#Жастар

ЕЛГЕ ДЕГЕН МАХАББАТЫН КӨРКЕМСУРЕТПЕН ЖЕТКІЗДІ

Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында 2021 жыл — Қазақстандағы балалардың кітап оқуын қолдау жылы аясында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты көркемсурет байқауы өтті.

Байқауға Шымкент қалалық көркем сурет және «Мыңбала» бастауыш мектебінің оқушылары қатысып, Тәуелсіз елімізді, Қазақстанның кең байтақ жерін, ондағы көптеген ұлттың татулықта, бірлікте өмір сүріп жатқандығын бір ғана суретпен жеткізе білді.

Байқау нәтижесінде кітапханамыздың директор орынбасары Г.Батырбайқызы І орын иегері Берік Еркеайым, ll орын иегері Ақарыс Нұрсерік, lll орын иегері Серікжан Жансұлтанға және басқа да қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыстап, алғысын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close