ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ-4
Жараның хирургиялық инфекциясының алдын алу. Анти- септика және асеп¬тика. Жараның іріңдеп асқынулары. Кездей- соқ жараларға әрқашан микробтар кіріп кетеді. Олар жараны қоршаған теріден, киімнен, жол-көлік оқиғасы кезінде, техногендік апат кезінде жол шаңымен, теріге өтетін бөтен затпен түседі.
Әрбір кездейсоқ жарада микробтардың заңды болуы «жараның микробтық ластануы» терминімен белгіленеді. Микробтық ластану құрамында сапрофиттер де (тірі және өсімдік тектес өлі қалдықтармен қоректенетін микроағзалар), ауру тудырушы әрекеттегі микробтар да (сіріспе, ішек таяқшалары, кокк тобының микробтары және т.б.) бар.
Зақымданған тіндердің қорғаныс қасиеттерін сақтаған және қа- жетті емдік құралдарды (жараны зарарлы таңғышпен ерте жабу, жараға түсіп кеткен бөтен заттарды жою, қажетті дәрілік заттарды пайдалану және т.б.) уақтылы және дұрыс қолданған кезде инфекци- ялық асқынуларсыз жара процесі қолайлы өтуімүмкін.
Жаралардың хирургиялық инфекциясының алдын алуда анти- септика және асептика негізгі рөлді ойнайды.
Антисептика жара немесе адам ағзасында орналасқан микроб- тармен күресуге арналған шаралар кешені болып табылады.
Антисептиканың кез келген тәсілін қолдану жарадағы немесе на- уқас адамның ішкі мүшелеріндегі микробтардың толық жойылуы- на алып келе алмайтындығын есте сақтаған жөн. Антисептикалық құралдар жарадағы микроағзалар мөлшерін азайту, олардың дамуын баяулату немесе зақымдалған тіндерден жою мақсаттарында пайда- ланылады. Мұнымен инфекци¬ялық процесті ескертуге, оның тара- луын азайтуға және жараның тегіс жазылуын қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Анти¬септиканың бірнеше түрін ажыратады.
Механикалық антисептика алғашқы медициналық көмек көрсет- кен кезде таңғыш салудың алдында жара бетінен жердің кесектерін және киім қиындыларын жоюдан құралады. Бұл тәсілмен жара беті- нен микробтардың айтарлықтай мөлшерін жояды.
Әрі қарай жараны хирургиялық емдеген кезде бөтен заттарды, қан ұйындыларын және микроағзалар үшін қорек субстраты болып табылуы мүмкін барлық басқа тіршілікке қабілетсіз тіндерді алып та- стайды. Мұндай операция жараны хирургиялық өңдеу деп аталады.
Физикалық антисептиканың мақсаты жарада микробтар дамуына қолайсыз, олардыңуыттарын және шірік тіндердің ыдырауөнімдерін сіңірудің азаюына әрекеттесетін жағдай тудыру болып табылады.
Бұл мақсатқа гигроскопиялық дәкеден және мақтадан жасалған таңғыштарды, дәке тампондарды, резіңке және пластмасс түтіктер- ден жасалған дренаждарды қолданумен қол жеткізіледі. Осындай тәсілдермен жара ішіндегісінің таңғышқа немесе дренаждар арқылы сыртқа кетуіне және жараның тазалануына қол жеткізіледі.
Физикалық антисептика құралдары ретінде сондай-ақ ультра күл- гін сәулелену, лазер, ультра дыбыс пайдаланылады.
Химиялық антисептика микробтарға химиялық заттардың (анти- септиктердің) әсер етуден құралады. Нәтижесінде бактериялар не өледі (антисептиктердің бактерицидті әсері), не болмаса олардың да- муы және көбеюі баяулайды (бактериостатикалықәсері).
Антисептиктер негізінен жақпалар, жараларды суландыру және жуып-шаю түрінде қолданылады. Антисептиктер теріге инъекция түрінде сирек егіледі.
Антисептиктерді ішке қабылдауға беруге, сондай-ақ тыныс алу жолдары енгізуге (ингаляциялар) болады.
Биологиялық антисептика препараттардың екі тобын пайдалану- дан құралады:
микробтық жасушаға немесе оның токсиндеріне тікелей бактери- цидті әсер ететін (антибиотиктер, бактериофагтар, фитонцидтер);
макроағза иммунитетін көтеру және сонымен оның қорғаныс қа- сиеттерін күшейтумақсаттарында орташаәсерететін. Оларғаиммун- дық антибактериалдық және антитоксинді сарысулар, вакциналар, анатоксиндер, иммуноглобулиндер, қан плазмасы және т.б. жатады.
Антисептиктер қолданудың барлық түрлерінде макроағза және оныңтіндеріүшін қауіпсіз болуыжәне қатаңтүрде мөлшерленуі тиіс. Жаралардың инфекциялық асқынуларының алдын алу өзіне тек жараның ішіндегі микробтармен күресуді ғана емес, сонымен қатар олардың хирургиялық опе¬рациялар, инъекциялар кезінде, сондай-ақ ашық жараларкезіндедәрігергедейінгікөмеккөрсетукезінде тіндер- ге түсуін ескертуді қамтиды. Осы мақсатта әртүрлі физикалық және химиялық әдістер пайдаланылады, сондай-ақ ұйымдастырушылық және гигиеналық іс-шаралар жүргізіледі. Жараға микробтар түсудің ескертуге бағытталған шаралардың бүкіл жүйесі асептика деп аталады.
Асептика – алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап жа- раларды емдеуде медициналық тәжірибе сүйенетін негіздердің бірі.
Асиптикаға немқұрайлық, салақ қарау әрекеттеріне жол бергісіз, себебі ауыр асқынуларға сөзсіз алып келеді.
Асептиканың мақсатына микробтардың жараға түсудің негізінен байланысты жолын үзумен қол жеткізіледі. Байланысты инфекция- ның адын алу асептиканың негізгі заңына негізделеді: жарамен жа- насуға түсетіннің барлығы микробтардан бос, яғни зарарлы болуы тиіс.
Сәйкесінше, байланысты инфекциямен күресудің мәні жараны бетпен байланысқа түсуі мүмкін заттарды зарарсыздандыру болып табылады.
Қазіргі таңда зарарсыздандырудың кеңінен таралған тәсілі радиаци- ялық (сәулелік) зарарсыздандыру болып табылады, оның негізінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар дайындалады: инелерімен поли¬мер шприцтер, қанды және қан алмастырғыш ерітінділерді құюға арналған жүйелер, зондтар, дренажды түтіктер, катетерлер, сондай-ақ таңу материалдары. Осы бұйымдарды зарарсыздандыру үшін иондайтын сәулеленудің радиациялық (сәулелік) зарарсыздан- дыру деп аталатын түрінде бактерицидті әсерін пайдаланады.
Зарарсыздандыру әсеріне бета- және гамма-сәулелер ие, олардың дереккөздері ретінде радиоактивті нуклидтер қызмет етеді. Сәулелік зарарсыздандыруға дайындалған бұйымдар, негізінен пластмастан жасалған, басында полиэтилен қабыққа герметикалық қаптайды, со- дан кейін иондаушы сәулелену көзімен камераларда зарарсызданды- рады.
Радиациялық зарарсыздандырудың көптеген басымдылықтары бар. Ол жоғары температураны көтермейтін материалдардан жа- салған бұйымдардың зарарлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бе- реді, ауа және ылғал өтпейтін қаптамаларда жүзеге асырылады, ол зарарлы заттарды ұзақ уақыт, қаптамада бүтін болған кезде дерлік, сақтауға кепілдеме береді.
Стационарлы және амбулаторлықмедициналық мекемелерде тер- миялық зарарсыздандыру – микробтарға жоғары температураның әсер етуі (қысым астында зарарсыздандыру, автоклавтау, құрғақ бу- мен зарарсыздандыру), ал жеке жағдайларда химиялық заттармен (салқын зарарсыздандыру) жүргізіледі.
Жаралардың көптеген асқынулары зақымдалған тіндерге жара- ның микробтық ластануын құрайтын микроағзалардың түсуімен шарттанған. Оларға жараданған кейін біраз уақыттан соң жараға түскен микробтар жатады. Бұл жара ұзақ уақыт ашық қалса, зарарлы емес таңғышпен жабылса, жаралар тікелей қолдармен жанасса, сон- дай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде асептиканың басқа бұзылулары кезінде.
Екінші рет микробтық ластану қауіптілігі оның құрамында көбі- несе хирургиялық инфекцияның ауыр түрлерін тудыруы мүмкін па- тогенді микроағзалар – стафилококктар, ішек таяқшалары болуынан құралады.
Инфекциялық асқынуларға негізінен некроздың ауқымды жерлері және жиі бөгде заттары бар үлкен терең жаралар шалдыққыш.
Жаралардың іріңді инфекциясы. Инфекциялық асқынулардың барлық түрлерінен іріңді инфекция ең көп кездеседі. Жарадағы ірің- деу процесі әртүрлі микробтармен тудырылуы мүмкін, бірақ көпте- ген жағдайларда іріңді жарада стафилококктар мен стрептококктар, едәуір сирек ішек және көкіріңді таяқшалар байқалады.
Жарадағы микробтардың рөлі токсинденр бөлуден құралады, олардың әсерінен шірік тіндердің ыдырауы және балқуы жүзеге асады. Өлі тіндердің балқыған жерлері, микробтық денелер, өлі қан жасушалары (лейкоциттер) лимфамен және тіндік сұйықтықпен ара- ласып, жара арқылы сыртқа бөлінетін ірің түзеді. Ірің бөлінуі бөгел- ген кезде микробтардың жара шегінен тыс таралуы және некроздың жаңа жерлерінің түзілуі жүзеге асады. Бір мезетте қанға микробтық токсиндердің және ірің тектес ыдырау тіндері өнімдерінің сіңуі жүзеге асады, ол ағзаның улануының клиникалық белгілерімен айқын- далады.
Жарадағы инфекциялық процестің даму себебі тек микробтар ғана емес, тіндердің табиғи қорғаныс антимикробтық қасиеттері жоғалты- латын күйі де болып табылады. Бұл ретте микробтар құрамы өзге- реді, олардың көбеюі жылдамдайды және жара шегінен тыс таралуы күшейеді. Сәйкесінше, жара инфекциясы – микроағзалардың макро- азғалармен әрекеттесу процесі. Мұнымен жараның хирур¬гиялық инфекциясы микробтардың қатысуымен пайда болатын және емде- удің хирургиялық әдісін талап ететін патологиялық процесс ретінде сипатталады.
Жараның іріңді инфекциясының дамуына ең алдымен келесі фак- торлар әсер етеді:
жарадағы некроздың үлкен шамасы; жараның ауқымды микроб- тық ластануы; микробтардың айқын патогенділігі (уыттылық); жара аймағында тіндердің қорғаныс қасиеттерінің төмендеуі (алдымен қан айналымының бұзылуы);
алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмектің ақаулары (жараны зарарлы таңғышпен кеш жабу немесе зарарсыз таңу матери- алдарын пайдалану, қажетті қимылсыздандырудың жоқтығы).
Іріңді инфекция белгілері көптеген жағдайларда жараданудан кей- ін 5-7 тәул кейін айқындалады, бірақ қолайлы жағдайлар болған кезде микробтар 6-7 сағаттан кейін-ақ тіндерге уытты әсе етіп, өзінің тіршілік қабілеттілігін таныта бастайды, ол қабынуда көрінеді.
Жарадағы іріңді инфекция жалпы және жергілікті симптомдармен бірге жүреді. Жалпы симптомдар дененің жоғары тем¬пературасы, тамыр соғысының жиілеуі және кейде қалтырау болып табылады. Жалпы симптомдар ауырлығы жара өлшемдеріне, ііңді процестің та- ралуңына, микробтар уыттылығына және тіндердің ірің тектес ыды- рау өнімдерінің сіңу жағдайларына байланысты. Іріңдеудің ауқымды аймағында және ыдырау өнімдерінің ыдырау өнімдері тез сіңгенде температураның жоғарылауы өте жоғары болуы, ал қалтырау өте айқын болуы мүмкін. Кең және терең емес жарадан жара бөліндісі жақсы аққан кезде, температураның жоғарылауы, тахикардия сияқты жалпы симптомдар әлсіз көрінуі мүмкін.
Жергілікті симптомдарға жарадағы аурудың пайда болуы немесе күшеюі жатады. Жараны қараған кезде оның шеттерінің қызаруы, оны айнала айқын ісіну айқындалады, кейде лимфа жолдарының (лимфан- гоит) жүрісі бойымен қызыл жолақтар пайда болады, бұл ретте өңірлі лимфа тораптары (лимфаденит)ұлғаяды және ауыратын болады.
Жаралардың іріңді асқынуларын емдеу стационарлы емдеу меке- месінде жүргізіледі және әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануды талап етеді. Олардың ішінде ең маңыздылары келесілер болып табы- лады:
жара қусынан іріңнің еркін ағуы үшін жағдай жасау; тін некрозы- ның жаңа (екіншілік) жерлері жолмен хирургиялықжою;
жарадан бөлінген микробтар сезімтал антибиотиктерді қолдану; жоғары калориялы тамақтану;
алмастыру және ынталандыру мақсатында қан құю; толық құнды күту.