#Жастар

ЖАСТАР ЖЕТІСТІГІ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ

Жастар – ұлт үмітін арқа­лаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде елі­міз­дің дамуы үшін жа­уапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялан­уы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған.

Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымды­қтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 090 200 адамға жетті. Олардың ішінде жастардың үлесі жалпы халық санының 22,2%-ын құрайды. Яғни үшінші мегаполисте 239 443 жас бар. Шымкентте 9 жоғары және 38 арнаулы оқу орны болса, онда жалпы 113 881 студент білім алады. Оның ішінде күндізгі бөлімде 94 370, сыртқы бөлімде 13 795, кешкі бөлімде 5 516 студент білім алуда. 2020-2021 оқу жылында жоғары оқу орындарын 31 551 студент тәмамдады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close