Қоғам

СОЗАҚ МУЗЕЙІНДЕ БҮРКІТ АРЫНБЕКОВКЕ АРНАЛҒАН БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Бүгін Сұлтанбек Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінде ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ауданның құрметті азаматы Бүркіт Арынбековке арналған бұрыш ашылды.

Іс-шараның ашылуына қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ардагер дәрігерге алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.  Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аталған музей мен аудандық аурухана басшысы, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері де қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

«Мың алғыс сізге, дәрігер!» атты іс-шарада медицина  саласының жас мамандары үшін тағылымы мол әңгімелер айтылды. «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем ән мен күмбірлеген күй орындап, көптің көңілін көтерді.

Айта кетейік, ол 1947 жылы Құмкент ауылында дүниеге келген. Мектептен соң, 1967 жылы Ленгір медучилищесін, 1976 жылы Алматы мемлекеттік  медицина институтын бітірген. Алдымен өз ауылындағы ауруханада фельдшер болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Түрлі тәжірибеден өткен еңбек арлагері Созақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болған. Білікті хирург-маман ретінде аудан медицина тарихында алғаш рет  өт, бауыр, асқазан, өкпе ағзаларына ота жасап, қолданысқа енгізген. Одан соң аудандық және облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған.

«Ерен еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР мәслихаттарына 25 жыл», «Еңбек ардагері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, облыс, аудан әкімдерінің, облыстық, аудандық  мәслихаттардың алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.  Медицина саласынан мол мағлұмат беретін «Қош бол, қандауыр!» атты кітабы жарық көрген.  Есімі ҚР Еңбек үздіктерінің «Алтын» кітабына, «Созақ энциклопедиясына» енген.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close