Қоғам

ТЕМЕКІ ҰРЛАҒАН ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЛДЫ

Жәбірленушінің айтуынша, ол көліктің есігін кілтпен құлыптамай бірнеше минутқа ғана қалдырған. Қайтып келгенде сатып алынған заттың жоғалғанын байқаған.

Осылайша, базарға өз дүкеніне тауарды көтерме бағамен сатып алу үшін келген  кәсіпкерге шығын келтірілген.

Шақырту бойынша оқиға орнына жедел топ жолданды. Полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жолын бейнебақылау камераларының көмегімен бақылап,  ер  адам бір сағатта қолға түсті.

Тергеу барысында оның Еңбекші ауданының аумағында дәл осылай көліктен темекі блоктарын ұрлағаны белгілі болды. Сонымен қатар, ұсталған азамат бұрын соңды ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тәртіп сақшылары автокөлікке заңсыз кiрумен жасалған ұрлықтың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Көлік құралының салонында бағалы заттарды мейлінше қалдырмауға тырысыңыз; көлік есіктерінің жақсы жабылғанын үнемі тексеріп, сенімді дабыл жүйесін орнатыңыз.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close