Қоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Иасауи» тұрғын үй кешеніне барып, берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді.

Қазіргі таңда мұнда спорт және балалар алаңшасы жасақталып аяқталды. Аулаға асфальт жабындысы төселіп, көгалдандыру жалғасуда. Үйлердің қасбеттерін реттеу ісі соңына таяды.
Көпқабатты үйлер Тоған көшесінің тұйығына орналасқандықтан көлік қатынасын реттеу мәселесі де шаһар басшысының назарынан тыс қалмады. Көпқабатты үй жанынан Ұлыс көшесіне жалғасатын жол ашылып, асфальт төселді.
Сондай-ақ, аралау барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы жауапты мамандардың Тоған көшесінде жол ыңғайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын тыңдап, қауіпті бұрылыс аймағын аралады. Жобаның тиімділігін негіздеп, қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close