ТҰРҒЫН ЖАЙЛАРДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ-2
Селолық елді мекендердің тұрғын және қоғамдық ғимараттарындағы ішкі өрттерді осындай әдіс-тәсілдермен сөндіреді, қалалардағы тұрғын және қоғамдық ғимараттарында тәрізді.
Тұрғын үйлердегі өрттер көлемі бойынша әлдеқайда кішірек болады және өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен немесе бір өрт автокөлігінен сулы оқпандармен, мотопомпа немесе өрт сөнндіруге арналған шаруашылық автокөліктермен жиі тоқтатылады. Бұндай өрттерде бірінші кезекте электр жүйесін ағытады, бөлмелер ішінде барлауды ұйымдастырады және негізгі кірулер мен терезе ойықтары арқылы адамдарды көшіреді. Су ағыстарын көшіру жолдарын қорғау үшін және қарқынды жану ошақтарына беріледі. Бұл жағдайда қыздыру құралдарының, ашық электр сымдарын, сол сияқты кернеу астындағы түрлі электр тұтынушылардың бар болуын ескеру қажет. Мұнымен қоса селолық елді мекендердегі өрттердің көбісі өрт бөлімшелерінің алыс орналасуынан және елді мекенде өрт сөндіру құралдарының жетіспеуінен ірі өрттерге дейін өршиді.
Егер өрт үлкен аумақты қамтыса және ашық форманы қабылдаса, ӨСБ жанып жатқан бөлмелер мен ғимараттарда тәрізді оттың негізгі таралу жолдарында бірнеше барлау топтарымен барлауды ұйымдастыруы тиіс, әсіресе жел жағынан ұшатын ұшқындар тереңдігіне. Барлау орнатуы тиіс: жанып жатқан және көршілес ғимараттардағы адамдарға қауіптің бар болуын, сол сияқты оларды көшіру қажеттілігін; жануарларға қауіптің бар болуын, оларды көшіру әдістерін; жану орнын, өлшемдерін және ерекшеліктерін; конструкциялардың бұзылу мүмкіндігін және ұшқындардың нәтижесінде пайда болған жаңа жану ошақтарын; су көздерінің бар болуын, сөндіруге суды үзідіксіз беру әдістерін және ұйымдастырылуын және т.б. Оттың ең қарқынды таралу бағытында, әсіресе жел жағынан, ӨСБ ұшқындардың ұшу аймағын анықтау үшін тәжірибелі маман басқаратын топты барлауға бағыттауы тиіс, ал қажеттілік кезінде халықтың көмегімен бұл аймақтардан адамдардың, жануарлар мен мүліктердің көшірілуін ұйымдастыруы, сол сияқты алғашқы өрт сөндіру құралдарымен посттар мен күзеттерді қоюы тиіс.
Дамыған өрттер кезінде ӨСБ барлық күштер мен құралдарды адамдардың қауіпсіздігін, жануарлардың көшірілуін, сол сияқты елді мекен бойынша оттың таралуын шектеуді қамтамасыз ету үшін бағыттайды.
Егер енгізілген күштер мен құралдар жетіспесе және өрт дамуының нақты қаупі бар болса, онда оттың алдағыда таралуын тоқтату үшін жанғыш материалдары бар ғимараттарды, аулалы құрылыстарды, қоршауларды бұзады, сол сияқты өрескел азықтар қорын жояды. Бұл операциялар от майданының келу сәтіне дейін орындалуы тиіс, сондықтан да бұл мақсаттар үшін тек халықты ғана жұмылдырмайды, сонымен қатар елді мекендегі түрлі механикалық құралдарды (бульдозерлер, тракторлар, экскаваторлар, тросы бар автокөліктерді және т.б.). Бұзуға жарамды ғимараттардан бірінші кезекте мүліңтерді көшіреді.
Егер жел жағынан орналасқан ғимараттар мен имараттарды сөндіру үшін қойылған күзеттер және посттарды күштері мен құралдары жетіспесе, онда ӨСБ өрт автоцистерналарындағы немесе сөндіруге тағайындалған автоцистерналарда қозғалмалы топтарды бөлуге міндетті.
Селолық елді мекендердің тұрғын аймақтарындағы өрттерді сөндіру үшін РС-50 оқпандарын, шашыранды және жинақты су ағыстарын пайдаланады. Ашық өрттер кезінде өте қуатты РС-70, лафетті және т.б. оқпандарды қолданады. Оқпандар санын суды беру қарқындылығына байланысты анықтайды. Жылулық әсер аймағында ғимараттар мен имараттарды қорғау үшін орта және төмен кратностті ауа-механикалық көбікті тиімді пайдалануға болады.
Елді мекендерде өрттерді сөндірудің ең негізгі шарттарының бірі сөндіруге қажетті су мөлшерін үздіксіз беру болып табылады. Егер су көздері өрт орнына жақын орналасса, онда оларда орнатылған өрт автокөліктері немесе мотопомпаларды толық тактикалық мүмкіндіктерде қолданады. Бұл жағдайларда өрт машиналарының су шығыны су өткізгіш жүйелерден берілетін суға, қойма дебитіне, су қысымды мұнаралардағы алу қондырғыларының өткізу қабілеттілігіне байланысты шектелуі мүмкін.
Егер су көздері өрт орнынан біршама қашықтықта орналасса, онда сөндіру үшін су әкелуді ұйымдастырады. Өрт орнына су әкелуге қабілетті барлық техникалық құралдар (автосұйық шашқыштар, тіркемелі цистерналары бар тракторлар) шақыртылады. Су көздеріне батпақты өтпелер, биік жағалаулар кезінде суды Г-600 гидроэлеваторларымен алады. Егер өрт орнына өрт машиналарының жеткілікті саны келсе және қажетті өрт жеңдерінің саны жеткізілсе, ӨСБ өрт орнына суды қотару әдісімен беруді ұйымдастырады.
От сөндіргіш заттар жетіспеген кезде ӨСБ шешімі бойынша тракторлар немесе бульдозерлер көмегімен жанып жатқан ғимаратты бұзады. Бұл ғимаратты құрылыс конструкциялары мен материалдарын бұза отырып қайта сөндіреді, ал су ағыстарын тек қарқынды жану ошақтарына береді. Бұл жағдайда жану кемірек қарқынды болады, көршілес ғимараттар мен имараттарға қауіптілік төмендейді.
Өрттерді сөндіру кезінде, әсіресе ашық өрттерді, жұмыстардың түрлері бойынша учаскелерді құрады. Учаскенің бастығы ретінде қосымша шақыру бойынша келген өрт бөлімшелерінің немесе ДПД басшыларын тағайындайды. Өрттегі жұмыс кезінде өртке қарсы қызметінің көп мөлшердегі бөлімшелері мен құрылымдарын ӨСБ өрт сөндірудің жедел штабын құра алады және жұмыстарға ауылшаруашылық өнеркәсіптерінің немесе селолық әкімшілік жетекшілерін жұмылдыра алады. Жылжымалы өрт техникасы санының жетiспеушiлiгi, сумен жабдықтау мен байланыстың қанағаттанарлықсыздығы,өрт бөлiмдерiнiң елдi мекендерден қашықтығы ауылдық елдi мекендердегi өрттердi сөндiрудi қиындатады.