды, қыз алып, қыз берісті, қыз танысу, қыз ұзатты, қыз алып қашты, қыз жаса- уы, қыз ұзату тойы, сəукеле кигізу, сыңсу, беташар, қыз төркіндеп келді, төркіндес (бір елдің қыздары), т.с.с. қолданыстар қалыңдық образындағы ментальді қыз бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Ал келін түсуге байланысты жасалатын жол, ырымнан туған гендерлектілер: жүрек жарды, шашу шашты, беташар, қолтық ұстар, босаға аттар, сəлем салу, отқа май құю, көрімдік беру, т.б. Халқымыз қашанда          əйелдің                     отбасындағы            рөлін                жоғары бағалаған. Бұған əйел тілін ерекшелейтін немесе əйелге қатысты қолданылатын тілдік бірліктерді гендерлік тұжырымдау арқылы көз жеткізуге болады.
  1. Əйел – адал жар, отбасының берекесі. Əр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зор-айтатын да – əйел. Сөз мəйегі мақал-мəтелдерде əйелдің осы гендерлік рөліне айрықша мəн берілген: Əйел – үйдің көркі, еркек – түздің көркі; Жақсы əйел – ырыс, жаман əйел – ұрыс; Үйді қырық еркек толтыра ал- майды, бір əйел толтырады; Əуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – он саулық, үшінші байлық – ақ жаулық деген мысалдар- дан халқымыздың əйелді үйдің құты, дəулеттің, байлықтың басы деп ерекше қадірлейтінін аңғаруға болады.

Қазақ отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас көбінесе ұлттық дəстүрге, əдет-ғұрыпқа негізделіп құрылады. Ерін сыйлау, əйелін құрметтеу, шаңырақ шаттығын сақтау – ата салты. Осыдан келгенде, қазақ əйелдері арасында тіпті күйеуінің атын тура атамай, сыпайылап отағасы, мырзам, төрем немесе балаларының бірінің есімін қосып, бəленнің көкесі, бəленнің əкесі не болмаса күйеуінің бауырларының есімдерін қосып ағасы, көкесі, кейде ағаң (ағаекең) қаратпаларымен атаса, сыртынан біздің үйдің кісісі деген. Ал күйеуінің құрдасын – құрдас,аттасын – адас деп ат тергеген.

Отбасының ынтымағын, береке-бірлігін сақтау дəстүріне айналған өнегелі салтымыздың тілдік көрінісі тек əйелдер ғана қолданатын, яғни əйел тіліне тəн гендерлік лексиканы ерекшелейді. Халық   өміріндегі   түрлі   əлеуметтік   жағдайларға   байланы- сты қазақ отбасында əйелдерге қатысты бəйбіше, тоқал, жесір, алғаным, құма тəрізді өзіндік атаулар қалыптасқанын да айта кету керек. Отбасының ынтымағын, береке-бірлігін сақтау дəстүріне айналған өнегелі салтымыздың тілдік көрінісі əйел тіліне тəн гендерлік ерекшеліктерді айқындай түседі.

  1. Əйел – əдепті, сыйлы келін, сүйікті жеңге. Қазақ от- басында келіннің ата-енесімен, қайын-жұртымен тіл табысып, олардың көңілін тауып сыпайы қарым-қатынас жасауына үлкен мəн берілген. Отбасының əр уақытта тату-тəтті болуы келін мен ене арасындағы сыйластыққа байланысты. Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын; Келіннің өнегелі болу – енеден; Қызым саған айтам, келінім сен тыңда мақалдарының астарында да сол сый- құрмет, өнеге жатыр. Келін қайын-жұртының табалдырығын атта- умен бірге сол отбасындағы жастары күйеуінен кіші балалардың барлығына жеңге болып кіреді. Сөйтіп жеңге қайын іні/қайын сіңлі, ата/ене келін, қайын аға/апа келін арасындағы қарым- қатынастар жүйесі қалыптасады. Əйел тілінің гендерлік белгілері əсіресе жеңге мен қайын іні, қайын сіңлі арасындағы əзіл-қалжыңы аралас сырласымды, сыйласымды қарым-қатынаста айқын көрінеді. Сонымен бірге отбасында келіннің абысындарымен өзара татулығын жəне ел ішіндегі беделін ойлаған халқымыз Əдепті келін – ауылдың көркі; Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп; Келін, келін, келін бақ, келмей жатып сөзін бақ;

Отқа барған қатынның отыз ауыз сөзі бар деп мақалдап, орынсыз сөзге əуес болмауын талап етеді.

Қазақ қоғамында келінге қатысты қалыптасқан гендерлік тап- таурын белгілері бейвербалды (тілдік емес) қатынаста да орын алған. Айталық, қайын ағаларын көргенде келіннің сонадайдан тоқтап тұрып, тізесін бүгіп, екі қолын оң тізесіне қойып ишарат білдіруі, қонаққа келген үлкен кісілердің табақ қайтқанда сəлем етуі қайын жұртына ілтипат ретінде қабылданады. Ым-ишара, мимика, сөйлеу қалпы – бейлингвистикалық қатынастың ажы- рамас бөлігі. Бұлар əдетте сөйлеу тіліне қосымша қолданылып, көптеген физиологиялық, психологиялық, ұлттық, əлеуметтік ерекшеліктерді тануға мүмкіндік береді.

  1. Əйел ардақты ана, ұрпақ тəрбиешісі. «Ана» гендерлектісі туған шеше, жалпы шеше жəне ауыспалы мағынада негіз, түп, та- мыр дегенді білдіреді. Осы мағыналарынан анадан туғандай, ана сүтін ақтады, ақ сүтін ақтады, ақ сүтін кешті, ақ сүтін көкке сауды, ана сүті аузынан кетпеген, ана сүтімен сіңген, көп балалы ана, аналы-балалы, ата-ана, «Ардақты ана» , «Батыр ана» ордені, ана тілі, аналық бастау, ана-жер-ана, т.б. сөздер мен тіркестер туындаған.

Ана сөзімен мағыналас шеше, апа гендерлектілері баланың туған анасы (туған шеше, əке—шеше) мəнінде жұмсалумен қабат семантикалық жағынан түрленіп келіп кіндік шеше (жаңа туған жас нəрестенің кіндігін кескен əйел), кіші шеше (əкесінің бəйбішеден кейінгі алған əйелі немесе əкесінің інісінің əйелі), нағашы шеше, өгей шеше, үлкен /ұлы шеше жəне де жасы үлкен əйел адамға айтылатын қаратпа сөз (шеше/шешей, апа/апай) түрлерімен ерекшеленеді. Халық санасында кіндік шеше берік орын алған. Ол баланың екінші шешесі ретінде есептелген. Оның тəрбиелік мəні ерекше.

Əйел-ананың бала тəрбиесіндегі əлеуметтік рөлін бағалау, анаға құрмет көрсету, мəртебесін көтеру – халқымызға ежелден сіңісті қасиет. Тіліміздегі гендерлік мақал-мəтелдердің, фразалық тіркестердің бір тобы Ана болған дана болады; Бала – ананың бау- ыр еті, көз нұры; Ердің анасы – елдің анасы; Ананың тілегі балада, баланың тілегі далада; Ақ жаулығы ананың – ақ көрпесі баланың; Ананың басқан жерінде пейіш бар; Жұмақ аналардың табаны астында деп ақ тілек, ақ ниет ақ пейілді анаға байланыстырады.

Отбасының алтын діңгегі, берік тұғыры əке мен шеше десек те, ұрпақ тəрбиесінде ананың алатын орны ерекше. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі балаға құндақта жатқан күнінен бастап-ақ бесік жырымен дариды. Бесік жыры – əйелдің сөз саптау стиліне тəн гендерлік фольклор жанрының бір түрі. Қазақ əйелдері сəбилеріне арнап түрлі жырлар ойлап тауып отырған. Атап айтсақ, шілдехана жыры, уату өлеңдері, бесікке бөлеу, тұсау кесу, май- лап-сылау тəрізді ырымға байланысты өлеңдер. Жас бала өсе келе, əжелерінен ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш үйреніп, ойы мен тілін дамытқан. Ана тілі – отбасындағы рухани-эстетикалық тəрбиенің кілті. Б. Хасанұлының тұжырымдауынша, «əйел тілі – бірінші ке- зекте, ана тілінің негізі. Əйел – үйдегі монолингвизмді сақтаушы. Əйел тілі – ішкі жанұялық қатынас құралы. Ана тілін меңгеруде əйелдер – негізгі тірек болып табылады. «Ана тілі» ұғымында екі түсінік бар: бірі – тар мағынада алғанда ананың сөз саптау салты, тілдік ерекшелігі, екіншісі – кең мағынада ұлттың тілі. «Ана тілі» ұғымы ғылымда кездесетін «əйел тілі» ұғымымен мəндес. Əйел тілі – тілдік бірліктің вербалдық жіктелуі (тілдік) жəне ым тілі амал-тəсілі (тілдік емес) құбылысының атауы, соның ішінде тек қана əйелдерге қатысты тілдік қолданыстар мен хабарлауға кіретін, сондай-ақ əйел жынысымен əдепті сөйлесуге болатын тіл» [2003, 99 б.]. Ата- дан балаға мұра болып келе жатқан тіл, салт-дəстүр, мəдениет, əлеуметтік, экономикалық, діни факторлардың бəрі əйел тілінің (ана тілі) қызметі арқылы күні бүгінге дейін жалғасын табуда.

Сонымен, «əйел» концептосферасының көп қырлы құрылымын гендерлік тұжырымдау үшін бірнеше фреймдік тармақтар арқылы (сұлулық, əдептілік, сыйластық, мейірімділік, т.б.) когнитивтік үлгісін жасағандаймыз.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close