Саясат

Үш буынды модель жүйесін жүзеге асыру бойынша мәжіліс өткізілді

Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Е.Мараттың төрағалымен, Абай ауданы прокуратурасы мен аудандық полиция қызметкерлерімен бірге Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауымен 2020 жылдың 31-і желтоқсанында қылмыстық қудалаудың қадағалау қызметін жаңғырту негізінде қылмыстық процестің үш буынды моделінің жүзеге асыруы бойынша мәжіліс өткізілді.

Осы мәжілісте «үш буынды» модельдің басты сипаттамалық ерекшелігі адамдардың мүдделеріне қызмет ететін, азаматтардың құқықтарын құрметтейтін және олардың бұзылуын болдырмайтын, жаңа стандарттарды әзірлеу мақсатында ағымдағы жылдан бастап қылмыстық процеске, сондай–ақ, прокурор және соттың өкілеттіктерін нақтылау және жетілдіру мақсатында өзгерістер енгізілгені көрсетілді.

Осы өзгерістің нәтижесінде прокурор қылмыстық процестік орбитаға адамдардың заңсыз тартуына және олардың құқықтары мен тәуелсіздігінің бұзылуына жол бермейді.
Азаматтардың құқықтарына әсер ететін негізгі шешімдерді прокурор келіспей не бекітпей олардың заңды күші болмайтыны анық, бұл шешімдер: күдікті ретінде тану, іс-әрекетін саралау, қайта саралау, мерзімдерін үзу және қылмыстық істі тоқтату, бұйрықтық іс жүргізу, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіту туралы шешімдер. Атап айтқанда:
— күдікті ретінде тану – 313 (келісілгені) 3 (бас тартылғаны);
— іс-әрекетін саралау – 299 (келісілгені) 8 (бас тартылғаны);
— қайта саралау – 13 (келісілгені) 11 (бас тартылғаны);
— мерзімдерін үзу – 1122 (келісілгені) 163 (бас тартылғаны);
— қылмыстық істі тоқтату – 734 (келісілгені) 43 (бас тартылғаны);
— бұйрықтық іс жүргізу – 0;
— қылмыстық теріс қылық туралы хаттама – 66 (келісілгені);
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек ауданымызда үш буынды модель енгізілгеннен бастап азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына, қылмыстық істердің қаламыздың соттарымен қосымша тергеуге, ақтау үкімдері шығарылуына жол берілмеді.

Осы қолданыстағы үш буынды модельдің енуі сот төрелігінің негізін бұзбай, қылмыстық процесті жеделдетуге, кешіктіріліп жүргізілетін прокурорлық қадағалауды жоюға әсері зор.
Бұдан бөлек осы өзгерістер қылмыстық қудалау органына кінәлі адамға қатысты және іс бойынша шешім қабылдау сияқты уақытты талап ететін фактілерге уақыттарын жоғалтпай, оның орнына істі тергеу, дәлелдерді, айғақтарды жинақтауға толық назарларының аударылуына, яғни олардың іс-әрекеттерінің тиімділігі мен жеделдігіне алып келді.
Өз кезегінде прокурорлар да істі сотқа жолдаған сәттен емес, істің тіркелгенінен бастап, адамның құқықтарының бұзылуына жол бермеуіне тосқауыл қойылатыны айтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close