Қоғам

ШӘМШІ АУЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Отырардағы Шәмші Қалдаяқов ауылында оқушылар арасында «Арыс жағасында» атты ән байқауы өтті.

Ауылдық мәдениет үйінде өткен байқауға аудандағы білім ошақтарынан 25 оқушы қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады. Алдымен барлығы Шәмші Қалдаяқовтың әндерін жанды дауыста шырқап, екінші кезеңінде өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасының құрамында Отырар аудандық мәдениет сарайының директоры Мейірбек Қауынбаев, Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің директоры Алмас Жұмашев, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Тұрсынай Шаметова, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі Нараз Смағұл, Шәмші Қалдаяқов ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Маханбет Тұрсын болды.

Ән байқауының қорытындысы бойынша бас жүлде иегері Абай атындағы ЖББМ оқушысы Мұхитдин Қасиет, І орын иегері Т.Ибрагимов атындағы ЖББМ оқушысы Жайыл Ботакөз, ІІ орын иегері Абай атындағы ЖББМ оқушысы Оразбай Абай, ІІІ орын иегерлері М.Шаханов атындағы ЖББМ оқушысы Досбол Ханшайым, С.Ерубаев атындағы ЖББМ оқушысы Данабек Бекболат, М.Әуезов атындағы ЖББМ оқушысы Рахман Сейдахмет атанды.

«Көрермен көзайымы» номинациясымен С.Сейфулин атындағы ЖББМ оқушысы Қаныбек Ескендір, «Ерекше дауыс иесі» номинациясымен Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ оқушысы Серікбай Нұрмұхаммед, «Ерекше әртістік дарыны үшін» номинациясымен Жамбыл атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Дәулетбек Інжу марапатталды. Қатысқан барлық оқушыларға ән арнайы алғыс хат табысталды. Жүлделі орындар мен арнайы жүлде алған оқушыларды ынталандыру мақсатында қаржылай сыйлық берілді.

Жалпы іс-шара барысында ұлы композитордың атындағы музей-үйі таныстырылды. Әнші Нараз Смағұл кеш соңында әуелете ән салып, шеберлік сағатын көрсетті.

Айта кетейік, сайысты демеушілер көмегімен аудандық білім бөлімі мен Түркістан облысы мәдениет басқармасы «Руханият-Әбу Нәсір Әл Фараби музейі» МКҚК-ның филиалы «Шәмші Қалдаяқов музей үйі» бірлесе ұйымдастырған. Байқау мақсаты оқушылардың бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыруға, олардың дамуына қолдау көрсетуге, Шәмші Қалдаяқовтың әндерін дәріптеп, халық арасында кең ауқымда өрбуіне атсалысуға, оқушылар арасындағы шығармашылық байланыс пен қарым қатынасты арттыруға, ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттауға бағытталған.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close